- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
24.11.2015 Жас Алаш
Америкалық фотограф Райн Белл
Жуырда ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнде америкалық “National Giographic” фотографы Райн Белл қазақстандық журналистер мен фототiлшiлерге, студенттерге кәсiби шеберлiк сағатын өткiздi.
24.11.2015 Жас Алаш
«Көсемсөздің көсемі»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде белгiлi ғалым, алаштанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аманқос Мектептегiнiң “Көсемсөздiң көсемi” еңбегiнiң тұсауы кесiлдi. Бұл еңбекте алаштың ардақты ұлы Халел Досмұхамедұлының көсемсөздерiнiң негiзiнде қазақ қоғамы өмiрiндегi өзектi де келелi мәселелердi шешудегi шеберлiк қырлары сарапталып, олардың қоғамдық пiкiрдi қалыптастырудағы жетекшiлiк қадiр-қасиетiн, бiлiмпаздық өнегесiн, кәсiби шеберлiк қыр-сырын ашуға бағытталған. Ұлт көсемдерiнiң деңгейiне көтерiлген алып тұлғаның қазақ қоғамын империяның отарлаушылық, тонаушылық, қанаушылық езгiсiнен құтқару жолындағы жанкештiлiк шығармашылық еңбегi жан-жақты қарастырылған.
23.11.2015 qamshy.kz
«Өнегелі өмірді» өзек еткен кітап
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «100 кітап» бағдарламасы аясында «Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – Сапар Байжановтың шығармашылығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға жазушы-журналистің жары Күләш Бейсенбиева мен баласы Ерлан Байжанов, замандастары мен шәкірттері қатысты. Іс-шара барысында Сапар Байжановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген кітаптың тұсауы кесілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
23.11.2015 Білімді ел
Ұлтының ұмытылмас тұлғасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «100 кітап» бағдарламасы аясында «Ұлтының ұмытылмас тұлғасы - Сапар Байжановтың шығармашылығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға жазушы-журналистің жары Күләш Бейсенбиева мен баласы Ерлан Байжанов, замандастары мен шәкірттері қатысты. Іс-шара барысында Сапар Байжановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген кітаптың тұсауы кесілді.
19.11.2015 Айқын
Орны бөлек оқу ордасы.
Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттықуниверситеті – еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының ең беделдісі әрі бірегейі.
19.11.2015 Түркістан
Ғарышқа Қазақстан азаматы ретінде ұшатыныма сендім...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғарыштық технология дайындау бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің бірі. Оның бір дәлелі күні кеше аспан әлемін бағындырып келген ғарышкер Айдын Айымбетовтің ұшу бағдарламасына енген «Кулонов плазмалық кристалы» университеттің ғарыш саласындағы алғашқы ғылыми тәжірибесі деуге болады.
19.11.2015 Экономика
Абай және қазақ болашағы
Қазақстан Ғалымдары одағының президента, ҚР ҰИА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбден әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттеріне «Абай және Қазақ болашағы» атты дәріс оқыды. Атақты қоғам қайраткері өзінің дәрісінде ұлы дала ойшылы Абай Құнанбайұлының қазақ халқының өміріндегі рөлі және ақын шығармалары мен айтқан өсиеттерінің маңызына тоқталды.
19.11.2015 Экономика
Ғарыш саласына көп көңіл бөлінуде
Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ҚазҰУ студенттерімен кездесті. Халық қаһарманы кездесу аясында ҚазҰУ-дың ғарыш саласында жеткен жетістіктерімен танысып, нано-лаборатория нен ғылыми-техникалық паркті, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен бірегей әл-Фараби кітапханасын аралады.
19.11.2015 Экономика
Баспагерлер қарары
Еліміздің кітапбаспа саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында «баспа ісі» мамандығы ашылып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасы 1998 жылдан «бакалавриат», ал 2008 жылдан «магистратура» бойынша жоғары білікті кадрлар даярлап келеді.
19.11.2015 Айқын
Алаш арыстарын ардақтады
Алаш арыстарын ардақтады Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ғалым, алаштанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аманқос Мектептегінің «Көсемсөздің көсемі» еңбегінің тұсауы кесілді.