- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
24.11.2011 «Ана тілі» Ұлт газеті
24-30 қараша, 2011 жыл
Ғалымның таңдамалы еңбектері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, академик О.Сәбденнің 21 томдық «Экономика» таңдамалы еңбегінің тұсаукесері өтті.
Шараға университет ғалымдарымен қатар отандық белгілі ғалым-академиктер А.Қошанов, М.Баймұратов, А.Сатыбалдин, Ғ.Қалиев, Б.Рақышев, Э.Түркебаев, ЖОО-ның және ҚР ҒЗИ-дың басшылары, Алматы қаласының ғалымдары қатысты.
24.11.2011 «Жас алаш»
24 қараша, 2011 жыл
Бәсекеге қабiлеттi маман даярлауымыз керек
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң философия және саясаттану факультетiнiң аясындағы жалпы және этникалық педагогика кафедрасының тамыры тереңде жатыр. Өткен жылы кафедра өзiнiң 70 жылдық мерейтойын тойлады. Ең басты мақсатымыз – заманауи талаптарға жауап беретiн мамандар даярлау. Кафедра тек бiлiм берiп қана қоймай, педагогика мәселелерi бойынша ғылыми зерттеу орталығының да мiндетiн атқарып отыр. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасын педагогикалық идеялардың орталығы, қозғаушы күшi десек те, артық айтқандық емес. Бiлiм беру аса маңызды әлеуметтiк-мәдени құндылық десек, үлкен шығармашылық iзденiстi қажет ететiн осы шараны кафедра қызметкерлерi үлкен жауапкершiлiкпен атқарып отыр.
Мұғалiмдiк, ұстаздық қызметтiң мәртебесiн төмендетiп, беделiн түсiру бағытында бұқаралық ақпарат құралдары да, интернет де аянып қалып жатқан жоқ. Әсiресе, интернеттегi жауапсыздықпен айтылған, аты-жөнi жоқ материалдар мен мәлiметтер жалпы ұстаздардың бет-бейнесi мен беделiне нұқсан келтiруде. Бұл да жөнге келтiрiлуi тиiс шаралардың бiрi.
23.11.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
23 қараша, 2011 жыл
Ғалымның еңбегі еленді
«Жамбыл және ақындық поэзия», «Жамбыл және қазақ әдебиетіндегі дастандық жыр үрдісі» тақырыптарындағы зерттеу еңбектері мен ұлы ақын шығармашылығын кең насихаттауға және Жамбыл мұраларын жоғары оқу орындарында терең оқытуға қосқан зор үлесі үшін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлына жақында Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлық табыс етілді.
23.11.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
23 қараша, 2011 жыл
Журналистика факультетіндегі жылы кездесу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде дінтанушы, тарихшы, экономист, халықаралық дәрежедегі публицист Бақыт Рүстемовпен кездесу өтті. Бұл кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Ақпарат және байланыс министрлігінің қолдауымен өткізілді.
Кездесуді профессор, журналистика факультетінің деканы Есберген Алауханов ашып, қонақтың «жігітке - жеті өнер де аз» деген ұстанымды берік ұстанған азамат екенін айта келіп, автор туралы «Бақыт Рүстемов Президент Әкімшілігінің аппаратында жауапты қызметтер атқарған, жазу өнеріне экономика саласынан келіп қосылса да, 30 жылдан бері ел тәуелсіздігі жолында өнімді еңбек етіп келе жатқан журналистердің бірі» деген бағасын білдірді.
Бұл шараға еліміздің танымал шығармашылық адамдарымен қатар, әлемге әйгілі мәскеулік журналист Кипрас Мажейка да қатысып, Бақыт Рүстемовке өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында еліміздің бүгінгі таңда әлемдегі ірі мемлекеттердің қатарына еніп келе жатқанын да сөз етті. Қазақстанға келген сапарында елімізден үйренетін тұстары бар екенін де жасырмады.
22.11.2011 «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
22 қараша, 2011 жыл
Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері» атты студенттерге арналған екі күндік медиа-тренинг өтті. Жаңа медиа технологиялары жайлы қазақтілді студенттер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған медиа-тренингке іріктеуден өткен 25 студент қатысты.
Аталмыш тренингтің негізгі мақсаты – жаңа медианың мүмкіндіктерін студенттерге кеңірек таныстыру. Екі күнді қамтыған тренингте фото, аудио, видео өңдейтін бағдарламалар (picassa, audacity, videopad) әлеуметтік желілерін ұтымды пайдалану (twitter, facebook, gmail.com) блог жүргізу (kazjur.kz) жайлы келелі әңгімелер айтылды. Бұл мазмұнды шарада студенттерге дәріс жүргізуге MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жоба үйлестірушісі Дінмұхаммед Зиядин, «Қазақстан РТРК» веб-ресурстар бөлімі, қазақ редакциясының қызметкері Ербол Азанбек, «Мінбер» ЖҚО төрайымы Есенгүл Кәпқызы, журналистика факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қарлыға Мысаева арнайы шақырылды.
10.11.2011 «Ана тілі» Ұлт газеті
10-16 қараша, 2011 жыл
Қазақ телевизиясының энциклопедиясы жарық көрді
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің профессоры Темірбек Қожекеев атындағы дәрісханасында «Қазақ телевизиясы» көп томдық энциклопедиясының алғашқы 2 томының тұсаукесер рәсімі болды.
10.11.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
ТМД-да жоқ телеэнциклопедия
10 қараша, 2011 жыл
Жарты ғасырдан астам тарихы бар Қазақ телевизиясы өмірімізге ХХ ғасырдың өркениеті ұсынған жаңалық ретінде еніп, көпшіліктің көзайымына айналғаны рас. Күн сайын ел өміріндегі айтулы оқиғалардың бел ортасынан табылып, кең байтақ республикамызың түкпір-түкпірінен ең маңызды оқиғаларды көгілдір экран алдына тізілген көрерменіне қаз қалпында жеткізіп отырған телевизия шамалы уақыт ішінде әлемді жаулап қана қоймай, әр отбасының ажырағысыз серігіне айналды.
Өткен ғасырдың 60-жылдары телесаланың қоғамдағы орнын айшықтау тұрғысында «телевизия өнер ме, өнер емес пе?» деген мәселе төңірегінде мамандар арасында біраз пікірталас өрбіп, оған да нүкте қойылған-ды. Өйткені белгілі тележурналист Сұлтан Оразалы айтқандай, «Ол техникалық жағынан қиял жетпес мүмкіндіктерді ашып, көз ілеспес жылдамдықпен, адуынды қарқынмен жаңғырып, жаңа өнер ретінде бүгінгі күнге дейін адам баласы жаратқан өнер атаулының барша қасиетін бойына сіңіріп, жаңа тұрпатты өнер тудырып отыр. Ол - ұқсата білсе, ұлттың ұлы мұратына жетуіне орасан көмек беретін құдіретті құрал»
Бұлай тек айтуға ғана оңай. Әйтпесе ХХ ғасырдың туындысы телевизия үшін небары 1 минуттық ақпаратты дайындауға қаншама шығын, қаншама уақыт, қаншама ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетінін көрерменнің бірі білсе, бірі білмейді. Көрермен салтанатымен эфирде отырған жүргізушіні ғана көреді, сол салтанатты мазмұнына сай түрлендіріп, сәнін кіргізу үшін кадр сыртында қызмет ететіндердің төгілген маңдай тері, ұшан-теңіз еңбегі мен есімдері еленбей ескерусіз қалтарыста қала беретінінен хабарсыз.
10.11.2011 «Ана тілі» Ұлт газеті
10-16 қараша
«Ана тілі» аруы және «жігіт сұлтаны»
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында биылғы «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауларының ақтық сайысы өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған байқаулар биыл Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Аталған байқаудың ұйымдастырушысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіңнің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті мен Студенттер сенаты.
Байқау сәлемдесу, сұрақ-жауап, өз өнерін, сән үлгілерін көрсету сияқты кезеңдерден тұрды.
09.11.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
Кеше әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Студенттер сарайында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Ана тілі аруы», «Жігіт сұлтаны» байқауының ақтық сайысы өтті.
Байқауға қатысу үшін университеттен 700-ге жуық ұл-қыз өтініш білдіріп, олардың 90-ы екінші кезеңге өткен. Екінші кезеңде білімі мен өнері таразыланып, олардың ішінен 12 факультеттен 12 ару мен 12 сұлтан таңдалып алынды. Арулар қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, жәрмеңке өткізді. Жиналған қаражат жетім балалар үйіне арналған қайырымдылық шараларына жұмсалды. Ал жігіттер жағы қол күрес, арқан тарту сияқты спорт сайыстарына қатысып, өздерінің күш-жігерлерін көрсетті. Осылайша қыз-жігіттер ақтық сайысқа көп дайындықпен келгендерін дәлелдеді.
Байқау сайысы сәлемдесу, сұрақ-жауап, өз өнерін, сән үлгілерін көрсету сияқты бөлімдерден тұрды. Қатысушылар өздерінің өнерлерімен қатар, білім деңгейлерін де сұрақ-жауап бөлімінде анық көрсетті. Сұрақтар қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, әдебиет, мәдениетіне байланысты болды.
09.11.2011 «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
9 қараша, 2011 жыл
Қазақ телевизиясының энциклопедиясы жарық көрді
1999 жылы әлемде тұңғыш рет қалыңдығы 2200 беттен тұратын Телеэнциклопедия жарық көрген болатын. АҚШ, Ұлыбритания, Канада мен Австралия елдерінің ғалымдары бірлесе жүзеге асырған бұл бастаманы артынша жалғастырып алып кеткен ТМД елдерінің ішіндегі біріншісі біз болдық. Нақтырақ айтсақ, жарты ғасырдан астам тарихы бар Қазақ телевизиясының іргетасы қаланғаннан күні бүгінге дейін қызмет еткен тұлғалар есімі мен телерадио саласы терминдерін тізген «Қазақ телевизиясы» атты энциклопедиядық еңбек таяуда бізде де жарық көрді.
Кітап жобасының жетекшісі әрі идея авторы – филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық телевизия және радио Академиясының корреспондент-мүшесі, Құдайберген Тұрсын. Жарық көрген екі томдық еңбекте алфавиттік тізіммен қазақ телевизиясында маңдай тері, табан ізі қалған ардақтылардың есімдері, істеген істері қатталған.
Сағымбай Қозыбаев, филология ғылымының докторы, профессор:
– Негізі, энциклопедия шығару деген – ұлт болып жабылып жүзеге асырылатын үлкен жұмыс. Алайда сондай қиындығына қарамастан, Құдайберген Тұрсын жұртты жұмылдырып, өшкенді жағып, өлгенді тірілтерлік осы істі қолына алды. Бүгін міне, тұсаукесеріне келіп отырсыздар. Бұл әлі алдағы уақытта жалғасын табатын еңбек, себебі қазір екінші томдық К әрпімен тоқтады. Ендеше 60-қа келген ғалымға амандық тілеп, энциклопедияның қалған томдарын күтелік.