- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
11.04.2013 "Ана тілі" Ұлт газеті
Зиялы көтерер жүк салмақты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған бір топ депутат әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды.
Жүздесу аясында Парламент жоғарғы палатасының спикері Қ.Мәми жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен, студенттерімен және түлектерімен кездесті. Шараға сенаторлар Александр Судьин, Ақан Бижанов, Жұмабек Төрегелдинов және т.б. қатысты. Жиналғандар алдында сөз алған Қ.Мәми Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясында белгіленген басымдықтар тұрғысында экономиканы және әлеуметтік саланы жаңғыртудың негізгі мәселелеріне тоқталды. Төраға Парламентте қарауға жоспарланып отырған жаңа заң жобаларының мәнін түсіндіріп берді. Бұл ретте Президенттің Жолдауынан туындайтын ғылым, білім беру және жастар саясатын ілгерілету міндеттеріне назар аударылды. Отандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін ауқымды жұмыстарды мақсатты түрде тұрақты жүргізіп отыру қажеттігі атап өтілді.
11.04.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
09.04.2013 "Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық газет
Басымдықтарды баяндады
Сейсенбі, 9 сәуір 2013 2:33
Парламентшілердің еліміздің аймақтарына сапары аясында Сенат Төрағасы Қайрат Мәми бастаған бір топ депутат Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
05.04.2013 "24.kz" телеарнасы
Саид Джалили Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымына дәріс оқыды
04.04.2013 "Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық газет
Ресейдің ең үздік кәсіпкері атанған қазақ жігіті дәріс оқыды
Бейсенбі, 4 сәуір 2013 2:24
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ресейдің үздік кәсіпкері» отандасымыз Серікбай Бисекеев қазақстандық студенттер мен бизнесті жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге лекция оқыды.
03.04.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. 3 cәуір. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Еуропалық Одақтың Темпус QUEECA жобасы аясында «Орталық Азиядағы инженерлік білім беру сапасы» деген атпен I форум өтіп жатыр.
26.03.2013 Қазақ радиосы. Жаңалықтар
26.03.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жастар алаңында басталған Ұлыстың Ұлы мерекесі Наурыз мейрамын бір ай бойы тойламақ.
20.03.2013 "Заң" республикалық күнделікті газет
Біз оқуға тиіс 100 кітап
Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы ақпарат алмасуды жеңіл көретін жастардың кітап оқуды міндет санамайтынын жиі байқаймыз. Содан болар, әлемдік классика, отандық ақын-жазушылар тудырған құнды дүниелері кітапхана сөрелерінде шаң басып тұр.
20.03.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Шетелге жол ашық
«Ғылым-теңіз, білім-қайық» деп атадан қалған асыл сөзде айтылғандай, заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім және ғылыммен бағаланатына бәріміз куә боп отырмыз. Кісінің кісілігі білегімен емес, білімімен бағаланатын заманда инновацияға негізделген индустриализацияны адал еңбекпен және терең біліммен ұштастырған жан ғана табысқа жете алатыны аян.