- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
09.10.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Фотографтар өнері сарапқа салынды
09.10.12.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Бүгінгі ел фотоөнерінің тынысы» атты ардагер фотошежірешілер, белгілі фототілшілер, кәсіпқой және әуесқой фотографтардың студенттермен кездесуі өтті.
20.09.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
М. Барманқұлов оқулары аясында «М. Барманқұлов - бұқаралық коммуникация ғылымының негізін қалаушы» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
13.09.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет
Ахаң мұражайында өткен дәріс
13.09.12.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов үлгі боларлық бастама көтеріп, механика-математикалық факультеттегі курсына арналған алғашқы кураторлық дәрісін Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінде өткізді. Дәріске механика-математика факультетінің студенттерімен бірге, журналистика және филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеттерінің студенттері де қатысты. Ректор бастап келген білімгерлерді Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, ахметтанушы Райхан Имаханбет жылы жүзбен қарсы алып, музейдің көрме залдарымен таныстырды.
13.09.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Халықаралық сарапшылардың бағасы жоғары
13.09.12.
Еуропалық одақтың халықаралық жоғары дәрежелі сарапшыларының жүргізген сараптамасы бойынша Қазақстанның ғылыми-инновациалық бағасының нәтижелері белгілі болды. Бұл сараптама Қазақстан Республикасының IncoNet-EECA жобасы аясында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырмасымен іске асты.
11.09.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Ректор мұражайда дәріс оқыды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов үлгі боларлық бастама көтеріп, механика-математикалық факультеттегі курсына арналған алғашқы кураторлық дәрісін Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінде өткізді. Дәріске механика-математика факультетінің студенттерімен бірге, журналистика және филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеттерінің студенттері де қатысты. Ректор бастап келген білімгерлерді Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, ахметтанушы Райхан Имаханбет жылы жүзбен қарсы алып, музейдің көрме залдарымен таныстырды.
29.08.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Жаңа міндеттерін талқылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңа оқу жылының Тамыз кеңесіне ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадамы» атты мақаласына арқау ете отырып, 2012-2013 оқу жылдарының жаңа міндеттерін талқылады. Әлеуметтік жаңғыру болғанда, барлық салада жаңғыру жүреді. Ал жоғары мектап ұжымы бұл ббастамаларға үн қосып қанай қоймай, ат салысуы басты талап. Бұл ортақ – міндет, ортақ еңбек.
25.08.2012 http://massaget.kz
Студенттік құрылыс жасағы – үлкен тұлғаларды тәрбиелейтін өмір мектебі

Студенттің өткен өмірінің барлығы бүгінгі күнге маңызды екенін ескерсек, студенттік құрылыс жасақтарының маңызы зор дейтін едік. Себебі, студенттер құрылыс жасағының жұмысы қайта жандануда десек қате айтпаймыз. Өткен ғасырларда студенттік өмірді құрылыс жасағынсыз елестету мүмкін болмаған екен. Студенттік құрылыс жасағы - бұл тұлғаның мінезі сыналып, еңбекқорлығы мен міндет сезімі тәрбиеленетін еңбек майданы. Жас ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелеуде студенттер құрылыс жасақтарының маңызы зор.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауын және Алматы қаласы Әкімдігінің «Алматы қаласы студенттік құрылыс жасақтарының штабы туралы» қаулысын орындау мақсатымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2012 жылғы Студенттік құрылыс жасақтары құрылды. Барлық жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып саналатын Ұлттық университетіміз студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету жолында да алда. Осы орайда біз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көп жылдан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан студенттер құрылыс жасағы штабының бастығы Есенбек Жұмағали мырзамен сұхбаттасқан едік.
10.08.2012 "Айқын" - республикалық қоғамдықөсаяси газет
Жеңімпаздар елге келді | ![]() |
Алматы қаласына Лондон Олимпиадасының алтын медаль иегерлері - Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова ұшып келді.
06.08.2012 www.alamandop.kz - ел және әлем футболы
ҚазҰУ командаcы – қала чемпионы
Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының ұйымдастыруымен бүгін Алматы қаласы бойынша шағын футболдан үлкен достастық турнирі болып өтті.
18.07.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет
Әлеуметтік жаңғыру – әрекетте
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұжымы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын зор ықыласпен қабыл алды. Онда республикамызда Елбасының 2011 жылғы қаңтардағы Жолдауынан кейін бастау алған және Жолдау-2012-ден кейін мықты күшке ие болған жаңғырту үдерістерінің қағидалары мен нақты тапсырмалары дәл, анық және еліміздің әрбір тұрғынына түсінікті түрде көрсетілген.