БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


23.02.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық Ақпарат агенттігі

Алматыда Марат Барманқұлов оқулары аясында халықаралық дөңгелек үстел өтпек

АЛМАТЫ. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылдың 25 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде белгілі ғалым, педагог, жазушы, журналист, Қазақстандағы телевизия және радиожурналистика негізін салушы Марат Барманқұлов оқулары аясында халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Дәстүрлі «Барманқұлов оқулары» аясында «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаҺандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстелді телевизиялық және радиожурналистика кафедрасы мен М.Барманқұлов атындағы ҚазҰУ телерадио кешені бірлесіп өткізбек.

Дөңгелек үстел барысында "Ақпараттық қоғам жағдайында электронды БАҚ-тың дамуы", "Ақпараттық қоғамдағы жаңа БАҚ-тың дамуы", "Қазақстандағы телекоммуникациялық индсутрияның дамуы: мобильдік телефония, Интернет-пайдалану, коммуникациялық желілер және қызметтер" сынды тақырыптарда баяндамалар оқылып, талқыланбақ.

Аталмыш басқосуға бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық электронды БАҚ өкілдері, бұқаралық коммуникация саласының танымал зерттеушілері қатысады. Дөңгелек үстел жұмысы барысында Оклахома университетінің ғалымдарымен (АҚШ) онлайн-сұхбат өтеді деп күтілуде.


23.02.2011 «Экономика» республикалык апталык газет

17-23 акпан 2011 жыл


Кемелді ғалымның биік мәртебесі

Жасампаз жастықтың кемелді арман кезеңі мамандықты игеру сәтіндегі білім мен махаббаттың бақшасында тербелген, нағыз азаматтықтың қалыптасатын шағы – студенттік өмір болып табылады.

Менің студенттік бал шағым, қазіргі ғылыми өмірімнің бастауы Республикамыздың көпсалалы университеттерінің рейтенгісі бойынша бірінші орынға ие, Қазақстанның классикалық университетінің ерекше мәртебесі болып табылатын, Жоғары кәсіби білімнің инновациялық дамуының ұлттық лидері, ҚР Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» арнайы сыйлығынының иегері, әлемнің 418 танымал университеттерімен тиімді халықаралық байланыс орнатқан, 2003 жылы Қазақстан және Орталық Азия елдерінің тұңғыш Болония қаласындағы университеттердің ұлы хартиясына қол қойған – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқандығын мақтан тұтамын. Себебі, білім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің, тәрбие мен инновацияның іргелі ордасы, міне 75-жыл еңбек сүйгіш, мақсаткер және озық ойлы, ұстанымы жігерлі, еліне таңдаулы азаматтар тәрбиелеумен ерекше. Жалпы университеттің профессорлы-оқытушылық құрамы 2000 адамнан астам. Оның ішінде 300 ғылым докторы және профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттер, халықаралық ғылым академиясының 6 академигі, ұлттық ғылым академиясының 27 ғылым академигі, 21 еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, ғаламат ғылыми ашылымдар авторлары, теңдессіз жаңа технологиялардың өндірушілер – 30-дан астам мемлекеттік және атаулы сыйақысының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының иегерлері, мемлекеттік ғылыми степендияның 15 иегері қызмет етеді. Бұл университетте студенттің мүддесі басты орында, сондықтан студентке берілетін білім де, ғылым және мәдениетте көрсетілетін кешенді қолдау да сапалы стратегиялық басымдық болып табылады.

Өмірімнің, студенттігімнің бақытты бал шағындағы жетістіктерім мәртебелі университетіммен тікелей байланысты екендігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Туған университетімнің менің өмірімдегі орны туралы сыр шертерде жүз мыңнан аса білгір де білімпаз ел патриоттарын тәрбиелеп келе жатқан қасиетті орданың рухани бастау көзі, қайраткерліктің қозғаушы қуаты – оның ұстаздарының ықыласты еңбегі туралы айтып өтпеу мүмкін емес. Университет қабырғасында білім алып, өзімді азаматтық мәдениет, саяси белсенділігі жоғары озық ойлы студенттер қатарына біріктірген, кейін студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметінде болуыма Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов, Ғарифолла Есім, Жақан Жамболұлы Молдабеков, Тұрсын Хафизұлы Ғабитов секілді ғалымдардың үлесі ұшаң-теңіз.


22.02.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық Ақпарат агенттігі

Алматыда Хайыржан Бекхожиннің 100 жылдық мерейтойына арналған жаңа кітап оқырман назарына ұсыныламақ

АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 2011 жылдың 24 ақпанында ҚазҰУ-да Қазақстан ұлттық журналистикасы ғылымы мен білімінің көрнекті қайраткері Хайыржан Бекхожиннің 100 жылдық мерейтойына арналған кітаптың тұсаукесері өтеді.

Аталған шараны Қазақстан журналистер академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті, Бұқаралық коммуникацияның тарихы мен теориясы кафедрасы ұйымдастырып отыр.

Х.Бекхожин туралы кітап Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің басшылығымен бекітілген «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шығып отырған екінші басылым болып табылады.


22.02.2011 «Страна и мир»

21 февраля 2011 года

Дайте им точку опоры

В КазНУ им. Аль-Фараби состоялась республиканская научно-практическая конференция «Духовно-нравственное и патриотическое воспитание молодежи в современных условиях. Опыт, содержание, перспективы». Организаторы – Министерство обоазования и науки РК, КазНУ им. Аль-Фараби, акимат Алматы и алматинский совет ветеранов.

Ректор КазНУ им. Аль-фараби академик Г.М.Мутанов свое выступление посвятил новой миссии казахстанских университетов, которые должны стать проводниками социальной модернизации страны в свете задач, поставленных Главой государства. Отметив, что сегодня в серьезном внимании нуждается феномен корпоративной культуры, по этой причине и по ряду других еще более важным становится педагогического наставничество, ректор проинформировал:

-По результатам обследования ценностям современной молодежи являются образование, интересная работа, возможность самореализации и свободы творчества, что не может не радовать, ведь от позиций молодежи будет зависеть темп развития страны. Сложилась парадоксальная ситуация – у нас огромное количество печатных СМИ, но нет ни одной республиканской молодежной газеты. Также и на ТВ – ни одного целевого молодежного телеканала.


22.02.2011 «Нұр Астана»

17 ақпан 2011 жыл

Олимпиададан атың озса, оқуға түсесің

Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның барлық мектептерінде түрлі пәндер бойынша «Әл-Фараби олимпиадасы» атты білім сайысын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар ҚазҰУ-дің білім грантына конкурсыз-ақ ие болды.

Соңғы жылдары «Әл-Фараби олимпиадасына» еліміздің түкпір-түкпірінен 30 мыңнан аса талапкер оқушы қатысып, оның 8700-ден астамы жүлдеге қол жеткізген екен. Биылғы жылы ұйымдастыру комитеті 14 мыңнан астам талапкердің өтінішін қабылдап үлгерген. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда екң есеге артық. Демек, ұйымдастырылып отырған олимпиаданың діттеген мақсатына жетіп отырғанын байқатады. Бүгінде олимпиадаға қатысу үшін тіркелу жер-жерлерде жүріп жатыр.Олимпиада еліміздің өңірлерінде 26 ақпаннан басталмақ.


22.02.2011 «Вечерний Алматы»

Книжная полка

На историческом факультете КазНУ имени аль-Фараби состоялось презентация книги Медеу Сарсеке «Бекмаханов». Издание посвящено известному казахскому историку Ермухану Бекмаханову, написавшему свыше ста научных трудов. Книга выпущена московским издательством.


22.02.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық Ақпарат агенттігі

Шетелдік студенттер Мұқағалидің 80 жылдығын атап өтті

АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің тыңдаушылары ақиық ақын М.Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай,

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты жыр кешін ұйымдастырды.

Кеш дайындық факультетінің тыңдаушысы Жазигүл Қанаштың ақын өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамасымен ашылды. Шара барысында ҚР Президенті бағдарламасымен университетімізде білім алып жатқан Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті. Қазақ жеріне келгендеріне 4-ай ғана болған, тілді енді ғана меңгерген ауған жастары ақын өлеңдерін тебірене жырлап көрермендерді тәнті етті. Жарысқа қатысқан 13 тыңдаушының ішінен Харун Корризадах бірінші орынды, Сайд Ахмад Хусайн мен Мохаммад Найм Мохамади екінші орынды, Абдулла Ахмади мен Мохаммад Риза Ризай үшінші орынды иеленді. Кеш соңы факультетте білім алып жатқан қазақ диаспорасы өкілдерінің, филология, журналистика факультетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ-дан келген жас ақындардың Мұқағалиға арналған өлеңдерін оқуға жалғасты.


22.02.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық Ақпарат агенттігі

«Абай жолы» роман-эпопеясының қытай тіліндегі нұсқасының таныстырылымы болды

АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті аппаратының жетекшісі Қайрат Жүсіпов халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттерінқазақтың танымал жазушысы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының қытай тіліндегі аудармасымен таныстырды.

Тәржіма қытайлық аудармашылар Ха-Бай мен Гао Сун-Фань тарапынан орындалып, көркем безендірілген қалың мұқабалы кітап түрінде Бейжіңде Қазақстанның танымал мемлекеттік қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановтың көмегімен басылып шыққан.Қ. Жүсіпов аталмыш аударманың ерекшелігі мен маңыздылығына тоқталды.


21.02.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

18.02.2011 / 14:31

Жазушы Медеу Сәрсекенің Е. Бекмаханов жайындағы еңбегі жарық көрді

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінде Медеу Сәрсекенің даңқты адамдар өмірі топтамасы бойынша Мәскеуден шыққан «Бекмаханов» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Құнды еңбек өткен жылдың желтоқсан айында басылып шыққан. Онда қазақ халқының біртуар ғалымы Ермахан Бекмахановтың өмірі мен ғылыми-шығармашылық ғұмыры баяндалған.

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов университет кітапханасына бүгінде еңбектің 100 данасының келіп түскенін атап өтті. «Туған халқының нағыз патриоты болған ұлы ғалымның жүріп өткен өмір жолы кейінгі ұрпаққа қашан да үлгі. Кеңес Одағы тұсында өзінің Кенесары Қасымұлы туралы зерттеу еңбегі үшін қаншама қудаланды. Осындай тарихи тұлғамызды қайта түлетіп, халқымен қауыштырып отырған Медеу ағамызға үлкен алғасымызды білдіреміз», - деді ректор.


21.02.2011 «Қазақ әдебиеті» Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті

Жамбыл шығармалары

Жақында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде қазақ халқы әдебиетінің классигі Жамбыл Жабаев шығармалары екі томдығының тұсаукесеріне арналған әдеби-музыкалық салтанатты кеш өтеді.

Жиынға қатысқан ғалымдар С.Садырбаев, М.Бүркітбаев, Қ.Әбдезұлы, Р.Әбдіқұлова, Г.Қазыбек, Н.Сағындықов ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері туралы жан-жақты пікірлер айтса, университет студенттері Б.Смадияров, Б.Мырзақұлов Жамбыл Жабаевқа арналған өз өлеңдерін оқыды.