- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
16.01.2014 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
1934 жылдың 15 қаңтарында оқытушы-профессорлар құрамы туралы және алғашқы 54 студентті физика-математикалық және биологиялық факультеттерге қабылдау туралы бұйрық қабылданды.
25.12.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жылда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2020 жылға дейін оқу орнының даму негізі болатын «Аl-Farabi university - smart city» ғылыми-инновациялық жобасы іске қосылады.
18.12.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік мереке - ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті.
Бұл туралы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінен хабарлады.
19.11.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
12.11.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі




ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбургтегі Қазақстан және Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының Х форумының жұмысына қатысты.
06.11.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

АЛМАТЫ. 5 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда студент жастар арасында инновациялық жобаларға, эсселер мен поэзиялық шығармаларға байқаулар жарияланды.
31.10.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Қызметкерлердің құқын қорғау – кәсіподақтың негізгі міндеті
Талғат МЕКЕБАЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы:
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында білім беру деңгейін әлемдік деңгейге көтеру турасында айтып өтті. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі өзгерістер жөнінде баяндап берсеңіз...
– Еліміздің инновациялық даму саясатына сай Қазақ Ұлттық университеті әлемдік деңгейдегі ғылыми университетке айналуды көздеп отыр. Дәл қазір университетіміз әлемдік білім беру нарығының бәсекеге қабілетті бір мүшесі екенін дәлелдеді. Айта кету керек, ҚазҰУ еліміздегі жоғары оқу орындарының қатарында тұңғыш рет Президенттің «Сапа саласындағы жетістігі үшін» жүлдесінің лауреаты атанды. Сонымен қатар университет халықаралық және Еуразиялық жоғары оқу орындары ассоциациясының мүшесі, жоғары кәсіби, университеттен кейінгі білім және ғылымның инновациялық дамуында көшбасшы атанып отыр. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті биылғы QS рейтингісінде 299-орынға табан тіреп, әлемдегі ең үздік университеттер қатарына ілікті. Яғни Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру турасындағы тапсырмасын сәтті орындап отырмыз. ҚазҰУ Алматы қаласының «Инновациялық Алматы» атты ірі жобасына қатысады. Инновация һәм технологиялық модернизацияны жүзеге асыруға бағытталған 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық кластері» атты жоба да жүзеге асырылып отыр.
31.10.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Ұжымның ұйымшылдығы ауадай қажет
Гүлмира ҚАЗЫБЕК, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканы міндетін атқарушы:
– Бір кездері Мұхтар Әуезов дәріс берген факультетті басқарып, оны жаңа үлкен белестерге алып шығу оңайға соқпайды. Алдағы уақытта факультеттің беделін көтеру үшін, студенттердің жан-жақты білімді болуы үшін қандай жоспар-жобаларыңыз бар? Қандай ауқымды жұмыстар атқармақшысыз?
– Мен деканның оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін бірнеше жыл атқардым. Сондықтан да бұл жұмыстың қыр-сырын жақсы білемін деп айта аламын. Алайда жүректің бір түкпірінде қобалжу, толқу сезімдері барын жасырмаймын. Мен «Тек қана алға!» деген ұстаныммен жүремін. Сондықтан білдей бір факультетке басшылық жасауға тәжірибем де, білімім де жетеді. Негізі, деканның орынбасары болғанымның өзі де бір қызық оқиға...
19.10.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

«Алатау» ИТП дамуының үшінші кезеңі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да іске асырылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ҚР Премьер-министрдiң орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ресми сапармен келді.
17.10.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев ресми сапармен келді. Күн тәртібіндегі басты сауал ҚазҰУ кампусындағы кезекті үшінші «Алатау» инновациялық технологиялар паркін (ИТП) орналастыру мүмкіндіктерін талқылау болды.