БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


06.08.2010 «Түркістан» халықаралық саяси апталық басылым

5 тамыз, бейсенбі, 2010 жыл

Кездесу

Соңғы күндерi ашық болған Алматының аспаны таңертеңнен берi қобалжыған көңiл-күйiмдей түнерiп тұрып алды. Осыдан екi апта бұрын жиырма жыл бұрын бiрге оқыған курстастар жиналып, 18-маусымда кездесуге уағдаласып, оны қалай өткiзетiнiмiздi талқылағанымызда iшiмнен қатты толқып едiм. Қалай толқымайсың? Толқымайтын, толқытпайтын сәт пе, бұл...

Студенттiк шақ адамның өмiрiнде екiншi рет қайталанбайтын дариға-дәурен ғой, шiркiн! Нұрлы шуақ сыйлаған сол жылдардағы достарыңмен кездесiп, "махаббат қызық мол жылдарды" еске алғаннан артық ғанибеттiң жоқ екенiн шын жүрегiммен сезiнгендеймiн. Әдеттегiдей ерте тұрып, университеттiң алдына белгiленген уақыттан бiр сағат бұрын келдiм. Уақыт өткiзу үшiн сол маңдағы саябақта сүт пiсiрiм уақыттай серуендедiм. Бiр әдемi самал жел есiп, гүлдердiң хош иiсi келедi. Жанымды бiр сағыныш сезiмi кернейдi.


05.08.2010 Литер неделя

КазНУ им. аль-Фараби приглашает лучших!

С 10 по 25 августа в Казахском национальном университете имени аль-Фараби идет подготовка к зачислению первых студентов. В первый приказ о зачислении войдут обладатели знака «Алтын белгi», победители олимпиады «Аль-Фараби», международных и республиканских олимпиад, научных конкурсов и соревнований.

Ведущий национальный университет всегда поддерживает и дает шанс целеустремленной и талантливой молодежи, всем обладателям знака «Алтын белгi» предоставляется грант на обучения в КазНУ. Это в очередной раз подтверждает, что в КазНУ ведется качественный подбор студенческого контингента.


05.08.2010 АЙҚЫН апта

ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жұмысының маңызды бағыттарының бірі – ШЫҰ мүшелерінің білім беру саласындағы реформа мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуы қарастырылған интеграциялық үдерістерді қолдау мен дамыту, мемлекеттік үлгідегі білім беру құжаттарының эквивалентін орындау мен мойындау механизмдерін құру. Оқу орындары арасындағы арнайы келісім аясында дамып отырған білім беру саласындағы ынтымақтастық.

Білім саласында қойылған міндеттерді шешуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университеті құрылды. Білім ордасының негізгі мақсаты – ШЫҰ барлық елдерінде бес қажетті мамандықтар «Аймақтану», «Энергетика», «Экология», «Нанотехнология» және «Ақпараттық технологиялар» бойынша мамандардың жаңа ұрпағын дайындау болып табылады.

Біздің университет Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті экология, нанотехнология, аймақтану бағыты бойынша базалық жоғарғы оқу орны ретінде танылды.


05.08.2010 «Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)» Ұлттық компаниясы

ҚазҰУ-дің грант бөлімінде білім алатын талапкерлер саны өткен жылдағыдан артып отыр

АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылы ҚазҰУ-діңгрант бөлімінде оқуға талап білдіргенқұжат тапсырушылардың саны өткен жылдағыдан анағұрлым артып, 5277 адамға жетті.

Бұл жайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекеттік кабылдау комиссиясының төрағасы Зулфұхар Ғайыпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


30.07.2010 "Литер" Республиканская ежедневная газета

Бесспорное лидерство
КазНУ им. Аль-Фараби первый в рейтинге казахстанских вузов

Независимое казахстанское агентство по обеспечению качества в образовании (НКАОКО) представило рейтинг лучших вузов Казахстана 2010 года, который дает полную картину того, какие вузы способны конкурировать в мировом образовательном пространстве, а каким вузам необходимо восполнить пробелы в организации образовательного процесса.

Кроме того, рейтинг может послужить качественным ориентиром как для государства, работодателей, так и для абитуриентов, которым сейчас предстоит решать свою судьбу. В этом году в процесс составления рейтингов было внесено много коррективов для улучшения конечного результата. Более того, при составлении рейтинга учитывалось мнение экспертов и оценка работодателей. Примечательно, что не все вузы вошли в генеральный рейтинг, только 62. При этом всего было обработано по академическим ресурсам 78 вузов Казахстана, а по экспертной оценке и оценке работодателей были охвачены все 132 казахстанских вуза.


29.07.2010 Құжат қабылдау жұмысы қызып тұр!

Алматы ақшамы

29 шілде, 2010 жыл

Талапкер - 2010

Құжат қабылдау жұмысы қызып тұр!

Мектептегі соңғы қоңырау соғылды, емтихандар аяқталды, мектеп бітіру кеші де көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Жадыраған жаз мен мұндалап тұрғанымен, 2010 жылғы түлектер үшін демалыстың ауылы алыста. Себебі, олар - үлкен өмірге қадам аттағалы тұрған жас талапкерлер. Олар үшін дәл қазір ішер асын жерге қояр үлкен сұрақ –болашақ мамандығы мен жоғары оқу орнын қателеспей таңдау.

23 шілдеден бастап еліміздегі жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім грантын жеңіп алу үшін құжаттар қабылдана бастады. Осы орайда бүгінгі жас талапкердің таңдауы қандай деген қызығушылықпен еліміздегі ең үздік жетекші университет болып табылатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ат басын бұрдық.


28.07.2010 Халықаралық ынтымақтастық аясында
28.07.2010 КОЛУМБИЯ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ДӘРІС

Егемен Қазақстан, 20 ақпан, 2010 жыл

КОЛУМБИЯ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ДӘРІС

Оны ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов өткізді

Қорғанбек АМАНЖОЛ.

Жақында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы осынау атақты көнекөз оқу ордасында өткен дәріс тақырыбы Қазақстанның жетекші ұлттық уни­вер­ситетінің тәжірибесі негізінде білім сапасының жаһандық орталығын құру­ға арналды. ҚазҰУ басшысы Қазақстанның жоғары білім және ғылым саласының реформалық кезең­деріне тоқталып, Қазақ ұлттық университетінің тәжірибесі негізінде отандық білім беру саласында туын­дайтын мәселелерді шешу орайындағы ойларын бөлісті. Бір сәт көпшілік назарын Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына аударды.