БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


21.02.2012 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

Ауғанстандық студент Мұқағали Мақатаев өлеңдерін жатқа оқудан бірінші орын алды

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» деп аталатын жыр мүшәйрасы өтті.

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған бұл шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Сағат Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер клубы ұйымдастырған болатын.


21.02.2012 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

18 Ақпан 2012, 12:36

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рухани байытатын жобаны қолға алды

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Рухы биік ел құлдырамайды. Ал, ел ертеңі - жастарға биік рухты қалай бере аламыз.

Бұл сұрақтардың жауабы үдесінен шығу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастарға, қоғамға ой салатын жоба жасады. Бұл ұсыныс «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталады. Кеше Алматыдағы аталмыш оқу ордасында оқу орнының студенттері мен оқытушылары бас қосып бұл жобаны талқыға салды.


21.02.2012 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

11 Ақпан 2012, 14:16

Алматыда ауған жастары Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысқа түседі

АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда 17 ақпанда Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» деп аталатын жыр мүшәйрасы өтеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде өтетін бұл шараны Сағат Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер клубы ұйымдастырып отыр.


21.02.2012 "Дала мен қала" республикалық қоғамдық-саяси басылым

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ТУРАЛЫ КІТАП

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жарық көрген «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсімі өтті.


21.02.2012 1 канал Евразия

Алматылықтар «Лебединое озеро» қойылымын тегін тамашалай алады

13 ақпан, 2012 - 16:32,

Бүгін сағат 18.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін «Лебединое озеро» балет қойылымын қала тұрғындары тегін тамашалай алады.


21.02.2012 "Дала мен қала" республикалық қоғамдық-саяси басылым

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА: САУАТТЫЛЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да құқықтық журналистиканың бүгінгі күнгі маңызды мәселелерін талқылаған жиын өтті. Басқосуға еліміздің Жоғары сотының төр­аға­сы Бектас Бекназаров арнайы келді.


09.02.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

Басым бағыт - басты бағдар

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің дамуының он басым бағытын, оның ішінде Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуін анықтады.

Жоғары білім беруді дамы­ту­дың әлемдік бағыттарына сүйене оты­рып, әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінде білім беру қызметін жаппай жаңа­шыл­дандыру қолға алынуда. Сонымен қатар білім берудегі басты назар құзыреттілікке аударылып, білім беру бағдарламаларының жо­балары жұмыс берушілердің та­лаптарына сай жасалуда.


02.02.2012 «Егемен Қазақстан» Республикалық газет

2 Ақпан, 2012

Жауапкершілікті түйсікпен түсінсек жөн

Биылғы Жолдау Елбасының дана саясаты мен мемлекетіміздің даму стратегиясының кемелді екендігін көрсетті. Білім үдерісінде тәрбие компо­нентін күшейту маңыздылығы туралы Президенттің тезисін ерекше қолдаймын. Біз қазақстандық қоғамды жаңартудың маңызды ресурсы жастарды тәрбиелеу болып табылатынын үнемі есте сақ­тауымыз қажет.

Өз елінің белсенді және жауапты азаматын, сондай-ақ қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыруда білім беру жүйесіне үлкен жауапкершілік артылады. Осыған орай, жоғары оқу орындары тек өз ісінің маманын дайындаумен ғана емес, сонымен қатар, жастар ортасында азаматтық қасиеттер мен патриоттарды тәрбиелеу үшін барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан жастарына жалпыұлттық тәрбие жүйесін қалыптастыруда алдымен педагогтар орны ерекше. Біздің басты мақсатымыз жастардың өмір жолын таңдауында елдің дәстүрлі тарихы мен мәдениетін, рухани және адамгершілік басымдықтарына барынша қолдау көрсету болып табылады. Біз қазіргі жастардың жаһандық әлемде, ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқанын және олардың барлық салада, тіпті идеологиялық көзқараста да керемет таңдау мүмкіндіктері бар екенін анық түсінуіміз қажет. Қазіргі таңда шынымен де жігерлі де қайсар жастардың бәсекесі жүріп жатыр. Бұл біздің еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді арттырады.


02.02.2012 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

02.02.2012 / 16:52

Алматыда брейн-ринг бойынша қалалық ашық турнир өтеді

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 4-5 ақпан күндері брейн-ринг бойынша «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ашық кубогы» қалалық зияткерлік турнирі болады.

Оны университеттегі студенттердің ғылыми қоғамы ұйымдастырып отыр. Бұл бәсекеге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ-Британ техникалық университеті, Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты және басқа да жоғары оқу орындары өз командаларын қоспақ. Онда Алматы қаласындағы оқу ордаларының 16 командасы «А» лигасында, ал өзге 32 команда «Ә» лигасында өнер көрсеткелі отыр.


01.02.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

Мерейлі белестер, қуатты кеңестер

01.02.12.
Қазақстан тәуелсіздігінің үшінші онжылдығы - дамудың іргелі міндеттерімен, оның нақты әлеуметтік бағдарымен көңілден шығады. Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің Жолдауында еліміздің тұтастығын, тұрақтылығын әрмен нығайтудың 10 бағдарын анықтап, дәйектеп берді. Бағдарларда әлемдік дағдарыс қысымынан шым-шымдап шығаратын және қоғамды жаңғыртудың әртарапты бағдардағы тетіктері нақты жүйеленген.