БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


16.05.2014 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
15 Мая 2014, 08:38
В рамках VII АЭФ пройдет III Форум Азиатских университетов

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - В рамках насыщенной программы VII Астанинского экономического форума (АЭФ) на базе КазНУ имени аль-Фараби состоится важное событие - III Форум Азиатских университетов «Евразийское разнообразие и роль университетов в устойчивом развитии», сообщает пресс-служба учебного заведения.

«Форум соберет более 100 руководителей вузов из 40 стран мира. Пленарное заседание «Интернационализация университетов Евразийского пространства» состоится 21 мая в Астане во Дворце Независимости. Продолжит работу форум 22-23 мая в Алматы в КазНУ имени аль-Фараби. Это мероприятие откроет юбилейную декаду, посвященную празднованию 80-летия университета», - говорится в сообщении.


14.05.2014 "ӘДІЛЕТ" ұлттық апталық басылым

Вторник, 06 Май 2014 13:58

БІЛІКТІ МАМАН – ҰЛТТЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫНАСЫ

Сонау алыс армандарға талпыныс жасап, ертеңгі болашақтың баспалдақтарын таңдай бастаған тұстан үкілі үмітімізге айналған Қазақ ұлттық университетінің табалдырығын аттаған сәтіміз бәріміздің де есімізде. Бойымызды қорқыныш пен күдік билеген біздерді қасиетті алтын ұя сондай бір жылылықпен қарсы алды. Арман жүзеге асты, студент атандық, білім алдық, білікті маман болып шықтық. Есейдік, ер жеттік. Бірақ осынау қасиетті қара шаңыраққа деген ризашылық сезім жүрек түкпірінен саналы ғұмырда өшпестей орын алды. Сол үшін де туған университетіміз біз үшін қадірлі де қастерлі.


14.05.2014 "Егемен Қазақстан" газеті

Қарашаңырақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақтың жетекші классикалық университеті мәр­тебесіне ие. Бүгінгі күні Қазақстан білімі мен ғылы­мының ірі орталығына айналып отыр. 75 жыл­дық аса бай тарихы бар университет бұл сала­дағы инно­вациалық дамудың ұлттық көшбасшысына айналып отыр. Қазақ ұлттық университеті еліміздің бар­лық білім беру жүйе­сінің тірегі, білікті ордасы. Уни­верситеттің мыңдаған түлектері қазақстанның оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етіп жүр.


14.05.2014 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Global Class ашылады

14.05.2014
Дуанабай Жолдасбек

15 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде 543 аудиторияда Корей қорының гранттық қолдауымен корейтану және жапонтану кафедрасында Global Class-тың ашылу салтанаты өтеді.


10.05.2014 "Алматы ақшамы" газеті

Қазіргі кезең білектің емес, білімнің заманы

Елбасымыз 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағ­дарымызды анықтаған тарихи Жолдауында: «Біздің ендігі міндетімізегемендік жылдары қол жеткіз­геннің барлы­ғын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнық­ты дамуды жалғастыру» деген болатын. Оған жетудің басты факторы – ғылым мен білімді дамыту. Әсіре­се, ғылыми қамтымды экономика құру. Себебі, бола­шақта эконо­миканың дамуы ғылыммен тығыз байланысты болмақ.

Әлемдік кеңістіктегі ірі ғылыми-зерттеу орталы­ғы­на айналып отырған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бүгінгі көкжиегі айрықша. Ұлттық білім ордасының ашылуының 80 жылдық мерекесі – бүгінгі таңда Қазақстан білімінің үлкен мере­кесіне айналып отыр. Біз осыған орай, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универси­тетінің бірінші проректоры, химия ғылымының докторы, профессор Мұхамбетқали Мырзабайұлы БҮРКІТБАЕВТЫ әңгімеге тартқан едік.


10.05.2014 "Егемен Қазақстан" газеті

Уақыт ұлағаты

Елімізге белгілі тарихшы-ғалым, профессор, әрі этнолог, әрі археолог, қазіргі кездегі тарихшылар қауымының ақсақалы әрі кейінгі толқынның ұстазы, екінші дүниежүзілік соғысқа 18 жасында қатысып, Отан қорғаған ардагер Уахит Шалекенов бүгінде тоқсанның тұғырлы белесіне жетті.


10.05.2014 "Ана тілі" газеті

Ар ісін аялаған

Сонау 1951 жылдың қысында қазіргі Алматы облысы, Алакөл ауданының Жемді ауылында дүниеге келген Қанипаш кішкентайынан кітап-қағазға құмар болады. Ол кезде соғыстан бір аяғынан айырылып келген Кәрібай ата салт атқа мініп алып, әр үйге қос қоржынынан алма-кезек хат-хабар үлестіруші еді. Оның қарасы алыстан көрінгеннен-ақ Қанипаш өзі ынтыға күтетін «Балдырғанды» алуға асығады. Журналдағы Бердібек Соқпақбаевтың «Аяжан» повесінің жалғасын оқығанша тағат таппайды. «Пионерге» өзі де мақала жібере бастады.


06.05.2014 "Егемен Қазақстан" газеті

Болашақтың университеті: ол қандай болуы керек?

Білім және ғылым министрлігінде реформа әзірлеуші мамандар алдымыздағы 10-30 жылда Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігінде жетекші орындардың бірін алуы ықтимал деп есептейді. Осы орайда, жақын болашақта Қазақстанның жоғары оқу орындарында дәстүрлі және заманауи білім беру арасындағы тепе-теңдікті анықтау мәселесі тұр.

Болашақтың университеті жайлы біз педагогтар әулетінен шыққан ғалым, химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия және химиялық технология факультетінің деканы Ердос ОҢҒАРБАЕВПЕН әңгімелескен едік.


06.05.2014 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Мемлекет тік тілді нығайтуға атсалысып жатырмыз

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің деканы, профессор

– Жуырда Қазақстан халқы ас­самб­лея­сының жиынында Елбасымыз Қазақ елінің бір­л­ігін, елдігін сақтап тұрған тіл мәселесін кө­терді. Бұл орайда осы салаға мықты маман­дар даярлап, тіл төңірегінде іргелі ойлар айтып жүрген көрнекті ғалым ретінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту үшін не істеу ке­рек деп ойлайсыз?

– Елбасымыз дәстүрлі Жолдауында қазақ хал­қы төл тарихымен, ана тілімен Мәңгілік ел болатындығын айтты. «Қазақстан – 2050» стратегиясының түпкі мақсатында Мәңгілік ел идеясы жатыр. Терең түсінген адамға тәуел­сіздігіміздің мәңгілік болуы осынау ұлы идея­мен сабақтас.


18.04.2014 "Қазақ үні" республикалық қоғамдықсаяси апталық

Ғұмырлы «Өнегелі өмір»

Ғұмырлы  «Өнегелі өмір» Ғибратты тарих сонау көне заманнан бастау алады десек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де дәл сондай ұзақ жылдық тарихтың қойнауынан сыр шертеді.