- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
13.01.2012 «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газет
Қытайда өнер көрсетті
ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлері Ланьчжоу және Хайнань провинциясында өткен студенттік фестивальге қатысып қайтты. Бұл шара Қытай Халық Республикасының Шанхай ынтымастық ұйымына төрағалығы шеңберінде «Тату көршілік және достық жылы» ұраны негізінде ұйымдастырылды. Негізгі мақсат - ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің өнерлі жастарын әлемдік сахналарда бір-біріне таныстыру, тәжірибе алмасу, болашақта тығыз қарым-қатынас жасау.
13.01.2012 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
06.01.12.
Қайраткер ғалым, ел азаматы
Қазақстан ғылымының қайраткері, ұлағатты ұстаз, ел патриоты, бүгінде сексеннің сеңгіріне сергек көтерілген академик Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің еңбек жолы мен ғылыми соқпағы - өзгелердікіне ұқсамайтын өзіндік өрнегі, өзіндік ізі бар, мәні де, маңызы да үлгі тұтарлық азаматтық жол.
13.01.2012 «Алматы ақшамы» қоғамдық саяси газет
5 қаңтар 2012 жыл
Студенттер жаңарған оқу ғимаратына көшті
Еліміздің ең үздік жоғары оқу орны саналатын әл-Фараби атындағыҚазҰУ-де жуырда қуанышты сәт орын алды. Бұған дейін байырғы 9 қабаттық жатақхана ғимаратында оқуға мәжбүр болып келген халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттері студенттері енді су жаңа ғимаратта орын алатын болады.
06.01.2012 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
06.01.12.
Қайраткер ғалым, ел азаматы
Қазақстан ғылымының қайраткері, ұлағатты ұстаз, ел патриоты, бүгінде сексеннің сеңгіріне сергек көтерілген академик Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің еңбек жолы мен ғылыми соқпағы - өзгелердікіне ұқсамайтын өзіндік өрнегі, өзіндік ізі бар, мәні де, маңызы да үлгі тұтарлық азаматтық жол.
1936 жылы Әзірбайжан Республикасының Нахичеван ауданындағы Кикач ауылынан Қазақстанға жер аударылды. Cталиндік зорлық пен зомбылықтың ащы дәмін татты, 4 жасында әкесінен айырылды, бес жасында ағасы Абдолла репрессия құрбаны болды. Бала Нәдір достық пен бауырмалдықтың да озық үлгісін көріп өсті. Қазақ елінің де жағдайы мәз емес еді. Соған қарамастан, қазақтың үлкені арқасынан қағып, ақылын айтты, кішісі ілтипатын көрсетті. 1948 жылы Жамбыл облысы Талас ауданындағы қазіргі Өрнекті ауылында онжылдықты қазақ тілінде тәмамдаған ол Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) химия-биология факультетіне оқуға түсті. Бітіргеннен кейін сол кездің талабы бойынша 1953 жылы Қаратауға барып химия пәнінен сабақ берген. 1956 жылы Нәдір Кәрімұлы В.И. Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасына қабылданды. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы «Химиялық реакциялардың тепе-теңдігі мен жылдамдығын танып-білу әдістері» деп аталған болатын. Бұл тақырып бойынша бірнеше ғылыми мақалалары одақтық дәрежедегі таңдаулы ғылыми журналдарда басылды.05.01.2012 «Алматы ақшамы» қоғамдық саяси газет
5 қаңтар 2012 жыл
Студенттер жаңарған оқу ғимаратына көшті
Еліміздің ең үздік жоғары оқу орны саналатын әл-Фараби атындағыҚазҰУ-де жуырда қуанышты сәт орын алды. Бұған дейін байырғы 9 қабаттық жатақхана ғимаратында оқуға мәжбүр болып келген халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттері студенттері енді су жаңа ғимаратта орын алатын болады.
Қарасай батыр мен Масаншы көшелерінің қиылысында орналасқан 5 қабатты ескі корпус толықтай күрделі жөндеуден өтіп, университет ұжымына жаңартылған күйде қайта ұсынылды. Аталған оқу корпусын университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Алматы қаласы кімінің орынбасары Серік Сейдуманов пен Алмалы ауданының әкімі Марат пірінбетовке өзі таныстырып шықты.
30.12.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
30.12.2011 «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет
Еселі еңбектің өлшеусіз бағасы
Желтоқсанның 22 жұлдызында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Болатұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының өкілдеріне мемлекеттік награда тапсырды.
Білім және ғылым вице-министрі тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, бүгінде білімге, ғылымға деген үлкен қолдауды атады. Осы орайда, жастарды тәрбиелеп, оқытуда сүбелі үлес қосып жүрген оқытушы-профессорлар құрамына ризашылығын білдіріп, марапаттарды табыстады. Атап өтер болсақ, «Құрмет» орденімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ардагері Валентина Исенгалиева, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Жоғары технология және тұрақты дамыту институтының директоры Серік Көмеков, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра профессоры Досмұхамед Кішібеков, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Лейла Ахметова марапатталса, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Надежда Гайнуллина, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті Хозе Қазыханов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мейірхан Әбділдин марапатталды.
30.12.2011 «Жас қазақ» Ұлт газеті
Студенттерге үлкен сый
29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттеріне арналған жаңа оқу ғимараттарының салтанатты түрде ашылуы болды.
Бұл іс-шараға университет ректоры, академик Ғалым Мұтанов, Алматы қаласының әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов және шетелдік компаниялар мен мәдени орталықтар, ҚР-дағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер жетекшілері, ғалымдар мен оқытушылар және факультет студенттері қатысты. Оқу ғимараттарының салтанатты ашылуында ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Жақында ғана ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік, ұлы тойдың жалғасы ретінде университет оқытушылары мен студенттері жақсы көңіл күйде жаңа ғимаратқа еніп отыр. Үлкен бір ғимаратта екі факультеттің орналасып бір кластерлік жүйеге еніп отыр десек болады», - деген пікірімен бөлісіп, сондай-ақ жиналған қауымды жаңа жылмен құттықтады.
29.12.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
16.12.2011 / 12:03
«Шетелдерде Қазақстанды «серпінді» идеялардың бастамашысы деп біледі - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов
АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ел Президенті алға қойған әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттерін құру жөніндегі маңызды мемлекеттік міндетті жүзеге асырумен айналысуда. Мемлекеттің айшықты мерейтойы қарсаңында бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне елдің жетекші жоғары оқу орнының ректоры, техника ғылымдарының докторы, академик Ғалым Мұтанов айтып берді.
- Ғалым Мұтанұлы, бүгінде жоғары білім жүйесінің алдына принципті жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Олар Сіздің жоғары оқу орнында қалай жүзеге асырылып жатыр? Университет ұжымы қандай табыстарға жетті?
- 2009 жылы қазан айында ҚазҰУ-дің акт залында лекция оқыған Нұрсұлтан Әбішұлы біздің университетті «жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі» деп атады. Елдің жетекші жоғары оқу орны ретінде біз Президент алға қойған ҚазҰУ-ды әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу университетіне айналдыру міндетіне бел шешіп кірістік. Қайта құру жоғары оқу орны қызметінің барлық саласын қамтыды.
Ең алдымен кешенді құрылымдық жаңарту жүргізілді. Факультеттер кластерлік тұрғыда қалыптастырылды, кафедралар ірілендірілді, материалдық және ғылыми-зертханалаық база нығайтылуда, ғылымды, инновацияларды және білім беруді дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Түпкі нәтижеге бағдарланған басқарудың озат әдістері, ағылшын тілінде оқыту, оқытудың барлық сатысында - бакалавриатта, магистратурада және PhD докторантурада жаңа білім бағдарламалары енгізілді. Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұшқырлығы, қос дипломды білім беру бағдарламалары белсенді дамытылуда.
Әлемдегі танымал жоғары оқу орындарымен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Айталық, «География және табиғат пайдалану» факультетінде ресейлік ғалымдармен бірлескен халықаралық энергия экологиясы кафедрасы ашылды, оңтүстіккореялық компания көпфункционалдық электрондық интерактивтік стенділер шығаратын инновациялық жобаны іске қосты. Корё (Оңтүстік корея) университетін тарту арқылы ультразаманауи медициналық орталық құру жобасын іске асыру басталды.
15.12.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
15 желтоқсан 2011 жыл
Жаһандық жаңалықтардан қалыс қалмауымыз керек |
Тәуелсіздікке жеткенімізге 20 жыл толды. «Осындай аз уақыт ішінде елімізде қоғамдық, экономикалық, саяси өмірімізде қандай өзгерістер болды, қандай табыстарға қол жеткіздік?» деп сын көзімізбен талдау жасап қарайтын болсақ, мақтанарлықтай жетістіктерге ие екеніміз әлемге аян.
Қазіргі таңда Қазақстанда Президенттік басқару заңды түрде қалыптасып, Елбасы Назарбаев әлем мойындаған Көшбасшыға айналды. Қазақстан 20 жылдың ішінде әлеуметтік, экономикалық, саяси дамудың сапалы жаңа кезеңдеріне батыл аяқ басты. Әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты жақсарып, ел экономикасы дамып, халықаралық деңгейде беделі артып келеді. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, яғни ел болашағы ғылым мен білімнің дамуымен тығыз байланысты. Осыған орай, 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» заң ғалымдардан жаңа технологияларды арттыруда аса белсенділікті талап ете отырып, әрбір ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының арасындағы байланысты нығайтып, сапалы мамандар дайындауды қарастырып отыр.Сонымен қатар Қазақстан ғалымдары әлемдегі ғылымы, экономикасы жақсы дамыған алдыңғы қатардағы елдермен байланыс жасай отырып, әлемдік ғылыми кеңістікке енуді мақсат етіп қойды. Оның басты себебі, біз жаhанданудан, дүниеде болып жатқан ғылыми жаңалықтардан қалыс қалмауымыз керек.
Елбасының білім мен ғылымды дамытуға қойған басты талаптарын іске асыру барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы алдына басты мақсат қойып, іске асырудың алғашқы қадамдарын бастап кетті. Университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың басшылығымен атқарылып жатқан жұмыстардың бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мәртебесін әлемдік деңгейге көтеру, сөйтіп, білім мен ғылым кеңістігінен Ұлттық-зерттеу университетінің іргетасын қалап, әлемдік кеңістіктен қомақты орынға ие болу.
Соңғы бір жылдың ішінде әлемнің 601 үздік университеттерінің арасынан 200-орынға көтеріліп,
401-дәрежеге ие болдық. Орта Азия континентінде осындай дәрежеге бірінші ие болып отырмыз. Университеттің беделінің көтерілгендігінің екінші куәсі, Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасынан бірінші болып
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның бастамасымен құрылған «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған ең тұңғыш университет деген құрметке ие болуы.