- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
03.12.2015 Айқын
Мемлекеттік саясаттың өзегі – кәсіпкерлер табын қалыптастыру.
Елбасының кезекті халыққа Жолдауы Елбасы мен бүгінгі буынның, болашақ буын алдындағы жауапкершілігіне арқа сүйеді.
03.12.2015 Айқын
Шеберлік сабақтары өтті.
Шеберлік сабақтары өтті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының құрылғанына 81 жыл толуына орай «БАҚ мамандарын даярлау және оның жаңа бағыттары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
03.12.2015 Түркістан
Жастарға керегі -көк тудың желбірегені
...Сұңқары кең самғаған тынысы кең, Тұлпары жаңылмаған жүрісінен, Еркіндік күле қарап келген маған, Кестелі том-том тарих тігісінен, - деп жырлаған жас ақын Мұқағали Кенжетайұлы шабыттың шырқау шыңына шығып, талантының таза бағасын алды. ҚазҰУ-да тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты III республикалық патриоттық жастар фестиваліне қатысушылардың рухының асқақтығы өлеңнің әрбір тармағынан сезіліп-ақ тұр. Фестивальге республикамыздың түкпір-түкпірінен Мұқағали сынды дарынды және талантты патриот жастар, инновациялық жобалар мен шығармашылық туындылардың авторлары жиналды.
02.12.2015 Егемен Қазақстан
Өмірге қажетті өрелі бастамалар.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясына әлем ерекше назар аударып қарағаны белгілі. Мұның себебі толып жатыр. Біріншіден, бүгінгі дүние түрлі аймақтарда соғыс өрті шапшып тұрған бір тынышсыздық жағдайында өмір сүруде. Екіншіден, дүниежүзілік экономиканың даму қарқыны бәсеңдегені соншалық, осыған дейін қарқынды дамып келген дамушы елдер санатындағы мемлекеттерде де рецессиялық келеңсіздіктер басталып кеткендей. Қысқасы, әлемдік экономика түзелудің орнына кері кетуді бастан кешіп жатқан шақта Жер бетінің түрлі аймақтарында соғыс жанжалдарының ушығуы табиғи заңдылықтай көрінеді.
02.12.2015 Айғақ (Шымкент)
ҚазҰУ-менің мақтанышым!
Алтын ұя мектебімнен түлеп ұшқан соң, жаңа өмірге аяқ басып, бір маман иесі болу арманым болатын. Мамандық таңдауда ата-анамның айтқан ақыл-кеңесіне сүйендім. Сөйтіп, талай жастарға арман болған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетінің студенті атандым. Университетке аяқ басқалы бері өзімді нағыз білім ордасына, жалынды жастардың қатарына енгеніме өте қатты қуанамын. Өйткені, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы - сапалы білім беру жүйесінің тірегі, ескінің көзін көрген, 80 жылға жуық тарихы бар Ұлттық университетке еліміздің түкпір-түкпірінен, алыс-жақың, шет елдерден келіп, оқып жатқан студенттер өте көп. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы.
28.11.2015 Арқа ажары (Кокшетау)
Алматы студенттер қаласы. Мұнда республикамыздың барлық аймақтарынан жастар білім алады. Биыл мен оқуға түскен бір ғана Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жалпы аумағы 81 000 шаршы метр болатын 14 жайлы жатақхана бар.
28.11.2015 Айқын
Монографияның маңызы
Көркем шығармадағы диалогтың атқаратын қызметі қазақ әдебиеті ғылымында анау айтқандай зерттеле қоймаған тың тақырып деуге болады.
26.11.2015 Дидар
Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін жақындата түскен кезекті шара ретінде білім беру саласында университеттердің ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуын атап өтуге болады.
26.11.2015 Түркiстан
Қазақ ғалымы - ғылым көшбасшысы
Өткен айдың соңында Алматыда Thomson Reuters (Томсон Рейтерс) компаниясының қатысуымен «Әлемдік кеңістікте Орталық Азия өңірі ғылымының интеграциясы» атты халықаралық форум болып өтті.
26.11.2015 Түркiстан
Ұлтының ұмытылмас тұлғасы
Биыл Сапар Байжановтың туғанына 85 жыл! Осыған орай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасы дайындаған «Өнегелі өмір» сериясымен С.Байжановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті.