БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


03.06.2013 "Дала мен қала" республикалық апталық газет

Сапалы білім – келешектің кепілі

Баян ЕРМЕКБАЕВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-діңэкономика және бизнес жоғары мектебінің деканы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Елдің экономикалық деңгейі мен оның әлемдік бәсекелестік ұстанымы бірінші кезекте оның адамдарының сапасына – адами капиталға байланысты. Жаһандану жағдайында әлемдік бәсекелестікке төтеп беру үшін Қазақстанда адам капиталына аса зор көңіл бөлінуде.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемде-гі – жаңа Қазақстан» атты Жолдауында адам капиталының сапалы өсуін қамтама­сыз ету­де күрмеуін шешу қажет бірнеше ба­ғыт­тар анық сипатын алды. Халықаралық талаптарға сай мамандар даярлауда оқу үдерісінің заманауи әдістері мен технологиясын енгізу арқылы білім беру сапасын да халықаралық дәрежеге жеткізу – бүгінгі күн талабы екені баршаға аян.


31.05.2013 "Ана тілі" Ұлт газеті

Түлектер күні тойланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­сите­тінің журналистика факультетін 1993 жылы тәмамдаған түлектер қайта бас қосты. Биылғы түлектер әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүлшоқтарын қойып, Студенттер сарайына жиналып, Түлектер күнінің салтанатты ашылуына қатысты.


31.05.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Түлектердің «Қолтаңбасы» бар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті туралы ел арасында әдемі әзіл, қызықты әңгімелер жиі айтылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті туралы ел арасында әдемі әзіл, қызықты әңгімелер жиі айтылады. Жыл сайын аталмыш факультетті бітірген түлектер 20, 30 жылдығын тойлап, романтикаға толы студенттік шақты еске алып, әдемі кеш ұйымдастырады. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Журналистика факультетін 1993 жылы тәмамдаған кешегі студент, бүгінгі ел ағалары 20 жылдық мерейтойын атап өтті.


29.05.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
29 Мамыр 2013, 15:54
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері халықаралық ПОСКО қорының шәкіртақысына ие болды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ең үздік 20 студент Оңтүстік Кореяның Дж.Пак атындағы халықаралық ПОСКО (POSCO) қорының арнайы шәкіртақысымен марапатталды.


27.05.2013 "Дала мен қала" республикалық апталық газет

ҰСЫНЫС ПЕН ҰМТЫЛЫС

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Бос орындар жәр­мең­кесі – 2013» іс-шарасы өтті.

Оқу орнының ғылыми кітапханасының үлкен залында ұйымдастырылған жиынға еліміздің 50-ден астам ірі компаниялары­ның – бизнес, ғылым және өндіріс салалары­ның жетекші мамандары қатысып, аталған са­ла­ларға қызығушылық танытқан студенттерге өз жобаларын таныс етті. Шараға қа­зақ­стан­дық ғана емес, шетелдік ком­пания­лар­дың өкілдері де қатысып, өз бағдар­ла­ма­лары мен тренингтерін ұсынды.


27.05.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
25 Мамыр 2013, 16:00
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі Түлектер күні өтуде

АЛМАТЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «ҚазҰУ түлектерінің күні» өтіп жатыр.


24.05.2013 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

22 мамыр 2013, 14:02

Елдің әлеуметтік жаңғыруы тәрбиеден

Қазақстанның қазіргі және болашақта қайта жандануының стратегия­лық мақсаты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқын көрсетілген. Біз білім беру, денсаулық сақтау саласы да үздік, заң, бейбітшілік пен тыныштық үстемдік ететін, экономикасы мықты мемлекет құруымыз керек. Елдің жаңғыруы оны жүзеге асыруға қабілетті тұлғаны тәрбиелеуден басталады. Сондықтан қазіргі кезеңде педагогикалық ұжымның алдында маңызды мәселелер тұр. Жастарды біз қандай тәсілдермен тәрбиелеп отырмыз? Бұл тәсіл­дер қаншалықты тиімді, біз түпкі мақсатқа қол жеткізе аламыз ба?


21.05.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
20 Мамыр 2013, 19:11
ҚазҰУ-да Нобель сыйлығының иегерлері дәріс оқыды

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - 20 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Эрвин Неер және ақпараттық асимметрия саласында Нобель сыйлығының иегері Джеймс Миррлис дәріс оқыды, деп хабарлады аталған жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.


15.05.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
14 Мамыр 2013, 18:47
Алматыда Қазақстандағы поляктардың тарихы талқыланды

АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы поляктар тарихы» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтті.


14.05.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановқа Франция орденінің кавалері атағы берілді

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Білім саласындағы еңбегі, Қазақстан-Француз университеттік және ғылыми әріптестіктің дамуына қосқан үлесі үшін ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановқа Академиялық пальма бұтағы орденінің кавалері атағы берілді.