БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


02.12.2010 "Ана тілі" газеті

ҚАЗАҚТЫҢ КИЕСІ МЕН ИЕСІ.

Көкшеде сұлулар мен сұлтандар сайысы өтті

Сәкенге ән салдырған сексен көл сән мен салтанатқа кенелді. Көркіне көз сүріндірер кербез Көкшенің маңдайын Күн сүйіп тұрды сол күні. Онсыз да Тәңірі сұлу жаратқан тұма табиғат толықсып тұрды. Жұмбақтас та құпиясын ағытардай ажарланып, Оқжетпес де ойлы кейіпке енді. Бәрі бар көрікті бойына жиған Бурабайдың бауырында «Ана тілі» аруы» мен «Ана тілі» сұлтаны» байқауына тас-түйін дайындалғандай. Алты Алаштың баласының бабын һәм бағын сынар байқауға бәрі жетті. Кең даладан кеп жатқан керуендерде есеп жоқ. Арысы – кәрі Каспийден Атыраудың аққудай қыздары мен ақсұңқардай ұлдары келді қиқулап. Жайықтан Жібектері мен жігіттері жетті желпініп. Ақтөбенің апайтөс ұлдары да бар арасында. Сыңғырлай күліп, сонау Сырдан сұлулар мен сүлейлердің сарқыттары да сызылта ән сап жетті. Түркі дүниесінің төркіні Түркістаннан да келді түн қатып. Ат тұяғы сайын даланы дүбірлетіп, Бауыржандай батыр баба туғызған Жамбылдан да Жиреншедей шешендер мен Қарашаштай қаракөздер келді. Араларында Алтайдың ар жағынан келген арулар мен шығыстың шырайлылары, Семейдің сегіз қырлы сырбаз серілері, Өскеменнің өр ұландары да бар.


02.12.2010 "Жас қазақ үні" республикалық қоғамдық-саяси апталық

АНА ТІЛІМІЗДІҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН АРУЛАР

12-Қараша, 2010

Ата-баба дәстүрін қадірлей білетін, бүгінгі күн талабына сай білікті де дарынды жастар легі қалыптасып келеді. ҚазҰУ-дың 13 факультетінің арасынан суырылып шығып, «Ана тілі аруына» қатысқан студент қыздардың өнерін тамашалағаннан кейін осындай ойға келдім.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім ордасы ғана емес, тәрбиенің тал бесігіне айналған қара шаңырақ. Ана тіліміздің рухын асқақтатып, ұлттық бай мұрамызды дәріптеген ару қыздарымыз «бас кеспектер тілімді кесе алмаған, тілден бұрын кетеді жалын демім»,- деп жырлағанда олардың бойынан отаншылдық қасиетті көрдік. Осы байқау қадір-қасиетімен де, мән-мағынасымен де басқа қыз сындарынан анағұрлым озық тұрды. Қыздар бес тур бойынша сынға түсті. Бірінші турда қыздарды таныстыруда жаңаша бір тартымды әдіс тапқан. Қыз-жігіттің қайым айтысы арқылы ашылған шымылдық, әрі қарай құрбысын іздеген жігіттің әзіл-қалжыңына жалғасады. Жігіт іздеген қыз сахнада өзін дүйім жұртпен таныстырады. Осы көрініс тартымды да әсерлі шықты. Өлең оқудан сайысқа түскен қыздардың көрерменді баурап алғаны сонша, зал сілтідей тынды. Бейне бір поэзия кеші ме дерсің. 1-2 курстың студенті емес, телеарнаның кәсіби жүргізушісі іспетті. Мұны іріктеу турларының әділ жүргізілгенінің жемісі деп түсінген абзал. 3-турда «Ерке нұр» сән үйі ұсынған ұлттық киімді киіп шыққан қыздар сән үлгілерін көрсетті. 4-турда сұрақтарға жауап берілді. Сұрақтарға өзек - қазақ тарихында тұлғалық дәрежеге көтерілген аналарымыз бен апаларымыз болды. Қыздардың барлығы да бұл сыннан сүрінбей өтті. «Өнерім - өмірім» атты 5-турда қыздар өз өнерін ортаға салды. Ең қызықты да тартымды өткен турдың бірі - осы. Олардың арасынан қылқаламды жанына серік еткен суретшіні де, жан дүниеңнің қылын шерткен сыршыл ақынды да, білекті спортшыны да, әуезді үні бар әншіні де, белі бұралған бишіні де көріп тәнті болдық. Білім мен өнерді құстың қос қанатындай қатар алып жүрген жас қыздардың, яғни болашақ аналардың өсіп келе жатқанын көрудің өзі бір ғанибет екен.

Гүлнар Сәрсенбекова, (фотосы бар) тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департамент директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ана тілі» аруы-2010» байқауын ұйымдастыру алқасының төрайымы: Біз де бойжеткендеріміздің жан сұлулығына, көкірек көзінің ашықтығына, дүниетанымының кеңдігіне терең үңілуді жөн көрдік. Қазақстанның білім беру жүйесі әлемнің озық білім беру үрдістерінен үйрене отырып ұлттық білім беру моделіне негізделген. Бұл - жалпы азаматтық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың бір-бірімен үйлесімді ұштасуы. Ал «Ана тілі аруы» осы екі құндылықты ұштастыруды мақсат еткен жоба. Біз байқаудың алдында студент қыздарымызға мастер-класс өткізіп, Сақ патшайымы Тұмар, Домалақ ана, Зере әже, ерлердей ел билеген Айғаным, Ұлпан сынды данагөй апаларымыз жайлы, ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз, ұлттық тағамдарымыз туралы көп мәлімет бердік. Сонымен бірге қазақ қызының шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап салиқалы жасқа жеткенге дейінгі бүкіл өмір жолымен таныстырып өттік. Меніңше, жастарға бірінші кезекте тәлім-тәрбие беріп алып, сосын нәтижесіне үңілген дұрыс сияқты.


02.12.2010 "Литер" ежедневная республиканская общественно-политическая газета

19 ноября 2010 года

Алматинские студенты посвятили свой праздник ОБСЕ

В минувшую среду все студенчество Казахстана отпраздновало Международный день студентов. Каждый город и каждый университет отметили этот праздник по-своему: студенческими капустниками, КВНами, концертами и т.д.

Между тем несколько сотен алматинских студентов организовали массовую акцию в преддверии саммита глав государств – членов ОБСЕ 1-2 декабря 2010 года в Астане и в поддержку инициатив президента Казахстана Нурсултана Назарбаева.
Международный день студентов ассоциируется с молодостью и весельем. Однако надо отметить, что со Средневековья и появления первых университетов в Европе студенчество обрело сильный голос и крепкую позицию, с которой приходилось и по сей день приходится считаться представителям всех других слоев населения.
Отрадно, что и казахстанское студенчество не остается в стороне от политической жизни своего государства. Подтверждением тому служит прошедшая в Алматы молодежная акция, организованная при поддержке управления по вопросам молодежной политики Алматы совместно с Казахским национальным университетом имени Аль-Фараби.
В белых майках с флагами Казахстана и ОБСЕ молодежь из разных университетов собралась в центре студенческого городка КазНУ, чтобы поприветствовать предстоящий саммит ОБСЕ в Астане.


02.12.2010 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

РЕКТОРЛАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРІГІП КҮРЕСПЕК

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қалалық жоғарғы оқу орындарының ректорлары жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талқылады. Ректорлар Қазақстан білім беру ісіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес мәселелері тиянақты түрде қарастырылып, оқу ордалары арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде тәжірибе алмасу мәселелерін қарастырды.

Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ, Тұран, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Каспий университеті, ҚазҰТУ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ҚазҰАУ, Алматы энергетика және байланыс институты, жекеменшік унивеситеттің басшылары қатысты.
- Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық - заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Бұл барлық оқу орындарына ортақ мәселе, сондықтан аталмыш басқосу еркін пікір алмасу түрінде өтсін, - деді сөз басында ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов. ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Мұрат Орынханов өз баяндамасында университеттің оқу жүйесі толығымен компьютерленгендігін және студенттердің үлгерімін ашық түрде «универ» бағдарламасы арқылы бақылауға болатындығын мәлімдеді. Университеттегі интернет жүйесі ашық болғандықтан, парақорлыққа жол бермейді.
- Оқу саласындағы алаңдатып отырған проблемаларды алға қойып, жемқорлықты жою жөнінде тәжірибе алмасалық. Мысалы, бізде 28 оқу орнында қашықтықтан оқыту жүйесі жаңадан енгізіліп, іске асып келеді. Студент жұмыста отырып-ақ күнделікті оқу үлгерімін бақылай алады. Бұл жемқорлықты жеңуге өз үлесін қосады. Парақорлықпен алынған баға не студентке, не мұғалімге де керек емес. Мәселен, бір математик мұғалімге 95 студент, ал екіншісіне 5 студент жазылуы мүмкін, бұл студенттің пән мұғалімін таңдауда ерікті екендігін көрсетеді. Тексеру жұмыстарын қолға алып, барынша дерттің алдын алу керек, - деді ЖОО қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов.
Жемқорлыққа қарсы күрес - Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы. Мұның өзі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясында көрініс тапқан. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің деңгейі жөнінен посткеңестік кеңістікте алдыңғы орында келеді.

Еркін ҚАЛДАН





30.11.2010 "Казахстанская правда" Общенациональная ежедневная газета

Расширить горизонты безопасности

30 ноября 2010 года

Накануне выдающегося события в истории суверенного Казахстана – Саммита Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе – невольно задумываешься о том, каковы же итоги председательства нашей страны в ОБСЕ. Впервые эта почетная и ответственная миссия возложена на государство постсоветского пространства. Не только для нас, казахстанцев, но и для самой структуры это решение имеет важное историческое значение, демонстрирующее действенность принципа равноправия.


03.11.2010 "Айқын" Республикалық қоғамдық-саяси газет

Алпауыт мемлекеттермен әріптестік керек

"Инновация енді егемендікті баянды етіп, Астана аспанын ашық ұстайтын болды". - Бізбен әңгімесін физика ғылымдарының докторы, академик, әл-Фараби атындағы Ұлттық университет профессоры Фазылхан Байымбетов осылай бастады.


02.11.2010 Ежедневная общественно-политическая газета "Экспресс-Казахстан"

Наука без границ

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошел конгресс на тему "Наука будущего" с участием ведущих ученых из стран СНГ, Евразии и Америки при содействии Министерства образования и науки РК.


02.11.2010 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

Қазақы тәрбие алғаныма қуанамын

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Ана тілі аруы» байқауы өтті. Оған студенттер арасынан 700 сұлу қатысып, тек іріктеуден өткен 14-і ғана ақырғы айналымға жолдама ұтып алған болатын. Бұл соңғы сында ерекше өнерімен көзге түскен кәріс қызы Ирина Тен дараланып, «Сымбатты ару» аталымын жеңіп алды. Қазақшаға судай Иринаның талабын байқаған біз редакцияға арнайы шақырып, аз-кем әңгімелескен едік.


02.11.2010 Жалпыұлттық республикалық газет

“Болашақтың ғылымы” халықаралық ынтымақтастықты арттырмақ

Алматыда “Болашақтың ғы­­лымы” атты халықаралық ғы­лы­ми-білім беру конгресі өз жұ­мы­сын аяқтады. Әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ Ұлттық универси­те­тінде өткізілген екі күндік кон­гресс жұмысына Еуропа мен Азия елдерінің жетекші отыз университетінің ректорлары жә­не өзге де белгілі ғалымдар қатысты.


29.10.2010 "Казахстанская правда" Общенациональная ежедневная газета

28.10.2010г.

Кимпап и охота на бизонов

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби совместно с Корейским агентством по международному сотрудничеству (КОИКА) организовал Неделю кафедры корееведения. Цель – популяризация Кореи в Казахстане, повышение мотивации к изучению корейского языка, осуществление международных связей с корейскими организациями в Казахстане.

Как сказала завкафедрой корееведения Наталья Ем, сначала на факультете востоковедения провели конкурс сочинений, где знание корейского языка показали студенты и других вузов города. Затем прошли фестиваль корейских фильмов, презентация книги Александра Кана «Книга белого дня», День корейской культуры. Студенты демонстрировали корейские национальные костюмы, готовили национальную пищу (кимпап).