- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
18.07.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Елбасы мақаласы – ұлттық идеяның көрінісі
18.07.12.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын талқылауға арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті.
18.07.2012 "Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық газет
18 шілде 2012 жыл
Ғалымдар қолдауы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кеңестің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын талқылауға арналған кеңейтілген мәжілісі өтті.
18.07.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
16 Шілде 2012, 19:46
Еңбек болса, нәтижеге де жетеміз - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов
АЛМАТЫ. 16 шілде. ҚазАқпарат - Президенттің оқыту-тәрбие үдерістерін түбірімен өзгерту қажеттілігін қолдаймыз.
Бұл пікірін бүгін Алматыда Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде айтылды.
18.07.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
16 Шілде 2012, 10:11
ҚазҰУ еліміздегі ЖОО арасында бірінші болып университеттік ортаның әлеуметтік жаңғыруына қадам басты - профессор Ш. Жаманбалаева
АСТАНА. 16 шілде. Қазақпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұжымы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын зор ықыласпен қабыл алды.
Онда республикамызда Елбасының 2011 жылғы қаңтардағы Жолдауынан кейін бастау алған және Жолдау-2012-ден кейін мықты күшке ие болған жаңғырту үдерістерінің қағидалары мен нақты тапсырмалары дәл, анық және еліміздің әрбір тұрғынына түсінікті түрде көрсетілген, дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессо Шолпан Жаманбалаева.
13.07.2012 "Aladop.kz" сайты
Футбол көрігін қыздырған күндер
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті білікті де білімді мамандар даярлайтын еліміздегі бірден-бір Жоғарғы оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда аталмыш университет жанынан жасақталған «Студенттік құрылыс жасағы» қалашықта қызмет атқаруда. Мұндағы студенттер арасында мәдени іс-шаралар мен әр түрлі спорт түрінен жарыстар да ұйымдастырылып тұрады. Өткен аптада біз соның куәсі болдық. Еуропа чемпионатымен қатар келген қалашықтағы доп додасы да футбол көрігін қыздыра түсті.
Спорт – денсаулық кепілі. Мұны ешкім жадынан шығарған емес. Олимпиадалық қозғалыстың белсенді қайраткері Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп айтып кеткендей, ҚазҰУ-да ұйымдастырылған доп додасының да мақсаты осыған келіп саяды. Екі күнге созылған аламан студенттерге ерекше қуаныш сыйлады. Шағын футболдан ұйымдастырылған бұл додаға барлық факультеттің студенттері ерекше ықылас танытып, өз командаларын жасақтап шығарды. Сонымен жарыс жолына шығуға 11 команда өтініш білдіріп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» өзара анықтау үшін турнирді бастап та кетті.
04.07.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

АЛМАТЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның QS Халықаралық рейтингтік агенттігі 2011-2012 оқу жылында жеке пәндер бойынша әлемдік үздік 200 топ-университеттердің тізімін жариялады
04.07.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет
4 шілде 2012, 11:06
Адамға патриоттық тәрбие ана сүтімен дариды
ӘЛИЯ МАСАЛИМОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымының докторы, профессор:
– Әлия Рымғазықызы, Елбасы Н.Назарбаев биылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында 10 бағыт бойынша жаңа міндеттерді айқындап берді. Ғалым әрі факультет басшысы ретінде Президент Жолдауындағы қандай мәселелерді ерекше атап өткен болар едіңіз?
– Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы мен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша барлық стратегиялық міндеттерді табысты іске асыру секілді басты мәселелер өзекті бола түсті. Жұмыспен қамту, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерінің күн тәртібіне енгізілгені қарапайым ел азаматы ретінде мені қуантпай қоймайды. Ғалым, педагог ретінде білім мен ғылым жүйесін жаңғыртудың барлық аспектілері толғандырады. Интеллектуалдық капиталды қалыптастыру біздің алдымыздағы басым міндеттердің бірі болып табылады. Интеллектуалдық капиталды қайтіп арттыра аламыз? Бұл, ең алдымен, адами ресурстарға, адамдардың физикалық және психологиялық салауаттылығына байланысты. Біз «дені саудың – жаны сау» дегендей, салауатты өмір салтын ұстанып, насихаттауымыз керек. Әлемде өзімізді танытып, мойындату үшін жоғары білімді, білгір мамандар даярлаумен қатар тұлғалық қасиеті кемелденген азаматтарды қалыптастыру арқылы интеллектуалдық ұлтқа айналуымыз қажет. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, саяси басқарушылардың жаңа тұрпатты тобын даярлау туралы тапсырмасының факультет басшысы ретінде оның бізге де қатысы бар деп есептеймін. Біздің факультетте көптеген әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар, соның ішінде кәсіби саясаттанушылар даярланады. Әлбетте, саяси басқарушылардың элиталық корпусын қалыптастыру білім сапасы мен оқытушылардың кәсіби дайындығының деңгейімен тығыз байланысты екені анық. Ал оқыту сапасының педагогтердің кәсіби біліктілігі мен олардың инновациялық мәдениетіне тікелей қатысы бар. Жастармен, студенттермен көп жұмыс істейтін болғандықтан, мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнама мен жастар үшін әлеуметтік лифт қалыптастыратын әлеуметтік-экономикалық, заңнамалар пакетін қабылдау өте маңызды шаруа деп білемін. «Болашаққа капитал салу» тұжырымдамасын адами капитал, технологиялық даму мен ғылыми-техникалық ізденістерге ұзақ мерзімді инвестициялар жұмсау деп айтар едім. Осы тұрғыда жастарды әлеуметтік қолдау бағытында университет ректоры Ғ.Мұтановтың бастамасымен әр факультеттің оқуда үздік болған, ғылыми-зерттеушілік және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан талантты студенттерді материалдық жәрдемдесіп, ынталандыру үшін демеушілік және атаулы стипендиялар тағайындалған. Мәселен, біздің факультетте көрнекті ғалым-саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері Т.Мұстафин, С.Жүсіпов, Н.Масанов атындағы стипендиялар, Т.Тәжібаев атындағы атаулы шәкіртақы, Қазақстан саясаттанушылары қауымдастығының, әлеуметтік зерттеулер мен инжиниринг орталығының, Әл-Фараби орталығының, діни зерттеулер мен сараптама орталығының демеушілік стипендиялары тағайындалды.
29.06.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

АЛМАТЫ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Отан қорғаушылардың бойында ең алдымен табандылық пен берік жігер болуы керек
25.06.2012 "Нұрастана" республикалық жастар апталығы
Білікті ғалымдар – ҚазҰУ-де!
Әл-Фараби атындағы Қзақ ұлттық университетінде «Географиялық зерттеулердегі геоақпараттық жүйе» тақырынбында онлайн-семинар өтті.
Зальцбург университетінің профессоры, Австрия Ғылым Академиясы зерттеу институтының директоры Джозеф Строблмен өткізген лекцияда география, жер мәселесі талқыланып, докторанттар мен магистранттар тарапынан сұрақтар қойылды. Қос білім ордасы болашақта маңызды және қызықты семинарлар онлайн-режимде әлі де жалғасын табады деп отыр
25.06.2012 "Жетісу" Алматы облыстық қоғамдық-саяси газет
Білімнің қара шаңырағы
Әл-Фараби атындағы Қазақ университеті 1934 жылы іргесі қаланған ірі білім және ғылым ордасы. Ұлт зиялылары дәріс оқыған бұл шаңырақ ел элитасын даярлайтын жетекші ЖОО екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Өзінің 77 жыл тарихында ҚазҰУ күрделі кезеңдер мен қилы жолдардан өтті, 135 мыңнан астам түлекті қанаттандырып, үлкен өмірге жолдама берді.Ел ауызындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қабырғасында жазып, ел игілігіне айналдырды. Математика, физика, басқа да жаратылыстану салалары бойынша ауқымды ғылыми жұмыстар осы жерде іске асырылды. Киелі шаңырақта білім алған студенттер бүгінде мемлекеттік қызметте, билікте, басшылықта және шетелдік компаниялар сияқты айтулы мекемелерде қарымды еңбек етуде.
Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті мамандар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шындалып шыққандар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті – Тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады» деп жоғары баға беруі ұара шаңырақтың жоғары беделін аңғартады.