- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
02.04.2014 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ғылымды дамытуға бөлінетін қаржы көлемін молайту Қазақстанда сапалы мамандарды қалыптастыру арқылы адам ресурстарын молайтудың тетігі болып табылады. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров айтты.
25.03.2014 "BAQ.KZ" ақпараттық порталы
"ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН ҚОЛДАНУҒА ДАЙЫН"
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор виталий Сальников «бейсенбідегі бетпе-беттің» бүгінгі қонағы.
– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы» және «Жасыл экономикаға» өту концепциясын жүзеге асыруда белсенді қосылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы сияқты бастамаларын әрқашанда қолдайтыны белгілі. Қандай оқиға оның алғышарты болды?
25.03.2014 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-27наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының «SILKROUTE - SILKRoadUniversitiesTowardsEurope»консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
19.03.2014 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
17.03.2014 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы - «ЕССЕ MUNDUS» (Enhancing Cross-regional Cooperation in Erasmus Mundus) халықаралық семинары өтті.
19.02.2014 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
«2050 стратегиясы» – мерзімінен бұрын орындалатын бағдарлама
Сағындық САТЫБАЛДИН, экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
– Ұлт Көшбасшысы «2050 стратегиясын» жариялағаннан кейін, осыдан тура бір жыл бұрын cіз «Айқын» газетінде мақалаңызды жариялап, онда «бұл мерзімінен бұрын орындалатын нақты жоспар» деген едіңіз. Сонда келтірген мысалыңызда жылдық ішкі жалпы өнімнің орташа өсімін 4 пайыз мөлшерінде қарастырғаныңыз белгілі. Сондай-ақ өмір ақиқатында бұл көрсеткіштің 7 пайыз шамасында болатынын да ескертіп едіңіз. Президентіміздің 17 қаңтардағы Жолдауында да дәл осы көрсеткіштер аталды. Бұл сәйкестік пе, әлде «астары бар» сандар ма?
19.02.2014 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Жастар үндеу қабылдады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында «Қазақстан жолы – 2050 – менің жолым!» атты жастар форумы болып өтті.
19.02.2014 "Егемен Қазақстан" газеті
Ұлықтау ұлағаты
Өмірімізде күнде бір жаңалық. Бір жаңалық болса мейлі-ау, бірнеше жаңалық. Бәрі де бүгінде қадірін біліп те білмей, білсек те қасиет тұта алмай келе жатқан тәуелсіздіктің арқасы. Ол не жаңалық? «Өнегелі өмір» сериясы ашылып, серия бойынша жиырма бес кітап жарық көріпті. Ұйымдастырған, ұйымдастырған да іске қосқан – қарашаңырақ білім ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Өзіміз түлеп ұшқан ыстық ұямыз.
19.02.2014 "Түркістан" газеті
Ұлттық журналистика ұстаханасы ҚазҰУ кімдерді дайындайды?
Қазақ елінің тұңғыш университеті, бүгінде ұлы ғұлама Әл-Фараби есімімен әлемге мәшһүр болып отырған Қазақ ұлттық университеті – білім беру мен ғылыми зерттеудің қалыптасқан дәстүрін жалғастырумен бірге, уақыт сұранысына орай жаңаша жаңғыртып келе жатқан оқу ордасы. Білімнің «қарашаңырағы» атанып, білім беру саласындағы көшбасшылық орнын қашанда биіктен түсірмей келе жатқан ҚазҰУ бүгінгі күнде әлемдік деңгейдегі өз орнын алдыңғы қатардан айқындап отыр. Оған дәлел – Қазақ ұлттық университеті Ұлыбританияның танымал Quacquarelli Symonds (QS) әлемдік агенттігінің халықаралық рейтингі бойынша әлемнің 800 университетінің арасынан 299-орынды иеленуі. Бұл бағалай білген, жетістікке қуана білген барша жанға ұлттық университеттің ұлт мақтанышына айналғанының белгісі емес пе?! Әлемдік ең озық 300 университеттер қатарынан орнын ойып тұрып алу – ұлық мәртебе. Және де бұл қатарға бұрынғы Кеңестер одағы университеттерінің ішінен тек М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті мен Санкт-Петербург университеті еніп отырғанын ескерсек, ҚазҰУ мәртебесінің асқақтай түсері шындық. ҚазҰУ-дің халықаралық беделінің зор екендігіне Халықаралық ЖОО ассоциациясы құрамына Орталық Азияда ҚазҰУ-дің ғана қосылуы және Қазақстан ЖОО-дары арасында БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған тұңғыш әрі жалғыз университет екендігі тағы бір дәлел.
19.02.2014 "Ана тілі" газеті
Дәстүр сабақтастығы жалғаса береді
Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше мән берді. Елбасы өз сөзінде: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!» деген ой айтты. Біз Елбасы Жолдауында айтылған мемлекеттік тіл мәселелері төңірегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Қазыбекпен жолығып, әңгіме өрбіткен едік. Әңгімелесу барысында Гүлмира Құдайбергенқызы факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар етіп, қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері жөнінде де ойларын ортаға салды. Төменде сол сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.