БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


11.10.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Ғалымдар ғылымның дамуына үлкен үлес қосып жатыр

Қабдырахман ДҮЙСЕМБИН, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Қазақстанда физиология мен биофизиканың, биомедицинаның іргетасы қашан қаланды? Отандық ғылымдар тарапынан бұл орайда қандай жұмыстар істелініп жатыр, ал аталған ғылымның келешегі қалай болмақ? Бұл саланың басында кімдер тұр, осы уақытқа дейін қандай жетістіктер мен қиыншылықтар болды? Отандық оқу, білімнің қара шаңырағы саналатын ҚазҰУ-дегі биофизика және биомедицина кафедрасына 75 жыл толып отырған шақта ауыз толтырып айтар жетістіктер бар ма? Бұл жөнінде биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Қабдырахман Дүйсембин газет тілшісімен ой бөліседі.


11.10.2013 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

Экологтер бас қосты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТМД-дағы экономикалық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы аясында «Экологиялық мәдениет пен қоғамның қалыпты дамуының заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


11.10.2013 "Алматы ақшамы" республикалық қоғамдық-саяси газет

«Өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте»

Биылғы жылдың 4 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң заң факультетi 101, 103, 104-топ­тарының куратор-эдвайзерлерi, «Қыл­мыстық құқық, қылмыстық iс жүр­гiзу және криминалистика кафед­расының доценттерi, з.ғ.к Г.Атаханова, Н.Жетiбаев, М.Бисе­нова, елiмiзде кеңiнен өтiп жатқан тiлдер апталығының аясында өздерiнiң топтарында универси­теттiк деңгейде «Өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте» тақыры­бында пiкiрталас және мәдени iс-шара өткiздi.


16.09.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
16 Қыркүйек 2013, 18:33
Алматыда Михаил Есенәлиевтің 85 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Өнегелі өмір» сериялық кітабының кезекті шығарылымы дипломат Михаил Есенәлиевке арналды. Бұл туралы бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университпетінде Михаил Есенәлиевтің (шын есімі Хакім Тілегенұлы) 85 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.


12.09.2013 "Дала мен қала" республикалық апталық газет
  • 11 Қыркүйек 2013, 18:06

ҚазҰУ – үздік оқу орындарының қатарында

ҚазҰУ – үздік оқу орындарының қатарында
ҚазҰУ – үздік оқу орындарының қатарында

Қазақстандық университет алғашқы рет әлемдік «Топ-300» үздік ЖОО-лардың қатарына енді.

Жоғары оқу орындарының сапалық көрсеткіштерін бағалайтың QS (Ұлыбритания) рейтингтік агенттігінің зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 800 үздік университеттері арасында 299-орынды бағындырып, әлемдік «Топ-300» үздік ЖОО-лардың қатарына енді. Айта кетерлігі, бұл тізімге ТМД елдерінен 3 жоғары оқу орны енген. Олар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ломоносов атындағы ММУ мен Санкт-Петербург университеті.


11.09.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
11 Қыркүйек 2013, 17:03
Қазақстандық университет алғаш рет әлемдік жоғары оқу орындарының үздік 300-дігіне кірді

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жоғары оқу орындары дамуының сапалық көрсеткіштерін бағалау саласындағы танылған беделді QS рейтингі агенттігінің (Ұлыбритания) зерттеулері қорытындысымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің 800 таңдаулы университеттерінің арасында 299-шы орынға шықты.


22.08.2013 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

Бұл қалашықта бәрі бар

Еліміздегі жоғары оқу орын­да­ры арасында көш бастап тұр­ған қара шаңырақ – ҚазҰУ-да 20 мың­ға жуық студент біліммен су­сындауда. Әсіресе университет қа­ла­шығы көрген жанды таң­дай қақтырмай қоймайды. Ір­ге­тасы тұңғыш рет 1971 жы­лы қаланған бұл қалашық – әлем­дік деңгейдегі студенттік кам­пус. Оның аумағында жа­тақ­­ханалардан басқа музей экс­понаттары, Ө.Жолдасбеков атын­дағы Студенттер сарайы, ең ірі спорттық кешен мен стадион ор­наласқан.


02.08.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
02 Тамыз 2013, 14:27
«Қазақ хандығының тарихы» сайты ашылды

АЛМАТЫ. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ хандығының тарихы» деп аталатын ғылыми-көпшілік сипаттағы сайттың (www.kaztar.kaznu.kz) ашылу рәсімі өтті.


30.07.2013 "Нұр-Астана" республикалық жастар апталығы

Түлектер толықтай жұмыспен қамтылады Ердос Оңғарбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия химиялық технология факультетінің деканы

ҚазҰУ-дың полимерлер мектебінің үш бірдей өкілі (Г.А.Мун, З.С.Нұркеева, В.В Хуторянский) соңғы алты жылдың бедерінде интерполимерлік комплекстер саласында әлемдік ғалымдардың алдына түсіп, алғашқы үштікте тұр (http://admin.isiknowlodge.com/analyze/ra.cgi)

Посткеңестік кеңістікте бірде-бір ғылыми мектеп осы күнге дейін мұндай нәтижеге қол жеткізбеген. Біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің деканы, химия ғылымдарының докторы, профессор Ердос Оңғарбаевты әңгімеге тартып, әлемдік деңгейдегі табыстарының сырын сұраған едік.


22.07.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Ел патриоттарын тәрбиелеу – басты міндет

19.07.2013 19:42 Ершай ӘЗІРЕТ

Міне, шілденің талапкерлер үшін аса маңызды күндері де келіп жетті. Ұлттық бірыңғай тест сынағы артта қалып, болашақ мамандыққа қатысты дұрыс таңдау жасау уақыты келді.

Жастар сапалы білім жарқын болашақ пен таңдаулы мансаптың негізі екендігін жете түсінеді. Осы орайда мектеп түлектерінің алдыңғы қатардағы жоғары оқу орындарын таңдауы заңдылық.