- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
29.09.2017
Шанхай университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шанхай шет тілдер университетінде (ШШТУ) қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасын ашты. Бұл ортақ жоба Қытайдағы ҚР Елшілігі мен Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулдығының қолдауымен жүзеге асты.
20.09.2017
Ғылыми білім беру орталығы ашылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов Катар мемлекетінің Доха қаласына жұмыс сапарымен барып, білім министрі Мұхаммед әл-Хаммадимен жүздесті.
19.09.2017
Қылмыстық процесті жаңғырту реформасы талқыланды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Қылмыстық іс өндірісінің тиімді жүргізілуі – қазіргі құқық қорғау жүйесі дамуының басым бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
05.09.2017
ҚазҰУ көш басында
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық рейтингте кезекті сатыға көтеріліп, Орталық Азия аймағы мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып әлемнің 250 үздік университеті қатарына енді.
21.08.2017
ҚазҰУ грант саны бойынша көш басында
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алуға берілген грант саны бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көш бастады. Төрт мың бір жүзден астам үздік мектеп түлектері ҚазҰУ-да білім алу грантын жеңіп алды, олардың көбі «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары.
11.08.2017
Араб әлеміне саяхат
Араб әлеміне саяхат. Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада кувейттік ақын, әлемге әйгілі меценат Абдул Азиз Сауд әл- Бабтин мырзаның шығармашылығына арналған шара болып өтті. Ұлттық кітапхана мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен өткен мәдени шараға қоғам және дін қайраткерлері, аталған университет оқытушылары мен кітапхана, музей қызметкерлері һәм бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
10.08.2017
ҚазҰУ-ға Чонбук университетінің президенті келді
edunews.kz ақпараттық агенттігі
ҚазҰУ-ға Чонбук университетінің президенті келді. ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов Чонбук университетінің президенті Нам Хо Ли бастаған Корея делегациясымен кездесті.
09.08.2017
ҚазҰУ студенттері елбасы мақаласын талқылады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер құрылыс жасағы (СҚЖ) Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады. Тарих ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстан тарих кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Еділ Ноянұлы мақаладағы негізгі басымдықтарға бағдар жасап, жай-жапсарын жастарға түсіндіріп берді.
Алматыда көп ұлтты қоғамда бейбіт өмір сүру тақырыбын талқылауға арналған 18-ші Бүкіләлемдік Корей форумы өтті.
05.08.2017
Достық көпірі қазақ пен корей елдерін жалғап тұр
Алматыда «Әлемдік көп этникалық және мультимәдени дәуірде бейбіт өмір сүру, алмасу мен ынтымақтастық» атты 18-ші Бүкіләлемдік корей форумы өз жұмысын бастады. Форумды Қазақстанның корей қауымдастығы және Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас Консулдығының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Жаһандық корей қоры ұйымдастыруда.