- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
11.12.2012 "Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық газет
Зейнолла Қабдолов тағылымы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «V Қабдолов оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
11.12.2012 "Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық газет
Болашақтың айқын бағдары
Халықтың алдағы күнге деген сенімін арттырып, қалың елді болашаққа бастар даңғыл жолға салу қай заманда да оңай болмаған. Осыдан 15 жыл бұрын «Қазақстан-2030» cтратегиялық құжаты қабылданған 1997 жыл еліміздің гиперинфляция мен экономикадағы алапат рецессияны жаңа ғана тежеген, халқымыздың шынында да қиналып, «жағдайымыз қалай болар екен» деп, үміт пен уайымның арасында жүрген шағы-тын. Осы тұста қоғам алдында үлкен таңдау тұрды. Қандай үлгіні қабылдау керек? Қандай мақсатқа ұмтылу керек? Әркімді заман билеп арпалысып, айқасып жатқан кезеңде бар сезімді ақылға суартып, өткен дәуір мен жаңа кезеңді салыстырып, саралап жол сілтейтін Көшбасшының қажеттігі осындай сын сағаттарда анық аңғарылды. Замана сұранысы, тарих қажеттілігі ондай тұлғаларды тудырады да. Осындай аласапыран уақытта халықтың арман-мұратын, қажыр-қайратын жасампаз арнаға қарай бұру Елбасымыздың алдында тұрған алыстан болжаған аса маңызды міндет болатын. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «Ел бүгіншіл менікі ертеңгі үшін» деп айтпақшы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған стратегия, болашаққа бағдаршам ретінде ұсынған еді.
30.11.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны-2012» байқауларының ақтық кезеңі өтеді.
27.11.2012 "Президент және халық" республикалық газет
Президент күніне орай форум өтті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан аса студенттің қатысуымен «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған форум өтті.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің индустриалды-инновациялық дамуы және Отанымыздың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту ісіне жастарды тартудың маңызы мен қажеттілігі туралы атап айтқаны белігілі.
Жастардың азаматтық, отансүйгішітік әлеуетін арттыру мен олардың тың бастамаларына қолдау көрсету мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен форум өткізіп отыр.
27.11.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет
ҚазҰУ-да Президент күніне орай форум өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан аса студенттің қатысуымен «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған форум өтті.
27.11.2012 "Түркістан" республикалық апталық басылым
«ГЕОИНФОРМАТИКА»
халықаралық магистрлік бағдарламасы ашылды
ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультетінде «Geoinformatics: Managing energy, resources, environment» TEMPUS IV жобасы бойынша «Геоинформатика» халықаралық магистрлік бағдарламасы ашылды. Бағдарлама ашылуында сөз алған ҚазҰУ-нің бірінші проректоры М.М.Бүркітбаевтың айтуынша, Еуропалық одақпен бірлесу нәтижесінде ашылған халықаралық магистрлік бағдарлама – білім ордасы үшін халықаралық тәжірибе алмасу мен инновациялық кеңістікке айналдыратын үлкен мүмкіндік.
27.11.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Алматыда «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты форум өтті
АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан аса студенттің қатысуымен «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған форум өтті.
Бұл туралы аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
16.11.2012 "Түркістан" республикалық апталық басылым
студенттерді бейжай қалдырмады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Республикасы Бірінші Президенті күніне арналған іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Осы бағыттағы шаралар легі 6-қараша күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Қазақфильм» киностудиясы АҚ-мен бірлескен «Отандық кино күні» жобасы аясында режиссер Рүстем Әбдірашевтің ҚР Президентінің балалық шағы жайында түсірген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетілімімен басталды.
15.11.2012 ҚР Президентінің ресми сайты - www.akorda.kz
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінен хат келді
Хат иелері биылғы қазан айында университеттің 118 оқытушысы мен қызметкеріне Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер кілттері салтанатты жағдайда тапсырылғанын хабарлайды.
Сондай-ақ хатта бұл оқиға Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты мен әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асқаны атап өтіледі.
15.11.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінен хат келді.