- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
23.01.2013 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақ-Үнді-Америка жобасы аясында «Жасанды интеллект және робот жүйесіндегі өзекті мәселелер» атты II Халықаралық оқу семинары өз жұмысын бастады.
23.01.2013 "Класс-time" апталық басылым
Кітап — рухани ақылшың
Университет ректоры академик Ғ.Мұтанов қолдап, қуаттаған бастамаға алғашқы белсене атсалысқан филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті. Факультет деканы Қ.Әбдезұлы «Алаш айнасы» газетінде әдебиетті электронды почтаға енгізіп оқыту мәселесін көтерген болатын. Әзірше университет студенттеріне әлем және қазақ әдебиетінен 100 таңдаулы шығарманы өз талғам-талабына сай оқу ұсынылып отыр. Оны барлық факультеттер студенттері оқуы тиіс. Бұл болашағы зор, өрісті де өнегелі бастама.
18.01.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
«Болашақ» бастауы – білімде
17.01.2013
17.01.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Ғұмыры ғибратты ғалым

Президент Н.Назарбаев еліміздің жаңа саяси бағытын белгілеген «Қазақстан – 2050» стратегиясында прогрессивті идеалдар қоғамын құру барысында интеллигенцияның рөліне айрықша тоқталған. Бұл Жолдауда интеллигенцияның жалпы ұлттық құндылықтарды айқындауда жетекші күш болу керектігіне баса назар аударылған. Ал осы интеллигенцияның басында тұрған ғалым, мұғалімдердің және де осы екі мәртебені бір басына сыйдыра алған жоғары оқу орындарының оқытушылары халқымыздың рухани дамуын, бағытын белгілейтін авангард екені сөзсіз. Сондықтан да 2005 жылдан бері Елбасы тапсырмасымен бекітілген «ЖОО үздік оқытушысы» атты грант ғалым ұстаздардың ғылыми және оқытушылық қызметтерін жоғары деңгейде атқаруға деген талпынысқа бастаған үлкен ынталандыру деп білеміз.
09.01.2013 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Жастар – еліміздің болашағы
09.01.13.
Қазақстан Республикасының білім берудегі жоғары оқу орындарының мақсаты - сапалы болашақ мамандармен қатар, қоғамның дамуына өзінің дұрыс септігін тигізе білетін жастарды, яғни жеке тұлғаларды дайындау. 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жастар үшін тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік бейімделу үдерісінде қолдана алатындай дағдыларды беруі тиіс екендігі сөз болды.
28.12.2012 "Түркістан" республикалық апталық басылым
Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясы Президиумының шешімімен (ЖМ ХҒА) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «Білім және ғылым саласындағы көрнекті еңбегі үшін» атты атаулы алтын медалімен марапатталды. Жоғары марапатты ол Орта-Азиялық аймақ бойынша алғашқы болып иеленді. Академия мүшелері арасында мұндай марапатқа ие болған заманауи ғалымдардың арасында Нобель сыйлығының иегері Ж.И. Алферов бар.
28.12.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Тарих ғылымының тағылымы көп
Өркениеттің негізгі белгісі - мемлекеттің рухани және мәдени қуатының, ғылымы мен білімінің жоғары болуында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ХХІ ғасыр - білім және ғылым ғасыры болады» деп, жастардың жан-жақты білім алуына үлкен мән берді. Қазақстан тарихы ғылымын өркендету барысында Н.Назарбаев биылғы жылы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласының 13 тапсырмасында Қазақстан тарихы пәніне қатысты оқу бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу құрамына сараптама жасауды, оқу орындарында ел тарихын оқытудың мазмұны мен сипатын өзгертуге бағытталған іс-шаралар өткізуді міндеттеген еді.
25.12.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Талғат МЕКЕБАЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы: Кәсіподақтың негізгі міндеті - өз мүшелерінің мүддесін қорғау
- Талғат мырза, кез келген мекеме немесе ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі болатыны аян. Осы ретте әңгімемізді еліміздегі әлеуметтік жауапкершілік һәм әріптестік жөнінен бастасақ...
25.12.2012 "Қазақ радиосы"
11.12.2012 "Қазақ радиосы"
Ақпараттық-қатынас технологияларының мүмкіндіктері мен Отан тарихының мәселелері» атты конференция өтеді