БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


15.06.2012 "Жас қазақ" ұлттық апталық

15.06.2012

Мыңжылдықтар саммиті

2012 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) «РИО+20» БҰҰ тұрақты даму бойынша ғаламдық саммит өтеді. ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірден бір білім ордасы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларына негізделген – Энергия-экологиялық дамудың жаһандық дамуы және «Жасыл көпір» арнайы жеке секциясына қатысады.

Әлемнің жетекші университеттері тарапынан, танымал ғалымдар мен халықаралық сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отырған секция мәжілісі Рио-орталықта 17 маусымда (сағат 19.30, «Т5» аудиториясы) болады.


15.06.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

15.06.2012
Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор: Әуезов ұлағаты ұлтымызды ұлы мақсаттарға жетелейді


12.06.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

12 маусым 2012

№100 (782)

Журфак жаңа бастамаларға жол ашуда

Есберген Алауханов, заң ғылымының докторы, профессор,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журна­лис­тика факультеті Қазақстандағы журналист мамандарын да­йын­дайтын бірден-бір жетекші оқу орны болып табылады. Факуль­тетте біліктілігі жоғары оқытушылар мен бұқаралық ақ­па­рат құралдарының тәжірибелі мамандары жұмыс істейді. Про­­фес­сор-оқытушы құрамының жалпы саны – 58. Ғылым док­торлары, профессорлар – 12, ғылым кандидаттары – 34, аға оқы­ту­­шылар – 8.


12.06.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

12 маусым 2012

№106 (2017)

«82-нің түлектері» қара шаңырақта кездесті

Қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің де байлығы - ұрпағы. Ол яғни кешегі күні қабырғасында дәріс оқып, үлкен өмірге жолдама алған - бірнеше мыңдаған түлегі. Қимай-қимай, жүрек лүпілінің үні мен сағыныш жасының тамшысына ерік берген кешегі студенттердің жүрегінде де алтын ұя есімі бойтұмар іспеттес. Бес жылды қойып, он, жиырма, тіпті, отыз жыл өтсе де олардың ойында алғашқы студенттік дәрісі, студенттік аудиториясы, тұңғыш куратор, студенттік кезеңі күні кешегідей сайрап жатыр.

Оны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне «университетім, армысың, курстастарым бармысың!» деп отыз жылды артқа тастап, кездесе келген, сағынышпен қауыша көріскен журналистика факультеті түлектерінің естеліктерінен айқын аңғардық.


12.06.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

12 маусым 2012

№106 (2017)

Баян ЖҰБАТОВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор: Уақыттағы нақтылық - табыс пен жетістікке жетудің кепілі

- Баян Нұрсұлтанқызы, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім беру жүйесін жаңғырту мәселесінің маңыздылығын айрықша атап, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу арқылы халықаралық стандарттар негізінде жұмыс істеу қажеттігін ескертті. Елбасы жүктеген бұл міндет қара шаңырақта қалай жүзеге асырылып жатыр?
- Уақыттың өзі талап етіп, Елбасы жүктеген міндеттерге орай қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті зерттеу университетіне айналуды мақсат етіп отыр. Әрине, жаңа міндеттерді жүзеге асыру жолдары да жаңа болатыны табиғи заңдылық. Осыған орай ендігі жерде университет қызметінің басым бағыты - ғылымды дамыту екендігін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мырза ерекше атап жүр. Өйткені PhD докторларын дайындау, инновациялық қызметтерді жандандыру жоғары оқу орындарында жүзеге асады, сондықтан ғылымның деңгейі мен оған жастарды тарту жоғары оқу орны жұмысын бағалаудағы негізгі өлшемдердің біріне айналып отыр. Биылдан бастап университетте кәсіби шеберлікті шыңдауды ынталандыру, шығармашылық бастаманы дамыту, еңбек нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында рейтинг жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің тұжырымдамасы оқытушылар мен студенттердің оқыту үдерісіндегі жұмысын бағалай отырып, материалдық ынталандыру арқылы олардың өз қызметінің сапасын арттыруға мүдделі болуына әкеліп саяды. Мұнда ерекше орын оқытушы-профессорлар құрамының рейтингісіне беріледі. Нәтижесінде мұның бәрі университеттің халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне енуіне жол ашады.


12.06.2012 "Алматы ақшамы" республикалық газеті

12 маусым 2012

№71 (4632)

Басты мақсат – рәміздерге деген құрметті күшейту

«Болашақ бүгіннен басталады» атты ақпараттық-әлеуметтік кампания аясында Ақпараттық-ресурстық орталық Қазақстанның Азаматтық Альянсы және Алматылық пікір-талас орталығы Бостандық аудандық әкімдігі қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты үлгілі пікір-талас өткізді.

Жиынға Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері, Үкіметтік емес ұйым мүшелері мен қоғамдық қызметкерлер, пікірсайыс орталығының қызметкерлері қатысты. Шара ұйымдастырылуының басты мақсаты – жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметтеін күшейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ал жиынды өткізуге – Кувейт еліндегі ҚР Әнұранының «Борат» фильмінен алынған саундтреккпен ауыстырылуы, Атырау қаласында орын алған Қазақстан жалауымен қоқыс тасу секілді жағдайлар себепші болған.


06.06.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

06.06.12

Уәлихан СЕЙДІЛДӘҰЛЫ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры: Шетел туралы шындықты ашық айту керек

- Уәлихан Сейділдәұлы, әңгімемізді бүгінгі таңда еліміздегі ғылым мен білім сала­сындағы жетістіктерден бастасақ. Қазіргі қазақ білімі мен ғылымының деңгейі қандай?
- Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің, Білім және ғылым министрлігінің 2011-2020 жылдарға арналған стра­тегиялық дамуын бекіту туралы қаулы­сы бар. Бұл құжаттардың алғашқы кезеңін­де 2015 жылға дейінгі және екінші кезеңінде 2020 жылға дейінгі нақты стратегиялық бағыттар бел­гіленген. Осы бағыттар бойынша мем­лекетіміздің алға қойған мақсаттары - өте жоғары. Құжаттардың мазмұнына қарасақ, мұнда Қазақстан Республи­касының білімі мен ғылымын жоғар­ы халық­аралық деңгейге көтеру көздел­ген. Оның ішінде, әсіресе, еліміздің жо­ғар­ы оқу орындарын бүкіл дүние­­жү­зі тани­тын оқу орындарының қата­рына қосу. Бұл бағытта қандай мақсаттар қойылған десек, ол мақсаттар: кәдімгі халықаралық агенттердің талаптары, яғни біз өзіміздің университетімізді халықаралық деңгейге көтергіміз келсе, сол талаптарға сәйкес болуымыз керек. Білім және ғылым министрлігінің жүр­гізіп жатқан сая­сатының білімді да­мытуға арналғаны көрініп тұр. Бұл - Қазақстан универ­ситеттерін болашақ­­та Еуропа, Америка елдерінің алпа­уыт университеттерімен бәсекелестік­ке ұмтылдыру. Ал сол деңгейге жету үшін қандай жұмыстар істеу керек? Ол үшін біз өзіміздің уни­верситетімізді тізбектеп саты-сатыға бөлуіміз керек. Елбасы
Н.Назарбаев айтып кеткен 146 жоғары оқу орын­дарын сатылауымыз керек. Қазақстан заңдарына сәйкес ұлттық зерттеу университеті, ұлттық уни­верситет, зерт­теу университеті, мем­лекеттік уни­верситет, академиялар, институттар және орта білімді оқу орындары мен колледждерге бөлуіміз керек. Бөлу үшін де әр сатының өзінің талаптары болуы қажет. Ал қойылар талаптар халықаралық деңгейде жақсы анықталған. Мысалы, зерттеу универ­ситетінің талаптары өте жоғары. Оның ішінде қойылатын талаптарға ғылым мен білімнің тығыз байланыс­тылығы ғылыми-инно­ва­циялық өндіріске бейімделуі, студенттер мен мұғалімдер­дің ха­лық­аралық әдіс алмасуы, ғы­лы­ми жұмыстарының нәтижесін ха­лық­ара­лық дәрежедегі басылымдар­­да жария­лау, эндаумент және т.б. Осы ба­ғытта университет­терімізді сұрыптап және халықаралық деңгейге көтеріп, көш басын белгілеп алсақ, онда қалған университеттер са­лыстырмалы түрде өз орнын тауып алар еді. Бұл жерде Білім және ғылым министрлігіне артатын жауапкерші­лік және міндет өте биік.
Тәуелсіздігімізді алып, еңсемізді тіктегелі жиырма жыл болды. Осы уақыт ішінде біздің жеткен жетістігіміз не десек, ол сөзсіз білім дер едім. Бүкіл дү­­ниежүзіндегі халықтармен салысты­рар болсақ, қазақ елінің жастары өте білімді. Оған бірнеше рет көзім жетті. Жұмыс бабымен, бөлінетін гранттармен болсын бірқатар шет мемлекеттерді араладым. Ұстаз болғандықтан кәсіби қызығу­шылығыммен шет мемлекеттегі жоғары оқу орындарының оқытушы­ларынан бастап, есік алдындағы күзет­шіге дейін түгел дерлік дидарласып, емен-жарқын әңгімелестім. Егер шет мемлекеттерге ресми сапарлармен бара қалсаң, шетелдерде арнайы зертхана­ларын көрсетіп, жеткен жетістіктерін паш етеді. Ал мен арнайы уақыт бөліп, барлығын түгел аралағанды жөн көрдім. Соның арқасында қазақ жастарының білім деңгейінің жоғарылығын, біздегі бағыттың дұрыс екендігін аңғардым. Елімізде білім мен ғылымның өр­кен­деуіне барынша мән берілуде.
Академик Б.Жұмағұлов басқарып отырған Білім және ғылым министрлігі Елбасы Н.Назарбаевтың білім және ғылым туралы алға қойған барлық міндеттемелерін іске асырып келеді. Мәселен, былтыр ғана «Ғылым туралы» заң қабылданды. Ол заң барлық ғы­лымды қамтып, алдағы бірнеше жыл­дарға жол сілтеп, даму бағытын көрсетіп отыр. Бұрындары ғылымға бөлінген қаражат көңіл көншітпейтін. Мәселен, бөлінген қаражат қажетті құрал-жабдық алуға жетсе, ғылымға жетпейтін. Ал қазір елімізде халықаралық деңгейде жабдықталған мемлекеттік лабора­ториялар, инженерлік лабораториялар құрылды. Айта кету керек, ғылымға бөлінген қаражат өркениетті мем­лекеттердің деңгейімен бірдей болып, тіпті бізде бар бағдарламалар кейбір елдерде жоқ. Сондай-ақ ғалымдар ара­сында гранттар, өркениетті елдердегіден кем түспейтіндей қаражат та бөлінеді. Мысалы жыл сайын бөлінетін 200 жо­ғары оқу орнының үздік оқытушы гранты бар. Әрине, бұл тұрғыда мол қа­ражат бөлінгендіктен, жауапкерші­­лік те зор болуы тиіс. Егер арнайы грантты жеңіп алған ғалым ғылыми жаңалығы үшін жұмсалған қаржыға дұрыс есеп бере алмаса, онда келесі жолғы гранттық байқауларға қатыса алмайды. Сол себепті ғалымдар өз ісіне жауапкер­шілікпен қараса, сапа жақсара түсер еді. Ғалымның ашқан жаңалығы, ғылыми жобасының маңыздылығы мен өзекті­лігі болмаса, олар беделді ғылыми басылымдарда жарияланбайды. Яғни нәтижесі болмайды. Ал соңғы жылдары «Болашақ» бағдарламасына да мемле­кет тарапынан үлкен өзгеріс енгізілді. Бұл біздің мемлекетіміздің өсіп, келешегіне үміт артып отырғанын байқатады.

29.05.2012 "Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық күнделікті газет

Тамсандырған түлектер

Қазақстанның білім беру ісіндегі жетекші оқу орны саналатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Түлектер күнін» мамыр айының соңғы сен­бісінде тойлайды. Дәстүрге айнал­ған ҚазҰУ түлектерінің күні биыл 26 мамыр күні өтті.


25.05.2012 "Президент және халық" республикалық саяси-қоғамдық газет

Білімнің шыңын бағындырғың келсе…

25-Мамыр, 2012 | 2 рет оқылған

Қазақ ежелден атақ пен данқ қумаған, жері қандай дар­хан болса, жүрегі де сондай дархан халық. Ғасырлар бо­йы тарихтың тұңғиық қатпарынан бойына ізгі қа­сиет­терді жинап, тереңге тамырланған баба дәстүрін ұр­пағына аманаттап келеді. ХХ ғасырдың басында Ал­ма­ты қаласында құрылған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық уни­верситеті бүгінде ғылым-білімнің киелі қара ша­ңы­ра­ғы­на айналған.

Елбасы өзінің кезекті жол­да­­уында: «Болашақ жастардікі», деп мәлімдеген болатын. Сон­дық­тан болар ҚазҰУ ректоры, ака­демик Ғалым Мұтанов уни­вер­ситеттегі үздік, белсенді жас­тарға қолдау таныту мақ­сатында студенттердің ғы­лы­ми-зерттеу жобалары үшін грант­тар бөлінетінін, оқуда озат, әлеуметтік жағдайы тө­мен студенттерге қолдау ре­тін­де атаулы шәкіртақылар та­ғайындау саны артып келе жат­қа­нын айтқан.


25.05.2012 "Президент және халық" республикалық қоғамдық-саяси газет

200-орынға жоғарылады

25-Мамыр, 2012

Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерт­теулеріне сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситеті үздік секіріс жасап, дүниежүзі деңгейіндегі уни­верситеттер көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде әлем­дік топ-университеттер рейтингісінде 200-орынға жо­ғарылап, 401-ші орынды иеленіп, 401-45 дәрежеге ен­ді. Бұл ретте, ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ор­таң­ғы бөлігіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш уни­верситет болып табылады.