- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
14.05.2013 "Қазақ радиосы" жаңалықтар тізбегі
25.04.2013 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет
ҚазҰУ-да НР ғылыми-оқу орталығы ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде НР компаниясының «НР технология институты» бағдарламасы аясында НР (Hewlett-Packard) ғылыми-оқу орталығы ашылды.
25.04.2013 Хабарландыру
2013 жылдың 26 сәуір сағат 10:00-де (19 ауд.) «Жастарды рухани тәрбиелеудің шешендік үлгілері» атты тақырыпта «Бар қазақ – бір қазақ: діни-мәдени аспектілері» ғылыми-зерттеу жобасы аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.
25.04.2013 "Қазақ радиосы" жаңалықтар тізбегі
23.04.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы мен Алматы облысында туризм мамандығында білім алып жатқан жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен ІІ Аймақтық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды.
18.04.2013 "Ана тілі" Ұлт газеті
Жаңа кітапхана есігі айқара ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Орта Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы ең ірі кітапхананың тұсауы кесілді.
17.04.2013 "Ана тілі" Ұлт газеті
Алматыда «Қазақ университеті» газетінің 65 жылдық мерейтойына орайластырылған шара өтеді
Бүгін Алматыда «Қазіргі кездегі ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуы» деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны өтеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болатын бұл шара «Қазақ университеті» газетінің 65 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. 1948 жылдың 20 сәуірінен бері шығып келе жатқан университеттің төл басылымына жетекшілік еткен және онда қызмет жасаған журналистер, жазушылар және журналистика факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы қатысады.
11.04.2013 "Түркістан" республикалық апталық басылым
НАШАҚОРЛЫҚ – ҮЛКЕН ҚОРЛЫҚ
«Есірткісіз ақыл-ой» Бүкіләлемдік лига» белгілі бейүкіметтік ұйымы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға студенттердің есірткіге саналы түрде қарсы тұруын қалыптастыруға арналған бірлескен жоба өткізу туралы ұсынысын жасады.
11.04.2013 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет
Болашақ тілшілер сынақтан өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдары мен баспалардың қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында Республикалық «Болашақ баcпагер-редактор» байқауын өткізбек.
11.04.2013 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет
Одақтық парламенттің соңғы күзі
Жуырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының көрме залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым, публицист Нығмет Рахметұлы Жотабаевтың «Последняя осень Союзного парламента» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл жаңа кітапта Кеңес Одағының күйреуіне әкелген саяси-тарихи себептер, қилы кезеңдер, оның ішінде, КСРО-ның соңғы Жоғарғы Кеңесі қызметінің ауыр күндері баяндалады.