- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
08.01.2011 «Президент және халық» Республикалық қоғамдық-саяси газет
7-қаңтар, жұма, 2011 жыл
Ұлттық университет ғалымдары референдумды қолдайды
Жүзеге асып жатқан бағдарламаларды аяғына дейін жеткізу үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін референдум арқылы ұзарту керек. 27 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі бірауыздан осындай шешім қабылдады. Сонымен қатар, шығысқазақстандықтардың бастамасын қолдаған ҚазҰУ ғалымдары ғылыми кеңесте қол жинау үшін жұмыс істейтін арнайы комиссия құрды.
Бүгінде Елбасының өкілеттілігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде республикалық референдум өткізуге байланысты мәселені қоғам қызу талқылап жатыр. ҚР Бас прокуратурасы жиналыс пен бастамашылық топты құру шаралары «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң талаптарына толықтай сәйкес келеді» десе, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов «Референдумды ұйымдастыруға кететін шығын президенттік сайлауды өткізуге кететін шығыннан әлдеқайда төмен» болатынын айтты.
31.12.2010 «Қазақ әдебиеті» Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті
31.12.10.
«Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне»
24 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның негізгі мақсаты – қазақ азаматтарына ХV ғасырда Асанқайғы қалыптастырып кеткен «Жерұйық – қазақ елінің брэнді» идеясын түсіндіру болды.
31.12.2010 "Ана тілі" газеті
Ғылымдағы сара жол
29-Желтоқсан. 2010
Талғат Сайрамбаев – Тәкең ҚазҰУ-ге 1971 жылы, мен аспирантураның екінші оқу жылында жүргенімде келді. Алғаш көргеннен-ақ отыздардың үстіндегі жігіт ағасы маған қағілез, еті тірі, ақжарқын кісі сияқты көрінді. Кейін қызметтес, пікірлес болып жүріп бұған көзім әбден жетті. Ол жылдары оқу орындарының жоғары курс студенттері мен аспиранттары кешкілік құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне қолғабыс жасап, көшеде тәртіпті қадағалауға (оны ДНД деп атайтын) көмектесетін, бөлінген аумақ көлемінде кезекшілік атқаратын, сондайда Тәкен жас оқытушылардың қатарында біздерге басшылық жасауға келетін.
30.12.2010 «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы
30.12.2010 / 16:50
ҚазҰУ тарихында тұңғыш рет ақсақалдар кеңесі құрылды
АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат- /Әділет Мұсахаев/ - 29 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен университет тарихында алғаш рет ақсақалдар алқасы өтті.
Оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жазушы Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Әбілфайыз Ыдырысов, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Тұрсынбек Кәкішов, этнограф, археолог, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Уахит Шалекенов, қазақтың көрнекті заңгері, қоғам қайраткері, академик Салық Зиманов, Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Сұлтан Сартаев, химия ғылымдарының докторы, профессор Хабибулла Оспанов бастаған қара шаңырақтың бірнеше ардагерлері қатысты.
30.12.2010 «Ана тілі» Ұлт газеті
30.12.10
Қазақ елі – Жерұйық
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған еліміздің ең беделді деген пәлсапашылары қатысып, өз ойларын ортаға салды.
30.12.2010 "Известия Казахстан" газеті
Флагман отечественного образования – «за»
Казахский национальный университет им. аль-Фараби начинает сбор подписей в поддержку инициативы восточноказахстанских активистов о продлении полномочий первого президента страны. Университетская общественность считает, что именно Нурсултан Назарбаев должен довести до логического завершения намеченные на ближайшее будущее государственные программы. К работе специальной группы, созданной решением ученого совета ведущего вуза страны, уже присоединились студенты.
29.12.2010 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
«Қазақ елі – жерұйық»
28.12.10.
«Біздің ел кеңес үкіметі тұсында Қазақ ССР-і деп аталғаны белгілі. Бұл атау біріншіден - қазақ елінің КСРО деген алпауыт елдің құрамында екенін білдірсе, екіншіден - қазақ деген ұлттың бар екендігін көрсететін.
Тәуелсіздік алған кезеңде, біз «Қазақ елі» атануымыз керек еді. Қазақ елі - мәңгілік. Бұл - ұлттық идея. Кезінде қазақ тілі қазақ ұлтының ғана тілі болып келсе, бүгінде қазақ елінің тіліне айналды. Қазақ тілін елімізде тұрып жатқан барлық ұлттың азаматтары білуі тиіс. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндет» деді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде өткен «Қазақ ұлтынан - қазақ еліне» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сенатор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есім.
29.12.2010 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет
28.12.10.
«Біздің ел кеңес үкіметі тұсында Қазақ ССР-і деп аталғаны белгілі. Бұл атау біріншіден - қазақ елінің КСРО деген алпауыт елдің құрамында екенін білдірсе, екіншіден - қазақ деген ұлттың бар екендігін көрсететін.
Тәуелсіздік алған кезеңде, біз «Қазақ елі» атануымыз керек еді. Қазақ елі - мәңгілік. Бұл - ұлттық идея. Кезінде қазақ тілі қазақ ұлтының ғана тілі болып келсе, бүгінде қазақ елінің тіліне айналды. Қазақ тілін елімізде тұрып жатқан барлық ұлттың азаматтары білуі тиіс. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндет» деді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде өткен «Қазақ ұлтынан - қазақ еліне» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сенатор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есім. Парламент Сенатының депутаты Әділ Ахметов: «Астанада «Қазақ елі» атты монумент ашылғаны белгілі. Біз қазақ елінің азаматтарымыз.
24.12.2010 "Юридическая газета"
Таланты КазНУ в Израиле
В очередной раз иностранцы были удивлены и восхищены казахским искусством. Одно различие: мы не принимали гостей, а сами были гостями в иностранном государстве. 11-16 декабря талантливые студенты КазНУ при поддержке ректора Галимкаира Мутанова и под руководством первого проректора Мухамбеткали Буркитбаева посетили с рабочей поездкой Израиль. Главной целью нашей поездки было участие в мероприятиях, организованных в честь Дня Независимости и презентация национального казахского искусства. Мы не сомневались ни на секунду, что сможем удивить наших иностранных друзей. Так как танцевальный ансамбль “Бахыт” под руководством Галии Есмуханбетовой, певица Мольдир Бахытжанкызы, домбристы Ергали Анесов и Аскарбек Казангап, кобызистка и наша руководительница Зита Сыбанбаева уже несколько раз были победителями различных международных конкурсов. |
21.12.2010 "Известия Казахстан" газеті
Победил Берик Аккозов
В Павлодаре в канун уходящего года завершился традиционный открытый чемпионат области по шахматам. Это было самое представительное соревнование в текущем году в Казахстане. На старт состязаний вышел восемьдесят один участник: среди них – одиннадцать гроссмейстеров, пять международных мастеров, национальные мастера и многие ведущие шахматисты нашей страны.
В турнире приняли участие многие ведущие российские шахматисты – это Сергей Юдин, член сборной команды России, участник Всемирной шахматной Олимпиады в Ханты-Мансийске (2010 г.), международные гроссмейстеры Семен Двойрис (Челябинск) и Сергей Искусных (Новокузецк) и ряд других известных российских шахматистов.