БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


13.11.2015 Айқын

ҚазҰУ-да "Жат" фильмінің көрсетілімі өтті

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Отандық кино күні» жобасы аясында әлемдік «Оскар» жүлдесінен үміткер «ЖАТ» фильмінің көрсетілімі өтті.


12.11.2015 Айқын

Айдын Айымбетов университетке келді

Айдын Айымбетов университетке келді ҚазҰУ-да қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовтың Халықаралық Ғарыш бекетіне (ХҒБ) жасаған сапарына байланысты университет ұжымы және студенттерімен кездесу өтті.


12.11.2015 Алматы ақшамы

Мен де жас түлек атанып, мектеп қабырғасымен қоштасып, үлкен өмірге жол тартқан едім. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті атандым. Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығын таңдап, химия әлемімен таныстым.


12.11.2015 Алматы ақшамы

Қала жастары қаһарманмен кездесті

Білімнін қарашаңырағы - әл-Фараби атындағы Ұлттық университет ұжымы Халық Қаһарманы Айдын Айымбетовпен кездесті. Алдымен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, университет ректоры Ғалым Мұтанов ғарышкермен бірге тау етегіндегі жастар қалашығын аралап шықты. Күн санап емес, сағат санап көркейіп келе жатқан жастар қалашығының бүгінгі бет-бейнесі мен ондағы атқарылып жатқан игілікті істердің барлығы көңілінен шыққанын жасыра алмаған ғарышкер ризашылығын білдіріп, өзін тағатсыздана күтіп отырған студенттермен кездесуге бет алды.


10.11.2015 Алматы ақшамы

Қайталанбас ғажап сәт

Студенттік шақ - жоғары оқу орнында оқыған немесе оқып жатқан әрбір адамның өміріндегі ең жарқын кезең болып саналады. Студенттік өмір өмірдің ең керемет, ең шуақты сәті емес пе?! Біреулер жанталас күндер көрінісі деп бағаласа, енді біреулер қайталанбас ғажап сәтке балайды. Меніңше, студенттік өмір - қызығы мен шыжығы, базары мен ажары, қуанышы мен қиындығы қатар жүретін өмірдің аса бағалы сәттері.


09.11.2015 Қала мен дала

Пан Ги Мун ҚазҰУ-ге сенеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның халықаралық хабына айналып, әлемнің үздік жоғары технологиялық 50 университет қатарына қосылды. Сондықтан да болар БҰҰ-ның Нью-Йорктағы Штаб пәтерінде білім мен ғылымның тұрақты дамуына байланысты өткен әлеуметтік отырыстың салтанатты ашылу рәсімін өткізудің мұмкіндігі ҚазҰУ-ге бұйырды.


06.11.2015 Айқын

Күйшінің сыйы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экономика және бизнес мектебінің студенттері күйші Талап Қарашпен кездесу өткізді.


06.11.2015 Алматы ақшамы

500 ОРЫНДЫ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

Тау етегіндегі ҚазҰУ қалашығы тағы бір айшықты ғимаратпен толық­қалы отыр. Осы қалашықтағы «Керемет» деп аталатын кампус аумағында 500 орынды диагностикалық орталық ашы­латын болды. Бұл жөніндегі мемо­рандум­ға Қаз ҰУ ректоры Ғалым Мұта­нов пен Пунданг госпиталінің президенті Ли Чоль Хи қол қойды.


06.11.2015 Жас Қазақ

Жаңа белес

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб пәтерінде білім мен ғылымның тұрақты дамуына байланысты өткен әлеуметтік отырыс Қазақстаннан берілген тікелей бейнекөрсетілімнен басталды.


05.11.2015 Түркістан

ЕҢ ТИІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Жаһандану уақытында білімге салынған салымдар ең тиімді инвестициялар болып саналады. Дәл осы ұстанымды ұстанған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы соңғы 4 жылдың көлемінде үздік студенттерге қолдау көрсету үшін демеушілермен жұмыс жасап келеді. Игі бастама ҚазҰУ-да әдемі дәстүрге айналды.