- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
01.02.2012 "Нұрастана" республикалық жастар апталығы
Жаһан ҚазҰУ-ға бас иеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылым саласындағы маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі, химия және химиялық технология факультетінде гидрофильді, яғни суда еритін полимерлер негізінде жұмыс істейтін нейрондық желілерді жасау қолға алынды.
30.01.2012 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
28.01.2012 / 15:46
Білім, ғылым саласын дамытуда Елбасы биылғы Жолдауда көп міндеттер қойып, үлкен сенім артып отыр - Бақытжан Жұмағұлов
АЛМАТЫ. 28 қаңтар. /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын биылғы Жолдауын талқылау өтті.
28.01.2012 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
28 қаңтар 2012 жыл
Нұртай ТОРМАНОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы халыққа арналған дәстүрлі Жолдауын ұжым болып тыңдадық. Жолдау алда келе жатқан дүниежүзілік тығырықтан шығу жолдарын және болашақта атқарылатын индустриялық-инновациялық бағдарламаны басты бағытқа ала отырып, стратегиялық даму жолдарын саралап, айқындап көрсетіп берді.
Президент еліміздегі жұмыссыздықты жою, әрбір отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, ауыл мен селоны жандандыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы шетелдерге жалға берген пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану сынды басымдық берілетін мәселелерді көтерді. Жолдаудағы 10 бағыттың әрқайсысының өзіндік орны бар. Осы айтылған бағдарламалардың ішінде бізге, яғни білім беру саласындағы ұжымдарға арналған мәселе, жастарға заманауи талапқа сай, әлемдік бәсекеге төтеп бере отырып, өмірден өзінің мамандығы бойынша орнынан таба алатын мамандарды дайындау болды. Ол үшін оқу үрдісіне білім және тәрбие берудің инновациялық технологиясын енгізу қажет деген мәселе көңілімнен шықты. Бүгінгі университетімізде өткізіліп жатқан «Білім беру қызметіндегі инновациялық және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» жайлы 42-халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция бүгінгі Жолдауға сәйкес келіп отыр.
28.01.2012 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
28 қаңтар 2012 жыл
Сапа – басты бағыт
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Білім беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Басқосуды ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтанов ашып, аталған іс-шараның жарты ғасырдан астам уақыт ұйымдастырылып келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ жиынға шақырылған шетелдік әріптестеріміз - Ұлыбритания университетінің профессоры Бенжамин Местел, Цукуба университетінің профессоры Лесли Ткач-Каваский баяндама жасады. Пленарлық мәжіліске жиналған қауым Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың баяндамасын интерактивті онлайн тақтасы арқылы тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Барлық баяндамалар «Хабар» телеарнасынан тікелей эфир арқылы берілетін Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басталуына дейін жалғасты. Сөйтіп, ҚазҰУ профессорлары мен оқытушылары Елбасының жолдауын мұқият тыңдады.
Жалпы, конференцияға 400-ден астам ЖОО-ның, алыс шетелдің (Испания, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия) және ТМД елдерінің ғылыми-зерттеу орталықтары мен қорларының өкілдері, Ломоносов атындағы ММУ мен РХДУ және қазақстандық жетекші ғалымдар мен педагогтар қатысты.
28.01.2012 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
28 қаңтар 2012 жыл
Қазынадан бөлінетін мол қаржы тиімді пайдаланылуы тиіс
Ұзатылған жылдың қорытындысы бойынша елімізде жан басына шаққанда ІЖӨ 11 мыңнан астам долларды құрады. Экономика 7,5 пайызға өскен. Ал халықаралық резервтеріміз 75 миллиард доллардан асып түскен.
Бір қарағанда аз көрінбегенімен, Алматы Инновациялық форумы аясында өткен ІІ Инновациялық конвент кезінде қала әкімі, Инновациялар мен жаңа технологиялар кеңесінің төрағасы Ахметжан Есімовтің сөзінен мемлекет қазынасынан бөлініп жатқан мол қаржының тиімді пайдаланылмай отырғанын ұқтық. «Кейде біз жұмысты ақырына дейін сапалы атқармай, сан қуып кетеміз. Қазақстанның 50 инновациялық жобасына Алматы қаласынан 19 жоба енген. 2004-2011 жылдары Даму институттары жалпы құны 46 миллиард теңгені құрайтын 14 жобаны қаржыландырды. Бірақ еліміздің ғылым және білім орталығы саналатын қала үшін бұл тым жеткіліксіз. Мемлекет бөліп отырған мол қаржы тиімді пайдаланылмайды» деді Ахметжан Смағұлұлы.
27.01.2012 «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
27 қаңтар 2012 жыл
Ғалымға құрмет
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, көрнекті ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымының докторы, профессор Майя Хежетдинқызы Шығаеваның 85 жасқа толған мерейтойына арналған шара өтті.
Салтанатты шараға ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, академик Нәдір Нәдіров және басқа да профессорлар мен биология саласының ғалымдары, университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Ғалымды мерейтоймен құттықтаған Ғ.Мұтанов: «Майя Хежетдинқызы – үлкен білім мен ғылымның иесі, қазақстандық ғылымның мақтанышы. Сіздің еңбегіңіз барлығымызға өнеге. Сіздің бойыңыз ұстаздық және адами жақсы қасиеттерге толы. Қашанда қара шаңырақпен байланысыңыз үзілмей келеді. Бұл университет ұжымына зор мақтаныш», – деп атап өтті. Өз кезегінде М.Жұрынов Майя Шығаеваға арналған ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың құттықтау хатын оқып, ғылым мен рухани әлемнің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ғалымға министрлік тарапынан алғысхат жолдады. Биология ғылымын дамытуда үлкен қадамдар жасаған, тек бұл ғылымды отандық емес, алыс-жақын көрші мемлекеттерде де кең насихаттаған Майя Шығаеваға деген шәкірттері мен замандастарының жылы лебіздері толастамады.
26.01.2012 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы Қазақстанның ғана емес Орталық Азиядағы инновациялық дамудың локомотиві бола алады.
Бұл туралы бүгін Алматы Инновациялық форумы аясында өтіп жатқан ІІ Инновациялық конвент барысында айтылды.
26.01.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Білім сапасы қайтсе артады?
Алдағы жұма күні «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты 42-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өз жұмысын бастайды.
Аталған ғылыми басқосу негізінен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық әдістеріне және білім сапасын көтеруге арналатын болады. Оған 400-ден астам жоғары оқу орнынан жетекші ғалымдар мен педагогтер қатысады. Оның ішінде ТМД елдері мен Түркия, Испания, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания сынды елдердің ғылыми-зерттеу орталықтары мен қорларының өкілдері бар.
26.01.2012 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
Алматыда ақпараттық технологиялар паркінде екінші инновациялық конвент өтуде
АЛМАТЫ. 26 қаңтар /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда инновациялық форум аясында «Алатау ақпараттық технологиялар орталығы» ақпараттық технологиялар паркінде екінші инновациялық конвент өтіп жатыр.
Ол Алматы қаласының ғылыми әлеуетін және ғылым мен өндірістің өзара байланысын көрсетуге бағытталған. Конвент кезінде Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму жобасы талқыланбақ.
25.01.2012 «Еуразия» бірінші арнасы
25 қаңтар, 2012 - 14:54
Ғалым М.Шығаева 85 жасқа толған мерейтойын атап өтті
Бүгін Алматыда ҚР ҰҒА және ҚР ЖМА академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор Майя Шығаеваның 85 жасқа толған мерейтойы аталып өтіп жатыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің деканы Тамара Шалахметова: «Майя Хажетдинқызы – мейірбанды жан, бірақ талапшыл ғылыми жетекші. Оның жетекшілігімен 7 докторлық және 42 кандидаттық диссертация қорғалды. Өзі – 330-дан аса ғылыми еңбек пен 10 монографияның авторы», - дейді.
Майя Хажетдинқызы Шығаева 1927 жылы 21 қаңтарда Ресейдің Астрахань қаласында дүниеге келді. 1949 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын ҚазКСР ҒА Микробиология және вирусология институтында қарапайым ғылыми қызметкерліктен бастап, директордың ғылыми орынбасарлығына дейін көтерілді.