- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
04.06.2014 "Алматы ақшамы" газеті
Даму кезеңдерінің куәсі болған университет
80 жылдық тарихы бар білім ордасы бүгінгі күні еліміздегі қоғам өмірі мен білім, ғылым саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері болып келеді. Осы жылдар ішінде көптеген істер атқарылып, жылдан-жылға ұстаздардың білім беру сапасын арттыру, студенттердің білімге деген құлшынысын одан әрі дамыту үшін түрлі жобалар пайда болды.
04.06.2014 "Егемен Қазақстан" газеті
Өркениет өлшемі
Талай түлектің арманына айналған еліміздегі шоқтығы биік білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толды. Университеттің мерейтойы аса маңызды әрі жинақтаушы әлеуеті жоғары оқиға. Қазіргі кезеңде, жоғары оқу орындарында ғылым үйретіп, білім берудің сапасын арттыру мен ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан кең көлемді өзгерістер мен реформалар тұрғысынан алып қарағанда, тәрбие жұмысы саласында да жаңаша көзқарас пен жаңаша ұстанымдар қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Сондықтан да отандық білім мен ғылымның қарашаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің бұл саладағы тәжірибесі өзгеше.
04.06.2014 "Егемен Қазақстан" газеті
Білім көгінде – 80 жыл!
Алатаудың етегіндегі студенттер қалашығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің 80 жылдық мерейтойын үлкен сән-салтанатпен атап өтті. Білім дариясында желкенін жайған бұл оқу орны өзінің ғасырға жуық ғұмырында Қазақ еліне ерен еңбек сіңірген талай алыптарды тәрбиелеп шықты.
04.06.2014 "Ана тілі" газеті
Ұлттық білімнің ұстаханасы
Қазақстанның маңдайалды оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл толып отыр. Іргелі оқу орны өзінің шаңырағын 1934 жылы еліміз экономикасы мен шаруашылығын көтеруге бетбұрыс жасаған қиын-қыстау кезеңдерде көтерген болатын. Қазіргі таңда бұл оқу орны елдегі алдыңғы қатарлы жоғары да сапалы білім беретін білім ошақтарының біріне айналғаны анық. Сондықтан да атап өтілгелі отырған мерейтой республика жұртшылығын бейжай қалдырмайтындығы сөзсіз.
02.06.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында бос қызмет орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр.
02.06.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еліміздегі алғашқы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.
02.06.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері қауымдастығының президенті Қайрат Мәми Қазақ ұлттық университеті ұжымының салтанатты жиыны мен Түлектер форумына қатысты.
30.05.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай университет өмірін дәріптеуде үздік шыққан БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы өтті.
30.05.2014 "Маssaget.kz" сайты
ҚазҰУ Түлектерінің алғашқы Форумы шақырады!

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев баса айтқандай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының көшбасшысы" болып табылады. Өзінің көп жылдық тарихында ҚазҰУ біздің қоғам экономикасының барлық саласының дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып жатқан түлектердің мыңдаған армиясын дайындап шығарды.
26.05.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

АЛМАТЫ. ҚаАқпарат - Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы - бүкіл қазақ халқының тойы. Бұл туралы бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Қариялар - алтын қазына» атты салтанатты жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілфайыз Ыдырысов мәлім етті.