БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


21.10.2014 www.baq.kz

ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың кітабының тұсаукесері Германияда өтті

АЛМАТЫ. 21 қазан. Baq.kz - Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісіәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


21.10.2014 "Ана тілі" газеті

ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың кітабының тұсаукесері Германияда өтті

Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісіәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


17.10.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

Әлемдегі ірі баспалардың бірі ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың кітабын жарыққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті.


26.09.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

АҚШ студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - АҚШ университеттерінде оқитын 26 студент білім алуға еліміздегі жетекші оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді.Олар бір жарым жылдан бері «Флагман» бағдарламасына қатысып, тіл білімінен емтихандар мен сынақтар тапсырған.


26.09.2014 "Дарабоз" журналы

ТІЛЕКҚАБЫЛ РАМАЗАНОВ: «Ғылым өндірісті дамытуы керек»

Ғылымы дамымаған елдің өндірісі дамымайды, өндірісі дамымаған ел өркендемейді. Қазақстан ғылымында болып жатқан соңғы кездегі өзгерістер мен өзекті мәселелер жайлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика- математика ғылымының докторы, профессор Рамазанов Тілекқабыл Сабитұлымен сұқбаттасқан едік:

– Тілекқабыл Сабитұлы, 2010 жылы диссертациялық кеңестер жабылып қалды. Бұрынғы аспирантура алынып тасталды да «магистр», «Доктор PhD» ғылыми деңгейі енгізілді. Осы «Доктор PhD» ғылыми деңгейі туралы айтып берсеңіз?


24.07.2014 "Алаш айнасы" газеті

Футболдан студенттер ұлттық лигасының тұсауы кесілді

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоратында футболдан Студенттік лиганың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Оған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қатысты, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті.


24.07.2014 "Егемен Қазақстан" газеті

«Керемет» шынында да керемет!

Қазақстанда ғана емес, ТМД елде­рінде алғашқы рет әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­верситетінде бірыңғай ресурстық «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы шаңырақ көтерді. Мұндай орталықтар тек Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің жоғары білім беру орындарында ашылған. Орталық ұлы Шығыс ғұламасы әл-Фарабидің трактаттарында сипатталатын, қайырымды да ақылды қала құру туралы идеясының желісінде университет ректоры Ғ.Мұтановтың бастамасымен өмірге келді.


24.07.2014 "Ана тілі" газеті

«ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап»

KazNU_Library

ҚазҰУ-да қолға алынған жобалардың бірі – «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы. Осы жоба аясында ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен халқымыздың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыздың шығармашылығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға кафедра оқытушыларымен қатар магистранттар, студенттер қатысты. Іс-шара барысында ақын өмірбаяны, жүріп өткен жолдары тыңдаушы қауымға таныстырылып, ақынның өлеңдерінен жыр-шумақтары тыңдалды. Студенттер және көзін көрген адамдар ақын жайлы естеліктерін айтты. Бір сағаттан астам уақытты қамтыған іс-шарадан өте жақсы әсер алып тарқастық.


24.07.2014 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
24 Шілде 2014, 14:06
ФУТБОЛ: Қазақстанда Ұлттық студенттер лигасы құрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де футболдан «Ұлттық студенттер лигасының» таныстырылымы өтті.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Сейділдә Байшақов, Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері Асқар Уранхаев, бірқатар ЖОО ректорлары қатысты.

Елімізде жаңадан қолға алынған жобаның қаржыландырылуы жайлы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.


04.06.2014 "Алматы ақшамы" газеті

ҚазҰУ-дегі «Керемет» кешен

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 80 жыл толып отыр. Осынау мерекелі жыл аясында білімнің қарашаңырағы жүзге жуық шара өткізіп, тойға ерекше шашу жасады. Қайырымды қала – ҚазҰУ қалашығында бірнеше игілікті шара жүзеге асты. Ең алғашқы кірпішін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған «Әл-Фараби» атты ғылыми кітапхана тұсауы да сәтімен кесіліп, студенттер игілігіне берілген еді.