БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


02.03.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

«Кенжеғали Сағадиев» – ел назарында

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» сериясымен мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик К.Сағадиевтің 75 жылдығына орай мақалалар мен сұхбат­тар, ғылыми айналымға алғаш енгізіл­ген мұрағат құжаттары, фотосуреттер, сон­дай-ақ замандастарының, достарының лебіздері топтастырылған «Кенжеға­ли Сағадиев» атты кітап тұсаукесері өтті.


02.03.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

«Өнегелі өмір» сериясындағы кітаптар сериясы жаңа еңбекпен толықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Кенжеғали Сағадиев» деп аталатын жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.


21.02.2013 "Алматы ақшамы" қоғамдық-саяси газет

«Инновациялық ойлау жүйесi сөз болды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау, түсiндiру мақсатымен ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигi Ғарифолла Есiм келдi.


21.02.2013 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

Баспа жаңа ғимаратқа көшті

Әл-Фараби атында­ғы Қазақ ұлттық универ­си­тетінде «Қазақ универси­теті» баспасының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

«Қазақ университеті» баспасы – елі­міздегі іргетасы ертеректе қаланған бас­палардың бірі. Жарты ғасырдан астам та­рихы бар баспа қазіргі таңға дейін көп­теген дүниелерді жарыққа әкелді. Ашылу салтанатының дәстүрлі лентасын уни­верситет ректоры Ғалымқайыр Мұ­тан­ұлы кесіп, баспаның табысты қыз­ме­тіне жылы лебізін білдірді. Сонымен қа­тар мерекелік іс-шараның құрметті қо­­нақтары қатарында университет про­рек­торлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері болды.


20.02.2013 "Дала мен қала" қазақстандық қоғамдық-саяси апталық

МЕДЕУГЕ БАРДЫҢ БА?

Медеу – Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасын­дағы мұзайдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биіктікте орналасқан ол әлемдегі ең атақты мұзайдын­да­рының қатарында. Медеу 10500 ш.м. жерді алып жатыр және ол өзіне 10500 көрерменді сыйғыза алады. Бұл әсем табиғат ортасында орналас­қан алақандай мұзай­дынына берілген ресми сипаттама ғана.


20.02.2013 "Дала мен қала" қазақстандық қоғамдық-саяси апталық

Оқу үдерісі: бейімдеу мен ынталандыру

Жоғары оқу орнына түсуде жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеу – білім беру үдерісінің тиім­ділігін анықтайтын негізгі фактор­лардың бірі. Қазіргі таңда шетелдік студенттер мен шетелден келген қазақ диаспорасын қазақстандық әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеу мәселесі білім беру жүйесінің алдында тұрған маңызды міндет.


14.02.2013 "Ана тілі" Ұлт газеті

Тұлғаларымызды дәріптейік

Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы білімді ұлт дайындауда жоғары оқу орындарының ұстаздарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Жастарды еңбекке баулып, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, үлкен жетістіктерге жету мақсатында жұмыс атқару оқытушылардың өз біліктіліктерін үнемі жетілдіруді талап етеді. Білікті, бәсекеге қабілетті мамандар халқымыздың экономикалық, әлеуметтік тұрғыда дамуына септігін тигізеді.


14.02.2013 "Алматы ақшамы" қоғамдық-саяси газет

Ауған жастары Мұқағалиды жатқа оқыды

Жуырда аталып өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орайластырылған шаралар әлі де жалғасын табу үстінде. Ақынның жауһар жырлары жауқазын ұрпағымен қауышып, өзі айтқандай «ХХІ ғасырдағы құрдастарының» сырларына айналды.


14.02.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Ел болашағының жаңа бағыты

«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы елімізді өркендету жолындағы өте ма­ңыз­ды бағдарлама болып саналады. Мұндай ұзақ мерзімге бағыт­талған Жолдау тарихымызда болған жоқ. «Қазақстан – 2050» стратегиясы еліміздің, саяси әлеуметтік бағыттарын одан әрі дамыту жолындағы Қазақстанның болашағын көрсететін келешегі зор бағдарлама. Егемендік алған 21 жылдың ішінде Елбасымыздың ғажап кемеңгерлігінің, дұрыс саясатының, еңбегінің арқасында еліміз үлкен табыстарға жеткені айдан анық. «Қазақстан – 2030» стратегиясы мерзімінен бұрын орындалып, барлық салалар бойынша үлкен жетістіктерге жеттік. Еліміз халықаралық дәрежеде танылып, зор абыройға ие болды. Елімізде ішкі саяси тұрақтылығы мен ұлттық бірлікті сақтап, оны нығайттық. Елімізде демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптасып, одан әрі дамығаны барлық қазақстандықтарға белгілі. Елімізде көппартиялы Парламент жұмыс істейді. Түр­­лі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұжымдар жұ­мыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ болса, оның 90% -ы жеке иелікте. Бұл стратегияда негізгі бағыт нарықтық экономикаға негізделген. «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекетіміздің қалыптасуы үшін жасалған болатын, қазіргі таңда ол толық орындалды. Жолдаудың маңыздылығы елімізді одан әрі дамытудың негізгі жолдары нақты көрсетілен.


31.01.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
31 Қаңтар 2013, 16:00
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары Мәскеуде ұлттық асхана туралы жобасын ұсынды

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Ресей халықтар достығы университетінде 25-26 қаңтарда «Жоғары оқу орындары ортасында қонақжайлық индустриясы үшін құзіреттіктерді қалыптастыру» атты халықаралық конференция өтті. Онда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының қос дипломдық бағдарлама бойынша оқып жатқан магистранттары «Ұлттық асхана мәдениетаралық коммуникациялар құралы ретінде» атты жобасын ұсынды.