БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


10.12.2015 Айқын

Талғат Мекебаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы: Кәсіподақ – тұрақтылық пен дамудың кепілі

Талғат МЕКЕБАЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы: Кәсіподақ – тұрақтылық пен дамудың кепілі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлт жоспары» – бес институттық реформаны жүзеге асыру мақсатымен «100 нақты қадам» бағдарламасын белгіледі.


10.12.2015 Алматы ақшамы

«Педагогика және психология» мамандығының жаңа қырлары мен мүмкіндіктері

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетіндегі бакалаврды дайындайтын «Педагогика және психология» мамандығы қазіргі заманға сай жаңа бағыт болып табылады. Дегенмен, әлі күнге дейін «педагог-психолог деген қандай маман иесі?» деген сұрақтар туындап жүр.


10.12.2015 Алматы ақшамы

«Көмек» ұйымының берері көп

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті- жас талаптарды армандарымен қауыштырған білім мен ғылымның қасиетті ордасы. Университетімізде студенттердің жан-жақты дамуына барлық қолайлы жағдай жасалған. «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты дене мәдениеті», «Green campus» жобалары арқылы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары студенттердің бойына барынша патриоттық сезімді сіңіртеді.


09.12.2015 Егемен Қазақстан

Елбасының ерен еңбектері ғалымдар мен студенттер баяндамаларына өзек болды

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінде жас ғалымдар мен студенттер арасында «Елбасының Нұрлы Жолы – болашаққа бастар жол» тақырыбында апталық іс-шараның пленарлық дөңгелек үстелі өтті.


07.12.2015 Алаш айнасы

Студенттер Елбасы Жолдауын талқылады

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді.


05.12.2015 Айқын

Н.Торманов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры: Бірлік пен тірлік қажет

Елбасы өз Жолдауында қазіргі заманның беталысына, аса күрделі кезеңге аяқ басып жатқандығына назар аудара отырып, алпауыт елдердің арасындағы текетіреске түсіп, бір-бірінің экономикасына санкция салып, дүниені тұйыққа тіреуге душар етіп отырғандығын айтты.


03.12.2015 Экономика

Мен жастарға сенемін

...Сұңқары кең самғаған тынысы кең.

Тұлпары жаңылмаған жүрісінен,

Еркіндік күле қарап келген маған,

Кестелі том-том тарих тігісінен.

Хан тағыңнан нұр шықты қайран, ғажап,

Алқабыңнан ақыры айдалды азап.

Барыс ұлдың бағдарын биіктеткен,

Намысыңның ұртында шайнал Қазақ.

Тірі тарих төсінде толғатумен,

Еркіндікті тудырған Қайран Қазақ


03.12.2015 Экономика

Универсиаданың абсолюттік жеңімпазы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның 56 жоғары оқу орны қатысқан VIII жазғы универсиаданың абсолюттік жеңімпазы атанды.

Республикалық жазғы универсиада еліміздің 9 жоғары оқу орнының спорт кешендерінде 56 жоғары оқу орнынан 5770 спортшының қатысуымен өтті. Жеңімпаздарға 516 медаль табысталды.


03.12.2015 Алматы ақшамы

Ұлт саясаты туралы дәрістер

Менің саясаттанушы маман болып қалыптасуым, қызығы мен қиындығы мол саяси ғылым жолына түсуім – қазақстандық жоғары білімнің қара шаңырағы – ҚазПИ-дің тәжірибелі қоғамтанушы ғалымдарының арқасында жүзеге асты. 1991 жылы сол кездегі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде алғаш рет «Саясаттану» бөлімі ашылып, кәсіби саясаттанушыларды дайындай бастады. Теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасы құрылды. Бұрын КСРО кезінде «Саясаттану» деген арнайы ғылым саласы да, дербес мамандық түрі де болмағандықтан, ол ұжымда елімізге танымал көптеген философтар, әлеуметтанушылар мен тарихшылар еңбек етті. Сондай ғалым-педагогтардың ішінде дәстүрлі философия мен енді қалыптаса бастаған саясаттануды қатар меңгерген әмбебап маман, философия ғылымдарының докторы, профессор Раушанбек Боранбайұлы Әбсаттаров ерекше орын алды.


03.12.2015 Алматы ақшамы

Үштілді білім беру - бүгінгі күн талабы

2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 7 тамыздағы «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерді ашу туралы» №387 бұйрығын орындау мақсатында (Алматы қаласы Білім беру департаменті, 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №406 бұйрығы) жаратылыстану-математикалық циклдың биология пәнін ағылшын тілінде оқыту қызметі ұйымдастырылған еді. Көптілді білім берудің негізгі мақсаты – оқушыларды білімді, тәрбиелі, дарынды, жан-жақты, көптілді тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оларға өздерінің білімін әрі қарай Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка мен Азияның алдыңғы қатарлы ЖОО-нда жалғастыруына мүмкіндік беру. Бұл өз алдына білім беру сапасының, ғылым салаларының дамуы мен сапасының артуына алып келуі тиіс.