- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
09.11.2011 «Известия»
Телеэнциклопедия в память потомкам
09 Ноябрь 2011
В КазНУ имени аль-Фараби состоялась презентация двухтомника «Казахская телевизионная энциклопедия».
В телеэнциклопедии собрана исчерпывающая информация об отечественных телекомпаниях, популярных программах телевидения разных лет, а также сведения о видных личностях Казахстана, внесших вклад в развитие казахстанской тележурналистики. На страницах энциклопедии отражены также интересные факты о формировании данной отрасли СМИ в дальнем и ближнем зарубежье.
09.11.2011 "Страна и мир"
В год празднования 20-летия независимости Казахстана в КазНУ им. Аль-Фараби произошли изменения, которые в скором времени должны будут определить будущее старейшего вуза страны как одного из ведущих научно-исследовательских центров. Поставленная Главой государства Н.А. Назарбаевым задача по созданию университетов мирового уровня в первую очередь коснулась КазНУ, поскольку он является признанным флагманом отечественной системы образования. Для осуществления этого стратегического замысла в университете разработана программа, которая предусматривает коренную модернизацию всех направлений университетской деятельности. Цель модернизации – создание исследовательского вуза международного уровня. В связи с этим все запланированные изменения в структуре факультетов как основных учебно-научных подразделений, объединяющих различные кафедры, были проведены на основе кластерного принципа. Целью такой трансформации стало укрупнение кафедр и выведение факультетов на уровень отдельных вузов и научно-исследовательских институтов. Теперь факультеты получили возможность и право определять свои приоритеты и заключать договоры различного рода с другими вузами и институтами. Так, только с начала 2011/12 учебного года практически всеми факультетами были подписаны перспективные договоры о сотрудничестве. Например, филологический факультет заключил договор с институтом литературы и искусства имени М. Ауэзова и институтом языкознания имени А. Байтурсынова. При этом ректор университета выступает в качестве посредника и гаранта.
Создание крупных и конкурентоспособных кафедр послужит выполнению поставленной задачи, поскольку именно они есть главная движущая сила и основная учебно-научная структурная единица вуза как в его классическом варианте, так и в статусе исследовательского центра. Работа больших кафедр подходит под лозунг «Единство в многообразии» и включает в себя намного более широкий и перспективный смысл. Ведь крупная кафедра – это только часть масштабных, системных, реализуемых параллельно и одновременно трансформаций, призванных поднять на более качественный уровень деятельность всего университета. Но эта часть, безусловно, имеет ключевое значение. Решительному шагу, осуществленному руководством университета в начале учебного года, задало мажорный тон приятное известие о том, что КазНУ в мировом рейтинге улучшил свои позиции на 200 пунктов, заняв 402-е место. Кроме того, университет стал единственным вузом Казахстана, принятым в программу ООН «Академическое влияние», учрежденную по инициативе Генерального секретаря ООН Пан Ги Муна. Эти достижения, несомненно, зарядят особой энергетикой деятельность профессорско-преподавательского состава кафедр на формирование мощной научной школы с целью повышения их конкурентоспособности и результативности как структуры исследовательского вуза. Столь впечатляющий успех стал закономерным результатом работы всего многотысячного коллектива и нестандартной политики, проводимой ректором университета академиком Г.М. Мутановым. Он, как сильный руководитель, лидер новой формации и ученый с мировым именем, сумел увлечь всех своей убежденностью и вдохнул новую жизнь в работу всего университета.
На филологическом факультете, как и на других факультетах, произошли соответствующие изменения. Теперь этот факультет носит название факультета филологии, литературоведения и мировых языков. Под руководством декана профессора К.А. Абдезулы, опытного, грамотного и компетентного руководителя, объединение кафедр состоялось безболезненно и на разумной основе.
08.11.2011 "Президент және халық" Республикалық қоғамдық-саяси газет
Жасампаздық жылдары
2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке – бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл – Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» жарлығына сәйкес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жылы деп жарияланды.
«Тәуелсіздік – бұл болашақ ұрпақтарға қалдыру үшін көздің қарашығындай сақтайтын және нығайтатын біздің басты игілігіміз. Еліміз өзінің дамуының 20 жылы ішінде қол жеткізгеннің барлығы Тәуелсіздіктің арқасында келді және біз оны ешқашан ұмытпауға тиіспіз. Бұл – өткендегі жетістіктеріміз туралы айтуға ғана емес, бұл ертеңгі күнге сеніммен қарауымызға себеп» деп Елбасымыз атап көрсеткендей осы бір тарихи кезеңнің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екендігі баршамызға аян. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болғанымызға, еліміздің дербес мемлекет ретінде тұғырын тіктегеніне міне, биыл 20 жыл толды. 20 жыл уақыт өлшемімен салыстырғанда қас-қағым уақыт десек те, Егемендігіміздің іргетасын бекітуге себеп болған жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай.
Осы жиырма жыл ішінде еліміз еңселі мемлекет болып қалыптаса алды. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен иық теңестіретін дәрежеге жеттік. Біз қолда тұрған ядролық қарудан бас тарттық, сол арқылы әлем елдеріне, әсіресе, азулы алпауыт державаларға үлгі-өнеге көрсеттік. 2010 жылы ТМД мен Азия елдері арасында тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына жетекшілік еттік. Биылғы жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық еттік, 7-қысқы Азиада ойындарын өткіздік. Бұл да еліміздің әлемдік аренадағы абыройын, мәртебе беделін танытады деп ойлаймын. Тәуелсіздік бізге көктен түсе салған жоқ. Тәуелсіз ел болуды армандаған ата-бабаларымыздың, осы жолда құрбан болған талай тарландарымыздың қанымен келді. Қазіргі Қазақстан халқы, әсіресе жастарымыз Тәуелсіздікті толық сезіне ала ма?, – деген сұрақ қоятын болсақ, жастарымызға «Егеменді ел болу», «елін, жерін сүю», «Тәуелсіздік» деген ұғымдарды бойына сіңіру – ол аға буынның міндеті, борышы. «Тәрбие бесіктен басталады» дейді халық. Тәрбиенің ең бастысы: Отбасы – Отанды сүюге, адамгершілікті, еңбекқор болуға, өз Отанына, халқына адал қызмет етуге, сонымен бірге қазақтың әрбір ұл-қызына өз халқының тегін, тарихын білуге үйрету.
Еліміз осы атаулы мерекені жан-жақты мерекелелік іс-шаралармен атап өтуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына өз үлестерін қосуда. Осыдан 20 жыл бұрын дүниеге келген сәбилер, бүгінде тәуелсіз мемлекеттің құрдастары деп айтса да болады. Осы жастарға елдігіміз, ерлігіміз жайлы, Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш-жігер жұмсалғаны, еліміздің тарихында мәңгілікке аттары қалған, өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ұлт-азаттық көтеріліске шығып, тоталитарлық жүйенің темір құрсауын сетінеткен қазақ жастары жайлы, еліміз Егемендік алған жылдардан кейін жеткен жетістіктеріміз туралы тағылым беруді мақсат еткен үлкен іс-шара қазанның 21-інде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде өтті. Бұл «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» атты тақырыппен өткен іс-шараны университеттің халықаралық қатынастар, шығыстану факультетінің оқытушылары, студенттері бірлесе ұйымдастырып өткізді. Университетіміздің негізгі бағыты — студенттерімізге заман талабына сай сапалы білім беру, оларды өмірге баулу, сонымен қатар жас ұрпақты мәдениетті, ұлтжанды, патриоттық рух пен Отанға қызмет ету барысында рухани дүниесі бай азамат ретінде тәрбиелеп шығару. Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміздің, туған жеріміздің тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз керек. Осы бағытты ұстанған университет оқытушылары бұл іс-шараны ұйымдастыру барысында студенттерге патриоттық сезімді бойларына сіңіру мақсатын көздеді. Іс-шара барысында Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолында басынан кешкен қиындықтары, ел болып іргесін көтергеннен кейін жеткен жетістіктері жайлы фильмдер көрсетіліп, 1-2-курс студенттері оқытушылардың жетекшілігімен өздерінің дайындап келген баяндамаларын оқып, түрлі презентацияларын кеш қонақтарына көрсетті. Әсіресе, халықаралық қатынастар мамандығының 2-курс студенті Сағымбаев Серіктің «Қазақтың тегі, қашаннан бері жұрт болғаны туралы» мақаласындағы түрлі ғұламалар мен ғалымдардың еңбектерінен алынған «Қазақ Х ғасырдың ар жағында көп заманнан бұрын өзінің хандары болып, өзін-өзі билеген, ежелден қазақ атанған түрік жұртының бір тарауы екендігі, қазақ ХІІ ғасырдың аяғында әртүрлі түркі руларымен қосылып, көбейіп, тағы да бөлек жұрт болып, сыбайлас жұрттардың көбімен соғысып, бірде жеңе, бірде жеңіле келіп, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Ресейге бағынғаннан кейін еркінен айырылған жұрт екендігі» жайлы, және т.б көптеген тамаша ой-пікірлері көпшіліктің көңілінен шықты. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыз дүниеге келіп, кіндік кескен жері.
29.10.2011 "ҚазАқпарат"Ұлттық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 7 қараша Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2011 байқауының ақтық кезеңі өтеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дәстүрлі түрде жыл сайын өткізетін бұл шарасы биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.
Мақсат - мемлекеттік тілді дамыту; жастардың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына, рухани және жеке кемелденуіне жәрдемдесу; заманауи қыздар мен жігіттердің шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін дамыту; жастардың арасында салауатты өмір салтын, табиғи сұлулықты насихаттау.
«Байқауға қатысуға 700-ге жуық бозбала мен бойжеткен өтініш білдірген еді. Онда қатысушылардың интеллектуалды өресі, өнері, білімі сараланып, екінші кезеңде 90, үшінші кезеңде 26-сы іріктеліп алынды.
29.10.2011 "Алаш айнасы" Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
27.10.2011 "Айқын" Республикалық қоғамдық-саяси газет
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Зерттеу университетін қалыптастыру және оның Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына қосатын үлесі» атты халықаралық форум болып өтті. Шараның ұйымдастырушылары - Білім және ғылым министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ІGІP қазақ ұлттық мониторинг комитеті, қазақстандық KazSEE инженерлік білім беру қоғамы, Ұлттық инженерлік академиясы. Бұл форумға әлемнің 30 елінің 100-ден астам ғалымдар қатысты.
Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен Халықаралық форумды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтанов ашты. Ректор «Бүгінгі форум Қазақстанның 20 жыл ішіндегі қарқынды даму жолын саралап, Елбасымыз айқындап берген отандық ғылым мен білімді жаңа белестерге көтерудің бірден-бір шешуші жолы ғылыми-зерттеу университетін құру мен оны өркендетудің өзекті мәселелерін талқылауға арналады.
Осыдан жиырма жыл бұрын ғасырлар бойы аңсаған азаттығына қол жеткізген қазақ халқы өзінің тәуелсіз мемлекетін құрды, ал енді бүгін сол киелі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын қазақстандықтар мемлекетіміздің халықаралық дәрежедегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және ғылыми жетістіктерімен қарсы алғалы отыр. Бұл ерекше атап өтуге тұратын тарихи оқиға. Университетімізге Ұлы бабамыз әл-Фарабидің аты берілгеніне биыл 20 жыл толады» дей келіп, шараның маңыздылығын атап өтті.
Форумға арнайы келген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов: «Жаңадан қабылданған «Ғылым туралы» заңға тұңғыш рет зерттеу университеті деген ұғым енгіздік, бұл шара осы заң аясында күрделі бағытта алдағы атқарылар іс-шараларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Әлем бойынша зерттеу университеттерінің саны 5 пайыздан аспайды, яғни бұл қатарға ену оңай шаруа емес. Біз әлемдік зерттеу университеттерінің озық тәжірибелерін, дәстүрлерін жан-жақты зерттеп, өзіміздің жеке даму бағытымызды анықтап алуымыз қажет» деді.
Форумда алғаш болып құттықтау сөз алған SEFІ вице-президенті Хосе Карлос Квадрадо \Португалия\ Қазақ елін Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесімен құттықтай келіп, «Ғ.Мұтанов мырзаның «зерттеу университетіне» көшу бастамасы өте үлкен батылдық, бұл жолда зор табыстар тілеймін және бір баса айтқым келетіні, Еуропа елдерінің оқу жүйесіне көшу барысында оны толықтай көшіріп алмай, өздеріңіздің дәстүрлі озық тәжірибелеріңізді жетілдіре, әрі ұлттық ерекшеліктеріңізді ескере отырып, батыл қадамдар жасадыңыздар» деп өз ойын түйіндеді.
Британдық кеңес директоры Лина Милошевич «Әлемдегі ең озық зерттеулердің 9% біздің елдің ғалымдарының үлесіне тиеді, бұл салада АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеміз. Бұл бағытта Еуропа елдері мен Батыс Тынық мұхит аймақтары арасында үлкен бәсекелестік жүріп жатыр, біз зерттеу университетіне көшуге қадам жасап жатқан ҚазҰУ-ді әрқашанда қолдаймыз. Сонымен қатар Британдық кеңес ректор Ғ.Мұтановтың «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің достары» атты халықаралық клуб құру бастамасын құптайтындығын баса айтқым келеді» деп өзінің жылы лебізін білдірді.
Жапонияның Цукуба университетінің Теориялық және қолданбалы ғылымдар жоғары мектебінің директоры Ясуо Миаке өз сөзінде ең алдымен ҚазҰУ-дің әсем қалашығы және Қазақ елінің қонақжайлылығы ұнағанын және екі университет арасында студенттермен және әлеуметтік ғылымдар негізінде оқытушылармен алмасу үдерісі жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
Нидерландияның Техникалық университетінің құрметті профессоры Йохан Виссема өз ойын былайша жеткізді: «Қазақстанның білім беру саласы бүгінде өте қарқынды дамып келеді. Жаһандану дәуірінде барлық елдерде ең талантты әрі озық ойлы студенттер мен ғылыми әлеуеті жоғары мамандарға деген талас қатты белең алуда, бәсекелестік заңдылығы осыған әкеліп тіреуде. Зерттеу университеті «Үшінші буындағы университеттер» қатарына енеді, оның негізгі мінездемесі - іргелі зерттеулер мен пәнаралық зерттеулер жүргізу, ең бастысы, дәстүрлі ғылымнан гөрі зерттеу жұмыстары маңызды рөлге ие болады.
27.10.2011 Азия Монитор
В КазНУ имени аль-Фараби с успехом прошел международный форум по вопросам развития исследовательских университетов, который собрал более ста видных ученых и деятелей высшей школы из 30 стан мира, а также представителей международных организаций IGIP, IFEES, SEFI, COPEC, руководителей казахстанских вузов. Проведение столь масштабного мероприятия еще раз подтвердило ведущие позиции университета в стране и его высокий международный авторитет.
Втечение трех дней участники форума на пленарных и сессионных заседаниях обсуждали вопросы формирования и развития исследовательских университетов, академической мобильности студентов и преподавателей, инновационной деятельности, коммерциализации научно-исследовательских и опытно-конструкторских разработок ученых. Зарубежный опыт рассматривался через призму его применения на практике в вузах Казахстана, в частности, в КазНУ имени аль-Фараби.
Первым итогом проведения форума стало подписание соглашений о сотрудничестве КазНУ с Советом по исследованию в сфере образования и науки (COPEC, Бразилия), Высшим инженерным институтом Лиссабона (Португалия), Новосибирским государственным университетом экономики и управления НИНХ (РФ), Химическим исследовательским институтом университета Карачи (Пакистан).
Кроме того, с участием зарубежных гостей создан международный клуб "Друзья КазНУ им. аль-Фараби". Работа этого объединения, основанного на добровольном членстве, направлена на оказание содействия развитию университета, продвижению и укреплению его позиций в мировом научно-образовательном пространстве. Клуб будет также развивать эндаумент - привлекать средства для поддержки и осуществления образовательной, научной и инновационной деятельности вуза.
На первом заседании председатель клуба, ректор КазНУ Галым Мутанов поблагодарил иностранных коллег за поддержку и искреннее желание активно помогать университету в осуществлении поставленных целей. "Предложение стать друзьями КазНУ, влиться в его многотысячный коллектив, помогать ему и представлять его интересы нашло живой отклик у зарубежных гостей. Многие вступили в него и выразили готовность совместно работать", - отметил ректор.
Почетным председателем клуба друзей КазНУ избран Бакытжан Жумагулов, выпускник университета, возглавлявший его, а ныне министр образования и науки РК. Сопредседателями клуба стали Клаудио да Роча Брито - президент Совета по исследованиям в сфере образования и науки (Бразилия), Лусия Родригез - директор глобальной магистерской сети Колумбийского университета (США), Ханно Шаумбург - почетный профессор Гамбургского университета технологий (Германия), Хосе Карлос Квадрадо - президент Международной федерации обществ инженерного образования, президент Института современной инженерии Лиссабона (Португалия), Юрий Похолков - президент Национального исследовательского Томского политехнического университета, президент ассоциации инженерного образования России, Пак Ёнг Мин - президент компании Jipyung+2 International (Южная Корея).
На заседании клуба были озвучены мнения и предложения относительно его деятельности. Так, Ханно Шаумбург высказался за организацию и проведение встречи с руководителями ведущих компаний Казахстана с целью привлечения их к сотрудничеству и осуществлению совместных научных разработок. "Они должны стать друзьями и партнерами КазНУ. Мы готовы вместе с учеными университета встретиться с ними, обсудить вопросы и предложить свои разработки. Наука, инновации, производство и бизнес должны идти в одном направлении, помогая друг другу и принося благо обществу. Это веление времени и мировая практика", - подчеркнул он.
25.10.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
24.10.2011 / 19:10
Алматыда Синьхай революциясының 100 жылдығына арналған фотокөрме ашылды
АЛМАТЫ. 24 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әкімшілік ғимаратында жаңа Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен ықпал еткен ұлы көтеріліс - Синьхай революциясының 100 жылдығына арналған фотокөрме ашылды.
Көрменің ашылу салтанатына Университеттің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Алматыдағы ҚХР Бас консулы Ду Дэвэнь ханым, оқу орынының оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Көрмеге ұлы Синьхай революциясынан сыр шертетін және Қытай елінің дамуы мен оның бүгінгі жетістіктерін баяндайтын 60-тан аса фотосуреттер қойылған.
Шара барасында ұлы көтерілістің Қытай тарихында алған орны айтылып, оқиғаға шолу жасалды.
25.10.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
24.10.2011 / 19:38
«Даму» қоры мен Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды,
деп хабарлады Қордың баспасөз қызметінен.
Аталған келісім тараптардың қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес салаларда өзара тәжірибе алмасу, университеттің студенттері мен оқытушы құрамы үшін конференциялар, семинарлар, дәрістер және дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда өзара ынтымақтасу сынды бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді.
Келісімге қол қою рәсімінде «Даму» қорының басшысы Л.Ибрагимова жастар бизнесінің және жастарды еңбекпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасаудың өзектілігі жайында ақпарат берді. Сондай-ақ қор мен білім ордасының арасындағы ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарында тұрақты өзара қарым-қатынас орнағанын баса айтты. «Даму» қоры «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ-ымен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Жұмыс берушілер кеңесінің мүшесі, ал өз кезегінде университет Қордың әріптесі болып табылады.
21.10.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
20.10.2011 / 18:42
Алматыда «Анорганикалық заттар мен материалдардың бүгінгі химиясы мен технологиясы» атты халықаралық ғылыми конференция басталды
АЛМАТЫ. 20 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда белгілі ғалым, педагог, білім беру ісінің озаты, ҚазКСР ҒА академигі, Әбікен Бектұровтың 110 жылдығына арналған «Анорганикалық заттар мен материалдардың бүгінгі химиясы мен технологиясы» атты халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады.
Оған химия саласының отандық және шетелдік ғалымдары мен мамандары, ҚазҰУ-дің химия факультетінің студенттері қатысуда.
Екі күнге созылатын конференцияда химия ғылымы мен өнеркәсібі өзара әрекеттесуінің мәселелері, әлемдік тенденцияларға сай химия ғылымы мен анорганикалық материалдар технологиясының даму деңгейі, жаңа перспективалы материалдар алу, экологиялық мәселелерді шешу жолдары сынды өзекті тақырыптар талқыланатын болады.