- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
20.03.2015 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде (РФ, Барнауыл қ.) өткен «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихи сабақтар мен қазіргі заман» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысты. Бұл туралы бүгін Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
19.03.2015 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қалалық соты және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
12.03.2015 "Ана тілі" газеті
«ТҮРКСОЙ» кафедрасы ашылды
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен «Алматы – ислам мәденитінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында ТҮРКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілді.
11.03.2015 "Қазақ әдебиеті" газеті
«АЙНАЛАҢДЫ НҰРЛАНДЫР!»
11.03.2015 "Айқын" республикалық газеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1965 жылы бітіріп, осы оқу орнында қол үзбей 50 жыл еңбек еткен Нұртай Торманұлын ұлағатты ұстаз, білікті ғалым деп баға беруге толық құқығымыз бар.
11.03.2015 "Қазақ әдебиеті" газеті
БІЛІМНІҢ БИІГІ
Қанипаш МӘДІБАЙ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, ф.ғ.д.
– Жоғары мектептің жастар тәрбиесіне айрықша ден қойып отырғаны қуантады. Ширек ғасырдан бері өзіңіз еңбек етіп келе жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бұл бағытта да көшбасшылық орында. Кейінгі кезеңде білім беру мен ғылыми жұмыстар жүргізуде ҚазҰУ-де орнығып отырған жаңашыл үдерістер туралы да айтып өтсеңіз.
– Біздің университет осы жүйелер бойынша әлемдік стандарттарға сай жұмыс жүргізуде шын мәнінде көшбасшы болып отыр деп ойлаймын. Тәуелсіздік тарихымызда тағдыр нәсіп еткен игіліктерді білім мен ғылым көріп отыр. Соңғы ширек ғасырда қилы дағдарыс атаулыға ден бермей, дағдылы қалпын бұзбай, дамымаса – дағдармаған жақсы мағынасындағы жанкештілік те осы салада ғана сияқты. Қазақ әдебиетінің тарихы қазір жалтақтамай еркін оқытылады, көненің көзі, арғы бабалардың ой сәулесі сақталған құндылықтарымызды зерттеу де көш ілгері озды. Кейінгі кезеңде жоғары мектеп оқытушыларына талап күшейген. Шет тілін білу керек. Дүниедегі білім бағыттарына сай біліктілік қажет.
08.12.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді. Бүгін аталған оқу орнында инновациялық форум өтуде.
05.12.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең танымал «Springer» баспа үйі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудегі математикалық әдістер мен үлгілер» («Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting») атты кітабының тұсаукесерін өткізді.
24.11.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
АСТАНА. Қазақпарат - Әлемдік өнер және ғылым академиясы Қамқорлық кеңесі (WAAS) мен Номинациялық комитеттің шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтанов осы беделді халықаралық ұйымның мүшесі болып сайланды.
22.10.2014 "Заң" газеті
Білім ордасы бағындырған биік
Бүгінде сексен жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Қазақ ұлттық университетінің ел өмірінде алатын орны ерекше. Осы уақыт аралығында білім ордасы заман талабына сай даму үрдісінен өтті. Тәуелсіздік жылдары ұлттық мәртебе алды, әлемдегі екінші ұстаз атанған Әл-Фараби есімін иеленді. Университетке ел ішінде де, әлемдік ауқымда да ұлттық білім беру жүйесінің мүддесін білдіру, даму деңгейін көрсету сияқты абыройлы да жауапты міндет жүктелді.