- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
27.08.2010 «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы
24.08.2010 / 18:26
Қазақстан Ата заңының 15 жылдығы - бұл үлкен тарихи оқиға - С. Сартаев
АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл: теория мен тәжірибенің мәселелері» атты тақырыпта алқалы жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиын барысында еліміздің жетекші заңгерлері мен саясаткерлері Конституция Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің кепілі, Конституцияны жетілдіру мәселелері, Еңбек теориясы мен тәжірибесі туралы конституциялық қалып, Адам құқығы мен бостандығын конституциялық тұрғыдан қамтамасыз ету және тағы басқа тақырыптар бойынша пікір алмасып, талқылады.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының акдемигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаевтың айтуынша, Қазақстан Ата заңының 15 жылдығы - бұл үлкен тарихи оқиға. «Бұл жерде Елбасының рөлінің маңыздылығын атап өткім келеді, өйткені 15 жыл бұрын халықаралық кеңістіктегі Қазақстан жайлы ешкім айтпаған. Сондықтан тап бүгінгі деңгейге елді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шығарды деп санаймын», дейді С.Сартаев.
27.08.2010 «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы
24.08.2010 / 19:12
Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттігінің (TIKA) делегациясы ҚазҰУ-да болды
АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде жақында Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттігінің (TIKA) делегациясы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш Басқарманың әлемнің 20 елінде бөлімшелері бар. Олар Африка, Азия, Еуропа елдерінде жұмыс істеуде.
Келген делегация құрамында Қазақстандағы TIKA жетекшісі әрі бағдарлама үйлестірушісі Омер Коджаман, Бас басқарманың минералды ресурстарды зерттеу және іздеу жұмыстары бойынша жетекшісі Мехмет Узер және тағы басқалар бар.
27.08.2010 «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы
24.08.2010 / 19:27
Бейрут университетінің өкілдері ҚазҰУ-ға келді
АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін ҚазҰУ-ге Бейрут университетінің өкілдері келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейрут университеті өкілдері қатарында аталмыш оқу орынның сыртқы аймақтық бағдарламалар бойынша вице-президенті Хасан Диаб пен оның көмекшісі Джордж Фараг және медицина факультетінің деканы Гассан Химаде бар.
Қонақтарды ҚазҰУ-дың Оқу жұмысы жөніндегі проректоры Мұрат Орынханов қарсы алып, оларды еліміздегі үздік жоғары оқу орынның жеткен жетістіктерімен таныстырып, ерекшеліктері жайында баяндап берді.
26.08.2010 “Вечерний Алматы”
25.08.2010 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
24 тамыз, 2010 жыл
Қарашаңырақта жаңа оқу зертханасы ашылды
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жақында ғана ашылған химия факультетінің жаңа зертханасының тұсауы кесілді. Зертхананы ашқан университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов қарашаңырақ ұстаздары мен студенттерін осы бір мерейлі іс-шарамен құттықтады.
-Биыл талапкерлерді қабылдау науқанында ҚазҰУ 3200 мемлекеттік білім грантын иеленіп, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында рекордтық нәтиже көрсетті. Ал химия факультеті оқуға 405 білімгерді мемлекеттік білім гранты негізінде қабылдады. Оның 36-сы «Алтын белгі» иегері. Бір айтарлығы, бұл факультет кейбір мамандықтар бойынша жалпы мемлекеттік тапсырыстың 50 пайызына ие. Еліміздің жетекші университетінің ендігі бағындырмақ белесі - қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бірінші болып әлемдік үздік рейтингке ену, - деп атап өтті ректор тұсаукесер салтанатында.
19.08.2010 “Ана тілі” Ұлт газеті
19 тамыз, 2010 жыл
Қазақ ғылымының Құралайы
Отбасын гүлдендірген әрі өзін де, қазіргі заман тілімен айтқанда, тұлға ретінде таныта білген әйелдер некен-саяқ. Замана көшінен қалмай, іскерліктің үдесінен шыққан сондай жанның бірі – жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі, профессор Құралай Аққошқарова. Әрине, бүгінде алпысқа аяқ басқан қағілез апайымыздың өмірлік жолына көз жіберген болсақ, талай тәлім-тәрбие алар тұстарды тапқан болар едік.
Әлқисса, өткен жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 75 жылдық мерекенің құрметіне дүбірлі думандарды бірінен соң бірін өткізгені белгілі. Сондағы ең бірінші “акорд” университет көлемінде үздік оқытушылар шеруімен басталған-ды. Яғни үздік оқытушыларға университет ректоры өз қолымен әл-Фараби атындағы Үлкен алтын медаль мен “Университетке сіңірген ерен еңбегі үшін” күміс медалін табыстады. Олардың арасында еліміздің ардақты ақсақалдары Сұлтан Сартаевтың, Тұрсынбек Кәкішевтің Әбілфайыз Ыдырысовтың, Уахит Шәлекеновтің болуы – заңды құбылыс. Ал осындай әрқайсысы асқар таудай ағалардың арасында қазақтың дарынды үш қызы Мая Шығаева, Гүлнар Надирова және Құралай Аққошқарова да болған еді.

11 тамыз, 2010 жыл
ҚазҰУ - тағы да алда
Бір ғана жоғары оқу орнындағы 3200-ге жуық грант – қазақстандық білім кеңістігіндегі бұрын-соңды болмаған үздік көрсеткіш.
Қазақстандық мыңдаған мектеп түлектерін екі айға жуық мазалаған сұрақ «қай оқу орнынан білім алу?» еді. Өмірлерінде ең маңызды қадамға шешім қабылдай отырып, жастар білім сапасына, ЖОО беделіне, сонымен қатар болашақта жұмысқа бірден орналаса алу мүмкіндігі сияқты талаптарға терең мән береді. Бұл жылы мемлекеттік грант иегерлері болып табылатын белсенді жастардың басты таңдаулары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне бұрды.
Еліміздің жетекші университеті тағы бір кезек өзінің білім тереңдігін дәлелдеп, беделін паш етті. Оқуға түсушілер санының рекордтық көрсеткіші – Қазақстан университеттері үшін жаңа бастама тәрізді. 3200-ге жуық грант иегерлерін оқуға қабылдаған ҚазҰУ көшбасшылыққа жетті. Сонымен бірге ҚазҰУ оқуға 700-ге жуық «Алтын белгі» иегерін және 150-ден астам халықаралық олимпиада жеңімпазын қабылдады. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Бұл - ҚазҰУ ел сенімі мен үмітін ақтайтын, бәсекеге қабілетті маман-кадрлар дайындайтын қазақстандық жетекші білім ордасы екендігінің тағы бір көрінісі.
13.08.2010 "Литер" Республиканская ежедневная газета
11 август, 2010 год
КазНУ снова впереди
Более 3200 грантов в одном вузе – новый рекорд казахстанского образования
В течение двух летних месяцев вопрос, куда пойти учиться, не давал покоя тысячам казахстанских абитуриентов. Принимая жизненно важное решение, молодежь выбирает качество образования, престижность ВУЗа и гарантии трудоустройства. В этом году абсолютное большинство «золотой молодежи» - обладателей государственных грантов – отдали предпочтение Казахскому национальному университету имени аль-Фараби.
Главный вуз страны в очередной раз подтвердил свое звание. Рекордные показатели по количеству поступивших на грант абитуриентов – новая планка лучшего университета Казахстана. Лидирующие позиции КазНУ занял с отрывом от ближайшего преследователя почти в 1000 грантников. Кроме того, КазНУ принял на обучение около 700 обладателей «Алтын белги» и свыше 150 призеров международных олимпиад.
10.08.2010 «Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)» Ұлттық компаниясы
09.08.2010 / 19:36
Мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтініштер қабылдау нәтижелері бойынша ҚазҰУ көштің басында келеді
АЛМАТЫ. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - ҚазҰУ гранттар саны бойынша көштің басында келеді. Биылғы жылы ҚазҰУ-да мемлекеттік гранттар бойынша 3104 студент білім алады. Оның ішінде 500-і - «Алтын белгі» иегерлері, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.
06.08.2010 «Ана тілі» Ұлт газеті
ҚазҰУ олимпиадасы - республикалық мәртебеге ие
Өткен жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2586 мемлекеттік білім гранты иегерін оқуға қабылдап, қабылдау науқанының көшбасшысы танылған болатын. Олардың басым көпшілігі - «Алтын белгі» иегерлері және ерекше үлгідегі аттестат пен халықаралық олимпиада жеңімпаздары. Биылғы жылы да ҚазҰҰ қабылдау науқаны қортындысында өте сәтті көрсеткішке жетіп, былтырғы көшбасшылық беделін сақтап қалар деп үміттенуге болады. Еліміздегі ЖОО арасында бірінші болып ҚазҰУ Қазақстан үшін жоғары оқу орындарына сапалы студенттерді тарту концепциясын қолға алған болатын. Студенттік контигентті тарту үшін жаңа стратегия жасалынды. Осы бастама аясында осымен екінші кезек Қазақстанның 14 облысында ҚазҰУ-дың «әл-Фараби» пәндік олимпиадасы өтті. Бұл кезде арнайы жасақталған көшпелі комиссия университетке ең дарынды, ең қабілетті мектеп бітіруші түлектерді тарту үшін аянбай еңбек етті. Бір айта кетерлігі, осы жылдан бастап «әл-Фараби» олимпиадасы республикалық мәртебе иеленіп, олимпиада жеңімпаздарының табысы халықаралық беделді олимпиада жеңісімен теңелді.
Абитуриенттер таңдауына оң бағыт беру үшін әр факультетте кеңес орталығы ашылған. Сонымен қатар, декан сағаты, факультеттер тұсаукесері ұйымдастырылуда. Бұл шара барысында болашақ студенттер факультет декандарымен кездесіп, өздерін қызықтырған сан түрлі сауалдарына жауап алып, университет тынысымен толық таныса алады. Сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтың қызығы мен студенттерге жасалынған жағдайлар жайымен хабардар болып, ҚазҰУ-дың студенттік өмірімен танысады. Сонымен қатар, ҚазҰУ-ға құжат тапсырған қазұулық талапкерлер Алматыдағы үлкен интернет орталығы болып саналатын университеттің 300 заманауи компьютер техникаларымен, компьютер бағдарламаларымен жабдықталған интернет жастар ораталығында күніне 1 сағат интернет желісін өз қажетіне тегін пайдалана алады.