- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
21.05.2012 "Адырна" ұлттық-этнографиялық порталы
Тарихтың тың деректерін оқырманмен қауыштырды
Қазақ тарихындағы тың деректер көпшілікке ұсынылды. 18 мамырда Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің Е. Бекмаханов атындағы дәрісханасында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы Болатбек Нәсеновтың қазақ тарихының өзекті мәселелеріне қатысты 23 кітаптан тұратын ХVІІІ томдығының тұсаукесері өтті.
20.05.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
18.05.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін Шәкәрім атындағы Семей университетінің құрметті профессоры Болатбек Нәсеновтың қазақ тарихының өзекті мәселелеріне қатысты 23 кітаптан тұратын XVIII томдық еңбегінің тұсаукесері өтеді.
16.05.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының негізгі трендтері талданды
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының негізгі трендтері талданды Кеше Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Қазақстан 2020 – негізгі трендтер мен даму келешегі» атты жыл сайынғы мұстафиндік саясаттанулық оқулар шеңберіндегі республикалық ғылыми-теориялық конференциясы болып өтті.
16.05.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет
«Өмірдастан» – түлектердің тартуы
Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын, 1971 жылы, сол кездегі С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бір топ жас оқуға түскен еді. «Болашақта қаламы жүйрік қаламгер болсам» деген армандары бір арнада тоғысқан 17-18 жасар өрімдей жастар бес жыл бір шаңырақта білім алып, қолдарына дипломдары тиген соң, әрқайсысы әртарапқа үкілеген үміттерінің жетегінде кете барды.
16.05.2012 "Дала мен қала" республикалық қоғамдық-саяси газет
БІЛІМ ЭКОНОМИКАСЫ – ҒАЛАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕГЕУРІНДІ ТЕТІГІНЕ АЙНАЛДЫ
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ғылым мен білімді дамытуға зор көңіл бөлінгені мәлім. Өйткені, ЮНЕСКО болжамы бойынша, ХХІ ғасыр білім ғасыры болып табылады. Бүгінде «білім экономикасы» ғаламдық дамудың тегеурінді тетіктерінің біріне айналды. Бәсекелестіктің жаһандық индексіне енген 135 шарттың 8-і тікелей білім беруге қатысты. Сондықтан да ертеңін ойлаған елдер саланы өркендетуге жете мән беріп отыр.
16.05.2012 "Алматы ақшамы" республикалық газеті
Жаңа үйренген тілінде баяндама жасады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жер-біздің ортақ үйіміз» атты студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Оған Қытай, Түркия, Иран, Ауғанстаннан келген шетелдік тыңдаушылар және еліміздің сегіз жоғары оқу орны мен үш колледж студенттері қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты – шет елден келген тыңдаушыларды ғылым жолына баулып, дұрыс бағыт-бағдар беру.
16.05.2012 "Қазақпарат" ақпараттық агенттігі
15 Мамыр 2012, 16:43
НР компаниясы Орталық Азияданың жоғары оқу орындарындағы алғашқы өкілдігін ашты
АЛМАТЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен НР (Hewlett-Packard) компаниясы заманауи ғылыми-оқу орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойды.
26.04.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «100 кітап» апталығы өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 23 сәуір мен 3 мамыр аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2012 жылғы жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы болады.
26.04.2012 "Мәдениет" телеарнасы
Камал Смайылов туралы екі кітап жарық көрді
Алматыда Камал Смайыловтың 80 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген «Сан қырлы тұлға» және «Өнегелі өмір: Камал Смайылов» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Камал Смайыловтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін сериялық кітаптарға қаламгердің таңдаулы туындылары мен мақалалары, фотосуреттері мен мұрағат құжаттары енген, сонымен қатар қайраткердің көзін көріп, тәлім-тәрбие алған шәкірттерінің, замандастарының, көрнекті тұлғалардың естеліктері топтастырылған.