- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
26.05.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 80 жыл ішінде 150 мыңдай маман даярлаған. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Қариялар - алтын қазына» атты салтанатты жиын барысында осы білім ордасының тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директоры Меңдігүл Ноғайбаева мәлімдеді.
26.05.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында «Ақсақалдар - асыл қазынам» атты салтанатты жиын өтуде. Онда университеттің ғылыми және педагогикалық қызметінің ардагерлеріне құрмет көрсетіледі.
23.05.2014 "Егемен Қазақстан" газеті
Университет темірқазығы
Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Осы университеттің ең беделді құрамдас бөлігі – заң факультеті екендігі баршаға аян.
Қазақстанда заңгер дайындау тарихына назар аударсақ, республикамыздағы бірінші арнайы оқу орны – Кеңес мемлекетінің құрылысы және құқық институты. Кейінірек бұл институттың негізінде Алматы мемлекеттік заң институты құрылып, 1955 жылы осы институт заң факультеті болып Қазақ мемлекеттік университетінің құрамына кірді. 1997 жылы заң факультеті экономика факультетімен қосылып, осы факультеттердің негізінде экономика және құқық институы ашылды. Осы жылдары аты аталған факультеттердің аты өзгергенімен мазмұны және оның негізін құрайтын кафедралар өзгермей, өз қызметтерін жалғастыруда. Ал оның мақсаты елімізге білімді заңгер, экономист мамандарын даярлау. 2001 жылы бұл институт жабылып, заң және экономика факультеті дербестік алып, жеке факультеттер болып қайта ашылды.
23.05.2014 "Алматы ақшамы" газеті
Сенің оқу орның — сенің мақтанышың
Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа облысындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты. ҚР БҒМ-нің Ұлттық аккредитациялық орталығының бағалауы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындар арасында 2011жылы Ұлттық рейтингте көш бастап тұр. Сонымен қатар 29 бакалавриат мамандығы бойынша бірінші орында, жеті- екінші орында, екі-үшінші орынды иеленген. Жүлделі орындар ҚР БҒМ-нің Ұлттық аккредитациялық орталығының сертификаттарымен марапатталған. Quacquarellі Symonds (QS, Великобритания) агенттігінің жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша университет әлемдегі дамудың сапалық көрсеткіштерін бағалау бойынша жоғары деңгейді иеленген.
23.05.2014 "Қазақ әдебиеті" газеті
ҒЫЛЫМ-БІЛІМНІҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ
23.05.2014 "Қазақ әдебиеті" газеті
УАҚЫТТЫҢ ТАЛАБЫНА САЙ ӨРКЕНДЕУ
23.05.2014 "Қазақ әдебиеті" газеті
БІЛІМНІҢ БИІК ОРДАСЫ
Өткен жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарының орта шені. Жасөспірім шағымыз, мектептің оныншы-он бірінші кластарында оқып жүрдік. Ол тұста, аудан орталығында газет-журнал сататын бір ғана киоскі-дүңгіршек болатын. Қолымыз босаған бетте сол жерден барып ақпараттанамыз. Көбінесе, бізді қатты қызықтыратын екі парақ қағазбен шығатын «Қазақ әдебиеті» газеті еді. Бар-жоғы екі тиын тұратын. Газет бетінде жарияланған материалдарды таласа-тармаса, түгін қоймай қақтап оқимыз. Ес жиып қалғандықтан да бүкіл ой-санамыз, екі көзіміз Алматы жақта. Бір жаңалық күтіп, елеңдеп жүреміз. Өйткені, астанамыз Алматы болғандықтан, бар жақсылық, шапағат сол жақтан тарайтын. Әрі қазақтың ең менмін деген бетке ұстарлары: ақындар, жазушылар, әртістер және ең атақты неше түрлі жоғары оқу орындары, толып жатқан зиялы қауым өкілдері – баршасы Алматыдан орын тепкен.
16.05.2014 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері корей елінің профессорларынан онлайн дәріс алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде корей қорының қолдауымен «Global Classroom» ашылды.
Аталған жобаны жүзеге асыру үшін корейлік «Кунмин банк» пен корей қоры 19 мың доллар АҚШ доллары көлемінде грант бөлген.
16.05.2014 "Түркістан" газеті
Білім берудің жаңа сипаты
Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алып отырған бүгінгі жастардың рухани-адамгершілік ұстанымдары жоғары, жан-жақты толыққан тұлға ретіне қалыптасуы үшін тәрбие жұмысының мазмұны мен түрлерін жандандыру қажеттігі аса айқын мәселелер қатарына жатады. Бүгінгі таңда жастармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жалаң сөз бен ұранға толы формальді ұстанымдардың күні келмеске кетіп отыр. Себебі ашық ақпараттық ортада өмір сүріп отырған әрбір жас өмірдің ақ-қарасына толы хабарларға еркін қол жеткізе алады. Сондықтан жастардың жалаң ағымдар мен теріс пиғылы топтардың ақпарттық шырмауына түсіп, шалыс баспаулары үшін барлық жағдайды жасау аға буынға міндет. Ұлт данасы Абайдың «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген сөзі бар. Сондықтан, студент-жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіруде, еліміздің ертеңін сеніп тапсыра аталын азаматтың тұлғасын қалыптастыруда университеттік қауымдастыққа жүктелер міндет жүгі ауыр.
16.05.2014 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Қазақстан Азия университеттерін біріктіреді
Қазақстанның елордасы Астана қаласы биылғы жылы кезекті рет жаһандық мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған ең ірі халықаралық сұхбат алаңына айналған VII Астана экономикалық форумының (АЭФ) жоғары санатты қонақтарын қарсы алады. Форум жұмысына әлемдік сараптамалық қауымдастықтың көшбасшылары – танымал саясат және қоғам қайраткерлері, бизнес-қауымдастық, аса ірі халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компания өкілдері, Нобель сыйлығының лауреаттары және ғалым-экономистер қатысады.