- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
20.01.2012 «Жас қазақ» Ұлттық апталық
20 қаңтар 2012 жыл
ҚазҰУ-дың жаңа шыңы
QS World University Rankings агенттігі (Ұлыбритания) әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының кәсіби түлектер даярлауы негізінде жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізді. Аталмыш зерттеу мәліметі бойынша, ҚазҰУ әлемнің 700 жетекші университеті арасында 300-350 топқа еніп, 2011 жылғы көрсеткішті 100 сатыға көтерді.
QS рейтингінде Жұмыс берушілердің түлектер кәсібилігіне қанағаттануы ең маңызды көрсеткіштердің бірегейі болып табылатындығын ескерте кеткен жөн.
Зерттеу барысында сауалнамаға «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «ҚазМҰнайГаз», «Қазатомпром», «Ақтөбемұнайгаз», «Қазақмыс», «Самрұқ-Қазына», «Даму» қоры, «Инновациялық қор», «Kazyna Capital Management», «Microsoft Қазақстан», «Ел Арна», «Хабар», «Қазақстан Халық банкі», «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «KPMG», «ҒЗИ», Областық білім беру басқармалары және т.б. ірі ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.
Сауалнама қорытындысынан белгілі болғандай, Жұмыс берушілердің басым көпшілігі (75%) ҚазҰУ студенттерінің теориялық, тәжірибелік және кәсіби дайындығын жоғары бағалайды.
19.01.2012 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
19 қаңтар 2012 жыл
Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруымыз қажет.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
Болашаққа алып барар сенімді қадам
Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университетінің негізгі мақсаты - мүше-мемлекеттердің білім беру арқылы елдер арасындағы ынтымақтастық пен сенімділікті нығайтумен қатар, экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін басты қызықтыратын энергетика, экология, аймақтану, нанотехнология және ІТ - технология мамандықтары бойынша келісілген инновациялық оқу бағдарламаларының негізінде жоғары кәсіптік мамандарды дайындауды жүзеге асыру болып табылады.
Білім мен ғылымды біріктіруге мүмкіндік беретін - Зерттеу университетіне көшіп жатқан ҚазҰУ үшін ШЫҰ білім кеңістігіндегі магистранттарымыздың алған білімі, тәжірибелері оқу ордамыздың ғылымының жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік жасап отыр.
Қазақ Ұлттық университеті қазіргі кезде ШЫҰ университеті аясында «Экология», «Нанотехнология», «Аймақтану» бағыттары бойынша базалық жоғары оқу орны ретінде таңдалса, «Экология» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі болып табылады. Осы үлкен міндетті іске асыру мақсатында 2010 жылдың мамыр айында ҚазҰУ-де құрылған ШЫҰУ оқу орталығы білім кеңістігінде экология бағыты бойынша Ресей халықтар достығы университеті (Ресей), Оңтүстік-Орал ұлттық зерттеу университеті (Ресей), Сібір Федералды университеті (Ресей), М.Алдышев атындағы Ош технологиялық университеті (Қырғызстан), Тәжік аграрлық университеті (Тәжікстан), Ланьчжоу университеттерімен (ҚХР) нанотехнология бойынша Белгород мемлекеттік ұлттық-зерттеу университеті (Ресей), аймақтану бағыты бойынша Мәскеу лингвистикалық гуманитарлық университеті (Ресей), Бішкек гуманитарлы университеттерімен (Қырғызстан) келісімшартқа қол қойылып, магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдер жалғасын табуда, серіктес жоғары оқу орындарының саны өсуде.
18.01.2012 «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет
17 қаңтар 2012 жыл
Ауған жастары Абай өлеңдерін жатқа айтады
«Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Он шет ел тілінде сөйлесе тіпті жақсы, бірақ он шет тіліне орап, ана тілін тұншықтырып тастаса, ол – кешірілмес күнә. Сол себепті де,мемлекеттік тіл – ол біздің мемлекетімізді құлатпай ұстап тұратын мықты бір діңгек екенін ұрпақтарымыз біліп өсуге тиіс» деген еді Елбасы Н.Ә. Назарбаев.
ХХІ ғасыр босағасын аттаған тұста Тәуелсіздігін нығайту жолында Қазақстан халқы да басқа елдердегідей шұғыл өзгерістерді бастан кешіруде. Тәуелсіздік – Тәңір сыйы. Күнделікті өмірде, әлемде болып жатқан түрлі табиғат апаттары мен бодандықтың құрсауынан құтыла алмай жатқан елдердің тыныс-тіршілігін, тауқыметін көріп, Тәңір сыйлаған тыныш өмірімізгешүкіршілігімізді айтамыз. Азат елдің азаматы, еркін елдің ерке қызы болғанымыз үшін бақыттымыз. Тәуелсіздіктің тұғыры тілмен ғана берік болмағы хақ. Тәуелсіз мемлекеттің басты қағидасы – мемлекеттік тілді қастерлеу, құрметтеу. Ұлттық тілінен айырылған мемлекеттің болашағы қандай болмағы өзінен-өзі түсінікті. «ендеше, көкірек көзі ояу әрбір қазақ өз ана тілінде көркем сөйлеп, ата-бабаларымыз ардақтаған тіл байлығын келер ұрпаққа жеткізу азаматтық аманатым деп түсінуі тиіс. Ұрпақтан – ұрпаққа, бабадан – балаға жалғасқан ұлы мұра – ұлттың тілі. Оның мәртебесін көтеру – баршамыздың парызымыз.
18.01.2012 «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет
17 қаңтар 2012 жыл
Ел экономикасы үшін пайдалы пайымдаулар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, профессор Ғ.Мұтановтың ұйымдастыруымен белгілі экономист ғалым, Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Экономика институтының директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оразалы сәбденнің Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап шығарған 30 жылдан астам уақыт аралығында жазған еңбектерінің тұсаукесері болды.
О. Сәбден бүгінде республикамыздың ғылыми, саяси ортасында ғана емес, ТМД елдерінің жетекші, белгілі экономист ғалымдарының бірі ретінде де танымал. Экономика институтына басшылық етіп келе жатқан белсенді ғалымдар шоғырының көш басында тұрған ғалым. Автор аталмыш еңбектерінде Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуының консептуалды негіздерін талдап көрсете отырып, инновациялық экономикамыздың бәсекеге қабілетті стратегиясын жасау мен оны одан әрі дамыту мәселелеріне өзіндік көзқарасын баяндайды. Ол экономикалық манифест, әлеуметтік бағдарлы экономика тұжырымдамасын ұсынып отыр.
17.01.2012 «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газет
17 қаңтар, 2012 жыл
Қазақ тілі Қытайда да құрметті
Еліміз Тәуелсіздік алған жиырма жылда Президентіміз Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қолымыз жеткен қуаныштарымыздың бірі - тағдыр тауқыметімен шетел асқан қандастарымызбен дер кезінде тығыз байланыс жасап, олардың тарихи отанына оралуына және емін-еркін келіп-кетуіне мүмкіндік туғаны. Осы орайда қазақстандық ғалымдардың да шетел асып, тамаша тәжірибе жинақтауына мүмкіндіктер туды. Айталық, соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қытай Халық Республикасы Орталық ұлттар университетімен тығыз байланыс орнатып, сол университетке дәріс оқуға оқытушыларды жіберіп келеді.
Жақында Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетінің арнайы шақыруымен тәжірибе алмасуға барып қайттық. Бейжіңде орналасқан білім ордасында 1953 жылы қазақ тілі және әдебиеті мамандығы ашылса, 1971 жылы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы құрылған. 2004 жылы осы кафедраның негізінде қазақ тілі - әдебиеті факультеті болып дербес шаңырақ көтереді. 1979 жылдан бастап магистранттар, ал 1993 жылдан докторанттар қабылдап келеді. Қазір факультетте 183 студент, 15 магистрант, 9 докторант білім алуда Қазақстанның беделді оқу орындарымен жиі қарым-қатынас жасап, білікті мамандарын дәріс оқуға шақырып, өз студенттерінің білімін арттыруға жағдай жасап отырған факультет деканы Жаң Диңжиң - қазақ, түркі тілдері грамматикасы тарихының маманы. Қазақ тіліне жетік Жаң Диңжиң мырза әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін ең таңдаулы оқу орны деп білетіндігін, сол себепті Орталық ұлттар университет байланысты барынша нығайтуға ниетті екендігін білдірді.
17.01.2012 «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет
14 қаңтар, 2012 жыл
Халықаралық құқық кафедрасына 20 жыл толды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық құқық кафедрасының Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық құқық шеңберіндегі негізгі ғылыми оралық болып келгеніне жиырма жылдай уақыт болып отыр. Халықаралық құқық кафедрасының құрылу тарихы да Қазақстан тарихында елеулі бір орынға ие. Атап айтқанда, халықаралық құқық кафедрасының құрылуы Қазақстан Республикасының нақты егемендікке қол жеткізуімен тығыз байланысты.
Кафедраның тәжірибелі оқытушылары қазақстанда бұрын-сонды оқытылмаған жаң пәндерді дайындап, оқу үрдісіне енгізуде, олардың ішінде: «Еуропалық құқық», «ТМД құқығы», «Халықаралық жеке құқық теориясының негіздері», «халықаралық азаматтық іс жүргізу», «Халықаралық құқықтағы жауапкершілік», «Дипломатиялық және құқықтық консулдық құқықтың өзекті мәселелері», «халықаралық теңіз құқығы», «Континент ішіндегі мемлекеттердің құқықтық мәртебесі», «Халықаралық қылмыстық құқық», «Халықаралық қылмыстық іс жүргізу», «Халықаралық пентициарлық құқық», «Терроризммен халықаралық-құқықтық күрес» және т.б.
Қазіргі уақытта кафедра Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Комитеті, ҚР БҰҰ өкілдігі, ЕҚЫҰ өкілдігі және т.б. сынды түрлі халықаралық ұйымдармен тығыз ғылыми байланыспен ынтымақтасуда.
13.01.2012 «Ана тілі» газеті
12 қаңтар 2012
Ізденіс нәтиже береді
Мемлекетіміздің экономикалық көрсеткіштерінің жоғары дәрежеге шығуы ел ғылымының дамуымен тікелей байланысты. Ғылым мен техниканың өркендеуі студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру ісімен үнемі үндесіп жатады. Осыған орай келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, ойлау өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу – қоғам алдындағы борышымыз.
13.01.2012 «Егемен Қазақстан» республикалық жалпыұлттық газет
Кемел елдің келешегі – білім, білік, тәрбие
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: дәстүр және инновация
Біз ҚазҰУ бастаған тоғыз ұлттық университетке үлкен үмітпен қараймыз. Олар отандық жоғары білім берудің негізгі жон арқасы болулары тиіс.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Еліміздегі ордалы оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізі 1934 жылы 15 қаңтарда қаланды. Ол кезде биологиялық және физика-математика факультеттері қана жұмыс істеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін университеттің тынысы ашылып, жаңа бағытқа бет бұрды. 1991 жылы университетке ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби есімі беріліп және ұлттық университет деген атқа ие болды.
13.01.2012 «ҚазАқпрат» ұлттық ақпарат агенттігі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-лардың әлемдік рейтингісінде 300-350 орынға көтерілді
АЛМАТЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «QS World University Rankings» университеттер дамуының сапалық көрсеткіштерін бағалау бойынша әлемдік жетекші агенттігі жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша дүниежүзіндегі үздік ЖОО-лардың рейтингісін жариялады.
Аталмыш рейтингіде еліміздің ең көне оқу орындарының бірі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 300-350 ранг қатарына енді.
13.01.2012 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды
АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.