БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


07.09.2010 Қазақстандық қоғамдық-саяси апталық "Дала мен қала"

6қыркүйек 2010 жыл

ОҚЫ! ҚАЗҰУ-ДЕ «ЭЛИТАЛЫ ГВАРДИЯ» ЖАСАҚТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті іргелі істерге ұйытқы болып келеді. Бұл жолы «Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады» деген ұлағатты сөзді жанына жалау еткен университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов тест кезінде жақсы нәтиже көрсетіп, бірақ шамалы балл айырмашылығымен қатарластарына жол берген 90 балаға білім грантын өз қолымен табыс етті.


07.09.2010 «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

7 қыркүйек 2010 жыл

Қайтсек ғылым дамиды?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ректорлары, ҒЗИ директорлары, ғылыми орталықтар мен мекеме жетекшілерінің қатысуымен 2010-2014 жылғы ғылым, инновация және технологиялық модернизацияны дамыту бағдарламасы талқыланды.


06.09.2010 “Казахстанская правда” общенациональная ежедневная газета Казахстана

4 сентября 2010 года

Университет в мировом процессе

С нового учебного года КазНУ им. Аль-Фараби впервые в казахстанской практике полностью переходит на экспериментальные образовательные программы, сопоставленные с учебными программами таких ведущих зарубежных вузов, как Кембридж, Оксфорд и других.

Ректор КазНУ академик Бакытжан Жумагулов озвучил эту новость, читая во Дворце студентов лекцию на тему – «Университет в мировом инновационном процессе». Главная цель проекта – эффективное использование потенциала вуз для инновационного развития Казахстана и создание на его базе научно-образовательно-инновационного центра.

В лекции говорилось также о приоритетех в мировом образовательном пространстве, открывающих новые перспективы для казахстанского образования, о задачах, стоящих перед Казахским национальным университетом, который должен четко осознавать свою миссию «форпоста науки и образования нового Казахстана».


04.09.2010 «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

03.09.2010 / 16:08

ҚазҰУ-да 2010-2014 жылдарға арналған Ғылым, инновация және технологиялық модернизация жобасы талқыланды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Индустриялдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы негізінде әзірленген 2010-2014 жылдарға арналған Ғылым, инновация және технологиялық модернизация жобасын талқылауға арналған Республикалық ғылыми семинар өтті,деп хабарлайды ҚазАқпарат.


04.09.2010 «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

03.09.2010 / 18:48

Делегациямыздың басты мақсаты - достық пен ынтымақтастықты нығайту - ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Лю Юньшан

АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сіздердің Университеттеріңіз Қытай мен Қазақстан достығының символы, деді Қытай Халық Республикасы Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, ҚКП ОК-нің Хатшысы, ҚКП ОК-нің Насихат министрі Лю Юньшан бүгін Алматыда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде болған кезінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


04.09.2010 «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

03.09.2010 / 19:21

Біздің ғылыми жобаларды Қытайдың ғылыми орталықтарымен бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндігіміз бар - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры

АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚазҰУ-дың әлемнің 400 университетімен өзара достық келісімі бар. Бұл туралы Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры бүгін Алматыда ҚХР Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, ҚКП ОК-нің Хатшысы, ҚКП ОК-нің Насихат министрі Лю Юньшанмен болған кездесуде айтты,деп хабарлайды ҚазАқпарат.


03.09.2010 «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

3 қыркүйек 2010 жыл

Ұлттық университетке “элиталы гвардия” қосылды

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 750-ден астам «Алтын белгі» иегері, халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың 150-ден астам жеңімпазы, 3000-нан астам мемлекеттік грант иегері оқуға қабылданды. Бұл – еліміздегі жоғары оқу орындары үшін рекордты көрсеткіш.


02.09.2010 “Айқын” апта

2 қыркүйек, 2010 жыл

Ректор гранты табыс етілді

26 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор грантының иегерлері анықталды. Биыл ректор грантының иегері былтырғыдан қарағанда бес есе артып, 90 балаға ҚазҰУ ректорының гранты табыс етілді.

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылған білімгерлерді құттықтау барысында ректор Бақытжан Жұмағұлов: “Биыл 3200 мемлекеттік білім гранты иегерін оқуға қабылдаған ҚазҰУ жетекші білім ордасы ретінде отандық білім кеңістігіне жанашырлық танытып, тағы 90 балаға ректор грантын тапсырып отыр. Олардың арасында 64 “Алтын белгі” иегері қалғандары халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Ерекше мәртебелі белгіге ие болу қабілет пен дарынды қажет ететіндігін ескере отырып, үздік талапкерлерді назардан тыс қалдырғымыз келмеді. Бұл талапкерлер мемлекеттік байқау кезінде таңдаған мамандықтарына грант бөлінбей қалғаны үшін жазықты емес. Сол үшін біз – университет ғалымдары, декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы ақылдаса келіп осындай ұйғарым қабылдадық. Оларға университет жыл сайын 67 млн. қаржы бөледі”, - деді.

Қазақстанның білім кеңістігінде көп салалы университеттер көшін бастап тұрған білім шаңырағының грантына ие болған білімгерлер өз қуаныштарын жасырып қалмады.


02.09.2010 “Түркістан” халықаралық саяси апталық

2 қыркүйек, 2010 жыл

Ректор гранты табыс етілді

26 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор грантының иегерлері анықталды. Биыл ректор грантының иегері былтырғыдан қарағанда бес есе артып, 90 балаға ҚазҰУ ректорының гранты табыс етілді.

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылған білімгерлерді құттықтау барысында ректор Бақытжан Жұмағұлов: “Биыл 3200 мемлекеттік білім гранты иегерін оқуға қабылдаған ҚазҰУ жетекші білім ордасы ретінде отандық білім кеңістігіне жанашырлық танытып, тағы 90 балаға ректор грантын тапсырып отыр. Олардың арасында 64 “Алтын белгі” иегері қалғандары халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Ерекше мәртебелі белгіге ие болу қабілет пен дарынды қажет ететіндігін ескере отырып, үздік талапкерлерді назардан тыс қалдырғымыз келмеді. Бұл талапкерлер мемлекеттік байқау кезінде таңдаған мамандықтарына грант бөлінбей қалғаны үшін жазықты емес. Сол үшін біз – университет ғалымдары, декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы ақылдаса келіп осындай ұйғарым қабылдадық. Оларға университет жыл сайын 67 млн. қаржы бөледі”, - деген пікірін жеткізді.


02.09.2010 “Қазақстан Zaman” халықаралық қоғамдық-саяси газет

2 қыркүйек, 2010 жыл

ҚазҰУ ректорының мырзалығы

Өткен аптада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы ректор грантын 90 балаға табыс етті. Өткен жылғымен салыстырғанда мұндай грант иелері бес есеге артқан.

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылған білімгерлерді құттықтау барысында ректор Бақытжан Жұмағұлов құттықтай отырып: “Биыл 3200 мемлекеттік тегін оқу грантына қоса 90 балаға ректор грантын тапсырып отырмыз. Олардың арасында 64-і “Алтын белгі” иегері, қалғандары халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Бұл талапкерлер мемлекеттік байқау кезінде таңдаған мамандықтарына грант бөлінбей қалғаны үшін жазықты емес. Сол үшін біз – университет ғалымдары, декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы ақылдаса келіп осындай ұйғарым қабылдадық. Оларға университет жыл сайын 67 млн. қаржы бөлейік деген ұйғарым қабылдадық”, - дейді.