БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


01.10.2015 Қазақпарат

БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Елбасы әлемнің әрі қарай даму тұжырымдамасын ұсынды - Ғ.Мұтанов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БҰҰ БА 70-сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы әлемдік деңгейдегі көшбасшы ретінде әлемнің әрі қарай даму тұжырымдамасын ұсынды. Осындай пікірімен бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы Ғалым Мұтанов бөлісті.


30.09.2015 Айқын

Келісімгеқолқойды

ҚазҰУ-да Бас редакторлар қоғамдық бірлестігі клубы, Инвестиция және даму министрлігі, Байланыс, Ақпарат және ақпараттандыру комитетінің қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» адами капиталдың тұрақты даму медиаалаңы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.


29.09.2015 Bnews.kz

Алматыда алғашқы инновация академиясы ашылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де алғашқы инновция академиясының ашылу салтанаты өтті. Білім орталығы бір уақытта 120 студентті қабылдауға қауқарлы, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


26.09.2015 Қазақпарат

Алматыда ынтымақтастыққа арналған ғылыми жиынға Еуропаның 60 университетінен өкіл келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Еуропалық одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастық» атты халықаралық ғылыми конференция басталды.


26.09.2015 Алматы Ақшамы

ҚАЗҰУ — ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

«Алматы ақшамы» газетінің өткен нөмірлерінде «ИнфоТех&Серис» ЖШС ұйымдастыруымен үш турды қамтыған «Супербухгалтер» конкурсына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университетінің «Экономика және бизнес жоғары мектебі», «Есеп және аудит» мамандығының магистрлері мен студенттерінің қатысып, білімдерінің жоғары деңгейде екендігін көрсете білгендігін, әсіресе, бітіруші курс суденттері белсенділік танытып, жақсы нәтижеге қол жеткізгенін, ақтық турда арнайы біліктілік куәлігімен (сертификатпен) марапатталғанын және бітіруші түлектердің мемлекеттік аттестациялау комиссиясы алдында мамандық бойынша емтихан тапсырған пәндер мен диплом қорғаудан 99-100 балдық жоғары нәтиже көрсетіп, есеп және аудит мамандығын үздік бітіріп, академиялық бакалавр дәрежесін алғанын жазған едік.


25.09.2015 Қазақпарат

Алматыда ақпараттық технологиялар жөніндегі халықаралық конференцияға 50-ден астам шетелдік ғалым қатысуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Ғылым, техника мен білім салаларындағы есептеуіш және ақпараттық технологиялар» атты халықаралық конференция жұмысы басталды.


24.09.2015 Ана тілі

ҚазҰУ – әлемдік үздіктер қатарында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдік білім нарығында бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдеп, дүниежүзіндегі үздік университеттер арасында жоғары орынға көтерілді.


18.09.2015 Ана Тілі

Студенттер экспедициясы нәтижелі болды

Кеше «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының демеушілігімен ­әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды.


18.09.2015 Айқын

ҚАЗҰУӘЛЕМДІКЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕНІ ДӘЛЕЛДЕДІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әлемдік білім нарығында бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдеп, әлемдегі үздік 800 университет арасында жоғары орынға көтерілді.


15.09.2015 Алматы Ақшамы

10 млн.доллардың суперкомпьютері

Рая ЕСКЕНДІР

Білімнің қара шаңырағы — ҚазҰУ Қытай үкіметінің гранты бойынша 10 млн. доллардың суперкомпьютерін алатын болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Респуб­ликасына жасаған мемлекеттік сапары барысында осындай уағда­ластыққа қол жеткізіп қайтты. Соны­мен, керемет компьютердің ерек­шелігі неде? Ол – бір секунд ішінде жүз он триллион опера­ция­ны жүзе­ге асыра алады екен. Елі­міздің басты оқу ордасына беріліп отыр­ған мұндай керемет компью­терді Қытайдың «ІNSPUR» компа­ниясы ұсынып отырса, оның қара­жатын Қытай үкіметі бөліп отыр.