- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
12.10.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
11 қазан, 2011 жыл
Маманданудың негізі бакалаврда қалануы тиіс
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғарғы мектебінде «Тәуелсіздік жылдарындағы бухгалтерлік есеп және аудиттің дамуы» тақырыбына еліміздің бухгалтерлік есеп пен аудит қызметін дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен мамандар қатысқан дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны ашқан кафедра меңгерушісі экономика ғылымының кандидаты, доцент Б.Б.Сұлтанова бухгалтерлік есеп пен аудитке елеулі еңбектерін сіңірген ғалымдарды жиылған жұртқа таныстырып өтті.
Алғашқы сөзді экономика ғылымдарының кандидаты, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің профессоры Қуантқан Кеулімжанов бастады. «Кеңестік дәуірде бухгалтер деген мамандық онша еленбейтін, - деді ол. – Экономистер олардан биік тұратындай көрінетін. Бірақ мен айтайын, бухгалтерден – экономист те, қаржыгер де шығады, ал экономистен бухгалтер шықпайды. Бухгалтерлік есеп өте ауыр, күрделі, қиындыққа төзуді, шыдамдылықты талап етеді». 55 жыл бойы экономика саласында аянбай еңбек еткен 83 жастағы ғалым өзінің тың ойларын ортаға салды. Студент жастарымыздың тіпті өнімнің өзіндік құны саналатын калькуляциялауды да білмейтінін және оқу үдерісіндегі кредиттік технология бухгалтерлік есеп мамандықтарын оқытуда қолайлы еместігін, қазіргі кездегі олқылықтарды бұрынғы кезеңмен салыстыруға келмейтінін алға тартты.
07.10.2011 "Заң" республикалық күнделікті газет
06.10.2011 16:49
Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ақын, публицист, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, әріптесіміз Аманхан Әлімұлының «Өткірдің жүзі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
07.10.2011 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет
ҚазҰУ-дың қарлығаштары
07.10.11.
«Еліміздің үздік магистранттары, бұл тек қаржылық көмек қана емес, сонымен қатар бұл еліміздің сіздердің бастамаларыңызға деген ерекше көзқарасының белгісі», - деген болатын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орындарының он магистрантына Президенттік стипендия табыс ету салтанатында.
06.10.2011 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
05.10.2011 / 18:18
Алғашқы Президенттік шәкіртақы иегері атану үлкен міндет жүктейді
АЛМАТЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алғашқы Президенттік шәкіртақы иегері атану үлкен міндет жүктейді. Бұл туралы Президенттік шәкіртақыны иеленген ҚазҰУ-дың қос магистранты Диляра Копытина мен Диана Бүрлібаева бүгін ҚазҰУ-де оқытушы, студенттермен кездесуі барысында айтты.
30.09.2011 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Магистранты КазНУ им. аль-Фараби стали обладателями именной стипендии Президента РК
АСТАНА. 30 сентября. КАЗИНФОРМ - Сегодня в Акорде Глава государства Нурсултан Назарбаев вручил Президентские (Назарбаевские) стипендии и нагрудные знаки десяти лучшим магистрантам республики.
На церемонии вручения Лидер нации отметил: «Каждый из вас показал себя талантливым магистрантом, вы своими серьезными достижениями доказали, что вы имеете право претендовать, поэтому продолжайте ставить перед собой высокие цели и добивайтесь. Мы будем целенаправленно помогать вам и всей талантливой молодежи нашей страны».
30.09.2011 "Экспресс-К" газеті
30.09.2011.
Первый среди лучших
Нуркен БЕГАЛИ, Алматы
Казахский национальный университет им. аль-Фараби стал первым и единственным среди вузов Казахстана участником программы ООН "Академическое влияние".
30.09.2011 "Жас қазақ" Ұлттық апталық
30.09.2011
Әлемдік деңгейдегі әріптестік
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған еліміздегіжоғары оқу орны
29.09.2011 "Ана тілі" ұлт газеті
29 қыркүйек
Елді тану - өзіңді тану
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.
29.09.2011 "Алматы ақшамы" газеті
Жоғары оқу орындарының жастары арасында талқылады
28-Февраль, 2011 | 25 рет оқылды
Айкерім РАИСҚЫЗЫ
Президент Н. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері кеше Бостандық ауданында бірқатар жиын өткізді. Республикалық ақпараттық-насихаттық топ құрамына орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, ҚР Парламент Сенатының және Мәжілісінің депутаттарынан тұратын 19 адам енген. Жалпы Алматы қаласы бойынша 80-нен астам кездесу өткізу жоспарланып отыр.
29.09.2011 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
29.09.2011 / 15:44
Әл-Фaраби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылды
АЛМАТЫ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны болып отыр. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі бүгін баспасөз хабарламасын таратты