БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


09.11.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
09 Қараша 2012, 13:17
Алматыда медиамәдениетті саралаған халықаралық конференцияда өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр


09.11.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Алматыға келіп, атақты болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «1-курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі мен гала концерті өтті.


09.11.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Шылым шекпейтін факультет

Елбасының бастамасымен, Қазақстан БҰҰ-ның саммитінде «Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия» және «Аймақаралық «Жасыл көпір» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Осы бағдарламаны іске асыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ ағымдағы жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода «Рио+20» бағдарламасын тұрақты дамыту бойынша өткен БҰҰ Жаһандық саммитінде қабылданған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» бөлігінде қарастырылған негізгі ережеге сүйене отырып «Green campus» жобасының бастамашысы болып отыр. Жоба аясында «Экологиялық күн» атты акция жарияланды.


09.11.2012 "Жас қазақ" ұлттық апталық

Жүздестірген 100 кітап

Ғұлама болу үшін он кітап оқу жеткілікті, бірақ ол он кітапты табу үшін мыңдаған сөрені ақтаруға, миллиондаған бетті парақтауға тура келеді. Бұл – шындық. Бүгінгі заман талабы кітаптың көптігін емес, оны қалай түсініп оқу және өмірлік игіліктерге қалай падалануды көздейді. Ұрпақ алдындағы осы ұлы мұраттың жауапкершілігін жете сезінген Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен «Жас қазақ» газетінің бірлесуі негізінде қолға алынған «ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 100 кітап» жобасы тура бір жыл бұрын өмірге келген болатын. Талқылау түзген «жұлдызды» 100 кітаптың тізімін газетіміз арқылы жариялап, сүйінші де сұраған едік. Содан бері «100 кітап» акциясы жастар арасында келелі талқылауға түсіп, әлеуметтік желілерде қызу талданып, жаңа ойларға бастамашы болып та үлгерді.


25.10.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
25 Қазан 2012, 14:38
Рейтинг агенттіктерінің бағасы жоғары білім беру сапасының басты көрсеткіші емес - аймақтық форумға қатысушылар

АЛМАТЫ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы 6 университет биыл QS (Quacquarelly Symond) халықаралық рейтинг агенттігінің бағалауына енді. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» деп аталатын аймақтық форумда айтылды.


25.10.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
25 Қазан 2012, 15:22
Әлемдік қаржы құралдарының 85 пайызы фармомедицина-биология саласында - Мұхамбетқали Бүркітбаев

АЛМАТЫ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық университеттерде медициналық-биологиялық кластердің болмауы олардың халықаралық рейтингтегі баллдарын айтарлықтай төмендетуде. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» деп аталатын аймақтық форумда айтылды.


17.10.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
17 Қазан 2012, 12:24
Алматыда саясаткерлер, дипломаттар мен ғалымдар шиеленістердің алдын алу бойынша ұсынымдарды әзірлеуде

АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы ҚазҰУ-де Қазақстанның БҰҰ-ға кіргеніне 20 жыл толуына арналған «Шиеленістердің ХХІ ғасырдағы өзгермелі табиғаты» атты халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.


16.10.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
16 Қазан 2012, 09:40
Қоғамға дінтанушылардың көмегі аса қажет - Қайрат Лама Шариф

АЛМАТЫ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қоғамға дінтанушылардың көмегі ауадай қажет. Ол үшін, алдымен, еліміздегі имамдардың сапасын арттыру керек. Діни сауаттылықты көтеру өзекті мәселе. Дінтанушылар облыстарға барып жұмыс істеуі тиіс.

Кеше, 15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқытушы-профессорлар қауымымен және студенттермен арнайы кездесуге келген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осындай өзекті мәселелерді көтерді. Ол бұл салада нәтижеге жету үшін дінтанушылармен қатар, әр азаматтың да жан-жақты белсенділік танытуын алға тартты.


11.10.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

Саясаттанушылар тілді дамытудың жолдарын ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы «Тіл аптасына» орай «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты: перспективалары мен проблемалары» атты іс-шара ұйымдастырып, оның аясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды.


11.10.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

«Айналаңды нұрландыр!»

11.10.12


Айналаңды нұрландыр!.. Бұл - Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті мен «Айқын» газетінің бірлескен тағылымдық-тәлімдік жобасы. Кеше аталмыш оқу орнында «Айналаңды нұрландыр!..» жобасының тұсауы кесіліп, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, академик, Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткері, Ғалымқайыр Мұтанов осы жобаға сәйкес өзі басқаратын оқу орнының оқытушы-ғалымдарымен, ақын-жазушылармен және студенттермен кездесіп, адамгершілік, адами құндылықтар туралы жастарға берер ғибраты мол әңгіме-дүкен құрды.Ғалымқайыр Мұтанұлының айтуынша, жаңа жоба арқылы елі­міздің ертеңі саналатын сту­дент-жастарымызды бүгінгі қоғам­ның «жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренуге» үйрету. - Шындығы керек, жастар арасында жасы үлкен адамды сыйлау, үлкенге құрмет секілді адамгершілік асыл қасиеттер жоғалып барады. Меніңше, мұның басты сыры, ата-бабала­ры­мыз ғасырлар бойы саф алтын­дай сақтап, бүгінгі күнге жеткізген асыл да қасиетті құндылық­тары­мызды кейінгі толқын жастардың білмеуінен болып отыр. Сон­дықтан мені соңғы кезде адам­гершілік секілді асыл қасиеттерді еліміздің болашағы деп жүрген студент-жастарымыздың бойына қайткен күнде сіңіруге бола­тындығы көп ойлантып жүр.