БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


28.09.2011 "Вечерний алматы" газеті

ПОСТРОИМ БУДУЩЕЕ ВМЕСТЕ

В Казахстанском университете им. аль-Фараби состоялась встреча студентов с республиканской информационно-пропагандистской группой

С разъяснениями по Посланию Президента РК народу Казахстана перед студентами и преподавателями выступил Кайрат Айтекенов – председатель Комитета развития предпринимательства Министерства экономического развития и торговли РК.


23.09.2011 «Алаш айнасы»

23 қыркүйек 2011 жыл

«Қазақша сөйлесейік!»

Кеше еліміз қазақстан халқының тілдері күні мерекесін атап өтті. Мерекелік шаралар әр аймақтағы мекемелер мен білім ошақтарында жан-жақты жүзеге асырылды.

Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тілдер» апталығы аясында өткен «Қазақша сөйлесейік!» атты арнайы шараға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.


22.09.2011 «Алматы ақшамы»

«Алматы ақшамы»

22 қыркүйек, 2011 жыл

ҚазҰУ – әлемдегі ең үздік университеттер қатарында

Жақында Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес, ҚазҰУ үздік секіріс жасап, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде әлемдік топ-университеттер рейтингінде 200 орынға жоғарылап, 401-450 дәрежеге енді. Бұл ретте ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіне жақындаған.

QS рейтингі әлемнің 700 үздік университеті арасында жүргізілген еді. Бұл ретте ҚазҰУ бірінші рет бұл – рейтинг жүйесіне 2009 жылы да қатысып, 601-650 орынға табан тіресе, еліміз бойынша жоғары оқу орындары арасында бірінші орында. Қазір білімнің қара шаңырағы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 инновация» атты маңызды жоба жүзеге асырылып жатыр.


21.09.2011 «Алаш айнасы»

Бақытпен кездесу

Кеше әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің жатақханасына белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты Әдебиетшілер үйінің директоры Бақыт Беделханмен кездесу кеші өтті. Мазмұнды кешті факультетіміздің баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасының меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлы жүргізіп отырды.

Әуелгі сөзді бастап, кештің шымылдығын түрген ұстаз Бақыт Беделханның ақындық болмысынан, өмірдегі адамдық бейнесінен студенттерге аз-кем мәлімет берді. Қиғыр қылыштай өткірлігін өлеңдерінде де көрсетіп жүрген ақынның айтары көп екен. Жас журналистерге өзінің сыр суыртпақтаған ақын: «Бұрын біз студент болған жылдары КазГУ мен АГУ-дың арасында ерекше бәсеке болатын еді. Әсіресе өлең өлкесіне келген біз КазГУ-дың журфагында оқитын ақындарға келіп, олармен бірге жырдың көрігін қыздыратынбыз», - деп желкілдеген жастық шағына ойша сапар шеккендей болды.


21.09.2011 "Заң" республикалық күнделікті газет

21 қыркүйек 2011 жыл

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS топ-университеттер рейтингінде 200 орынға жоғарылады

Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес, ҚазҰУ үздік секіріс жасап, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде әлемдік топ-университеттер рейтингінде 200 орынға жоғарылап, 401-450 дәрежеге енді. Бұл ретте ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып табылады.


21.09.2011 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

19.09.2011 / 12:07

Алматыда тұңғыш жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің апталығы өтеді

АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «22 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні» мерекесіне орай 19-27 қыркүйек күндері әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде алғаш рет жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің апталығы өткізіледі.


19.09.2011 "Экспресс-К" газеті

Дотянуться до Сорбонны

Нуркен БЕГАЛИ, Алматы

По результатам исследования, проведенного британским агентством Quacquarelli Symonds (QS), Казахский национальный университет им. аль-Фараби менее чем за год поднялся на
200 позиций и вошел в ранг 401–450 университетов мира. Таким образом, КазНУ первым среди вузов Центральной Азии приблизился к топ-университетам среднего ранга.


19.09.2011 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси апталық

Қайрат ЖҮСІПОВ: Біз университеттің даму бағытының үш негізгі күшін анықтадық

Қайрат Жүсіпов - қашанда уақыт ағымымен ілесіп, өмір сапынан қалмайтын жандардың бірі. Оның өмір жолы қазақ елі тәуелсіздігінің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Қандай қызметте болсын, Отанына адал қызмет етуді түпкі мақсат етіп қойды.


19.09.2011 "Алаш айнасы" республикалық-қоғамдық саяси апталық

Компьютербастылық абырой ма, әлде қатер ме?

Бірнеше жыл бұрын Мұхтар Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» өлеңінің елді елең еткізгенін білеміз. Өлеңдегі ақсақалдан «неше балаңыз бар?» деп сұрағанда, ғылым қуған үш ұлын «бір жарым» деп айтуынан кереғар пікір туды. Бүтін бір бала санайтын ұлы өлеңде ұлтының техника саласына еңбек сіңіріп жүр, ал екеуі шетел асып, білім қуғандықтан, әкесіне жақпады. Ақынның «мониторкөз», «компьютербас» дегені, қазіргі қазақшаға шорқақ, шет тіліне жүйрік, ғылым мен техниканы игерген білімді жас болар. Міне – қайшылық. Техникаға еңбек еткен адам мен ақпараттық технологияны игерген адам – екеуі де нақты ғылым саласы емес пе? Мәселе – ғылымның тілінде емес, адамның білімінде. Ел дамуына ауадай қажеті де – техникаға жетік адам. Ел дамуының кілті де – сонда. Ендеше, дәл қазір біздің компьютербастыларға мұқтаж болып тұрғанымыз – шындық.


16.09.2011 «Жас қазақ» Ұлттық апталық

16 қыркүйек 2011 жыл

Үздіктер сапында – ұлттық университет

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті QS топ-университеттер арасында рейтинг бойынша 200 орынға көтерілді.

Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес, ҚазҰУ үздіктер қатарынан табылып, 401-450 дәрежеге енді. Бұл ретте ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш университет саналады.