БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


06.10.2016 Басты бағыт - ғылым

Экономика газеті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ғылым мен технология және инновация мәселелері бойынша өткен Азия парламентаралық форумына қатысты. 25 елден келген сарапшылар мен парламент мүшелері, халық­аралық ұйым­дардың Астанадағы өкілдері Ислам ынты­мақтастық ұйымына (ИЫҰ) мү­ше мемлекеттердегі білім беру саласы мен ғылыми әлеуетті арттыру бойынша байланысты нығайту мәселесін тал­қылады. Жиынға қатысушылар ИЫҰ мүше мемлекеттердің экономикасына ал­дың­ғы қатарлы технологияларды енгізу мен білімге негізделген қоғамды дамыту мәселелерін шешу жолдарын қарастырды.


26.09.2016 ҚазҰУ ректоры ISESCO сыйлығын иеленді

Қазақстандық ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры ғылым мен технология саласындағы исламдық ISESCO сыйлығының иегері атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Білім беру, ғылым мен мәдениет бойынша Исламдық ұйымның халықаралық сыйлығы (ISESCO) ұйымға мүше мемлекеттердің ғалымдарына биология, химия, геология, математика, физика және ғылыми технологиялар саласына сіңірген ғылыми-инновциялық еңбегі үшін екі жылда бір рет тағайындалады. 


06.09.2016 Сенімді көшбасшылық

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық рейтингте кезекті сатыға көтеріліп, Орталық Азия аймағы мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында  алғашқы болып әлемнің 250 үздік университеті қатарына енді.


02.09.2016 Қазақ ұлттық университетінде «Мәңгілік ел» қақпасы бой көтерді

bnews.kz

Қазақ ұлттық университетінде «Мәңгілік ел» қақпасы бой көтерді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен түлектердің «Мәңгілік ел» қақпасының ресми ашылу салтанаты өтті.


27.08.2016 ҚазҰУ курсанттары әскери ант қабылдады

Жас қазақ газеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери дайындық кафедрасының толық курсын өткен 345 студент әскери ант қабылдады.

Жиынға университет басшылығы, факультет декандары, курсанттардың ата-аналары, оқытушылары мен курстас достары қатысты. Курсанттар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып, Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демі қалғанша адал болуға, өзінің егемен мемлекетінің Конституциясы мен зандарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант берді.


27.08.2016 ҚазҰУ-да Олимпиадаға қатысушылардың құрметіне флешмоб өтті

Жас қазақ газеті

ҚазҰУ студенттерінің Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктері университеттің белсенді жастарын ерекше науқанға шабыттандырды. Студенттер университеттің ашық алаңында «Дима, Елдос – Рио чемпионы» сөздері бейнеленген флешмоб ұйымдастырып, Олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин мен Елдос Сметовті жеңістерімен құттықтады.


27.08.2016 Дмитрий Баландиннің оқытушысы оның сабақ үлгерімі жайында әңгіме өрбітті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Брасс әдісімен 200 метрге жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландиннің оқытушысы Андрей Хохлов «ҚазАқпарат» тілшісіне студентінің сабақ үлгерімі жайында әңгімелеп берді.

Дмитрий - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-ші курс студенті. Андрей Хохлов оны мектеп оқушысы кезінен білетін болып шықты.


27.08.2016 Өзара тәжірибе алмасты

Жуырда Назарбаев Универси­тетінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында энергияны сақтаудың алдыңғы қатарлы жүйелері мен наноматериалдарға байланысты  IV ха­лық­аралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. 


18.08.2016 ҚазҰУ-да Олимпиадаға қатысушылардың құрметіне флешмоб өтті

ҚазҰУ-да Олимпиадаға қатысушылардың құрметіне флешмоб өтті. ҚазҰУ студенттерінің Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктері университеттің белсенді жастарын ерекше науқанға шабыттандырды.


18.08.2016 ҚазҰУ-да олимпиадашылар құрметіне флешмоб өтті

ҚазҰУ-да олимпиадашылар құрметіне флешмоб өтті. ҚазҰУ студенттерінің Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктері университеттің белсенді жастарын ерекше науқанға шабыттандырды.

ҚазҰУ студенттерінің Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктері университеттің белсенді жастарын ерекше науқанға шабыттандырды. Студенттер университеттің ашық алаңында «Дима, Елдос – Рио чемпионы» сөздері бейнеленген флешмоб ұйымдастырып, Олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин мен Елдос Сметовты жеңістерімен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz. ҚазҰУ жастары өздерінің чемпион замандастарын мақтан тұтады, себебі Дмитрий Қазақстанның спорт тарихындағы жүзуден алғашқы олимпиада медалін жеңіп алса, Елдос дзюдодан күміс жүлдені қанжығасына байлады. «Асқан дарындылық пен қажырлы еңбектің арқасында біздің студенттер үлкен жеңіске ие болды. Рио-де-Жанейрода олардың құрметіне Қазақстанның әнұраны орындалды!», - деді ҚазҰУ жастар ұйымы комитетінің төрайымы Айсұлу Ерниязова. Жақын арада Дмитрий мен Елдосты өздері оқитын университет қабырғасында салтанатты түрде құттықтайды. Бұған дейін Алматы қаласының әуежайында ҚазҰУ-лық жанкүйерлер ыстық ықыласпен «Баландин – біздің қаһарман!», «Елдос – жарайсың!» деп жарқын дауыспен ұрандатып Елдос Сметов пен Дмитрий Баландинді күтіп алған болатын.

Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Qamshy.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.
http://qamshy.kz/home/show/8847


Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Qamshy.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.
http://qamshy.kz/home/show/8847