БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


03.09.2011 «Экспресс-К»

Суббота, 3 сентября 2011 года

Студенты прохладной жизни

С наступлением нового учебного года в алматинских вузах вовсю идет расселение студентов по общежитиям. Как выяснилось, бытовые условия в некоторых альма-матер продолжают оставаться на пещерном уровне, кое-где, чтобы сходить в туалет, нужно отстоять приличную очередь, принять душ можно не чаще двух раз в неделю, а в комнатах отсутствуют розетки.

В КазНУ им. аль-Фараби расселение началось 25 августа, поэтому на 80 процентов процесс уже завершен. Этот вуз, надо отдать ему должное, в отличие от прочих создал своим постояльцам достаточно приемлемые условия: в секции из двух-, трехместных комнат есть туалет и раковина. Однако душ можно принимать пять раз в неделю, предварительно записавшись (два дня в неделю он закрыт на санобработку). Кстати, КазНУ – единственное место, где нас нормально встретили и все показали, не требуя разрешения ректората.– Студенты могут завозить в комнаты свои холодильники и телевизоры, – сказал плотник Дома студентов № 17 Рауан Есеркенов. – Электричество у нас бывает бесперебойно, и никаких дополнительных плат с жильцов не требуется. Кстати, одно из наших общежитий в прошлом году заняло первое место по республике! Единственное, что, может, не нравится студентам, это строгий запрет на распитие спиртных напитков (смеется). Пять лет назад в магазинчиках на территории студенческого городка перестали продавать даже пиво.


03.09.2011 «Алматы ақшамы» Республикалық қоғамдық-саяси газет

3 қыркүйек 2011 жыл

«Студенттік баспана» бағдарламасы іске кірісті

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай ҚР Білім және ғылым министрінің басшылығымен 2011-2015 жылдарға арналған «Студенттік баспана» бағдарламасы әзірленгені белгілі. Жаңа оқу жылында әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде осы бағдарлама аясындағы алғашқы жатақхананың тұсауы кесіліп, пайдалануға берілді.

Іргесі 1986 жылы қаланып, жалпы аумағы 10 мыңнан астам шаршы метр жерді қамтып жатқан №14 жатақханаға қайта күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін 493 млн. Теңге қаржы жұмсалды. Сөйтіп, жатақхананың қабырғасынан бастап, еденіне дейін қайта жөндеп шыққан «Еділ-Жайық» ЖШС инвестициялық құрылыс мердігер компаниясы ғимараттың сантехникалық, электро-техникалық құрылғыларын, жертөлесін түгел жаңалады. Нәтижесінде, жанға жайлы жатақхананың әрбір бөлмесі күнделікті тұрмысқа қажетті төсек орынмен, үстел-орындық, теледидар, компьютер сыныптарымен толық қамтылған. Сонымен қатар, бір мезгілде 64 адамға қызмет көрсететін 4 жуынатын бөлме, спорт залы және бар.


02.09.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

01.09.2011 / 17:54

ҚазҰУ-де жаңа оқу жылы дәстүрлі көшбасшылық дәрістермен басталды

АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әдеттегідей, биылғы жаңа оқу жылы да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылым және саясат саласының ең үздік өкілдері мен қазақстандық және халықаралық бизнес-бірлестік басқарушыларының көшбасшылық дәрістерімен басталды.

Студенттерге дәріс оқыған лекторлардың арасында ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Ақмарал Арыстанбекова, шығыстанушы ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ұлттық инжинерлік академиясының бірінші вице-президенті Нәдір Нәдіров, «КазЭкология» бас директоры Амангелді Сқақов, «Жалпы генетика институтының» директоры Лейла Жансүгірова, Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Ханкелді Әбжанов, ҚР Президент Аппараты баспасөз орталығының басшысы Валерий Жандаулетов, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Физика-математика орталығының» Бас директоры Тынысбек Қалменов, техника ғылымының докторы, академик Болат Мұқашев, философия ғылымдарының докторы, профессор Сағадат Бөлекбаев және тағы да басқа мамандар бар.


01.09.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

01.09.2011 / 16:44

ҚазҰУ бес мыңнан астам студентке жатақханадан орын береді - М. Нұрғазин

АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесінде орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №14 жатақханасы биыл күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді.

Студенттік баспанада университеттің халықаралық қатынастар, шығыстану факультеттерінің студенттері мен дайындық факультетінде оқитын шетелдік азаматтар тұратын болады. Жаңадан бой көтерген студенттер үйі жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың басшылығымен студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге байланысты 2011-2015 жылдарға арналған «Студенттік баспана» бағдарламасы әзірленгені белгілі. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұл бағдарлама өз міндетін бастап кетті.


01.09.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

01.09.2011 / 15:19

Жаңа оқу жылында жаңа кітапхана ашылды

АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Елбасының биылғы халыққа Жолдауында әлеуметтік жаңғыруды қоғам алдындағы мақсат ретінде қойды. Осы бағытта жоғары оқу орындарының рөлі ерекше.

Университеттер қаншалықты білімді, толыққанды бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын болса, соған байланысты қоғамымыз дамиды. Осы орайда оқу жылында студенттердің білім алып, ғылыми жұмыстарын жетілдіруге кітапхананың, оқырман залдарының білім нәрімен сусындауға келген жастарға тигізер пайдасы өте зор. Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшыларының қолдауымен ҚазҰУ колледжінің студенттеріне арналған ғылыми кітапханасының оқырман залы мен абонементі салтанатты түрде ашылды.


31.08.2011 «Казахстанская правда» Общенациональная ежедневная газета Казахстана

30 августа 2011 года

Главный политический ориентир

Принятие в 30 августа 1995 года Основного закона стало важнейшим событием в новейшей истории страны. Казахстанцы сделали осознанный выбор, подтвердили приверженность выбранному историческому пути развития и демократии.

Значение Конституции в том, что она утвердила и закрепила статус Казахстана как единой и неделимой части международного сообщества, объявив высшей ценностью права и свободы человека, создав условия для развития каждого казахстанца. Она дала возможность строить многонациональное, правовое, демократическое государство.

За эти годы Основной закон выдержал испытания временем, казахстанцы проявили свои лучшие качества – твердость духа, патриотизм, ощутили себя действительно единым народом.


31.08.2011 «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газет

Жастар – Елбасымен бірге

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Осыдан 16 жыл бұрын Сіздің басшылығыңызбен қабылданған егемен елімізді барша әлемге құқықтық, зайырлы және біртұтас мемлекет ретінде жариялады. Бұл тұрғыда Сіз «Егемен елiмiздiң мемлекеттiлiгiн, тәуелсiздiгiн, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бiрден бiр құжат— бұл Конституция» - деп осы тарихи маңызды құжаттың мән-мағынасын толығымен айшықтап бердіңіз.

Сіз қазіргі таңда Қазақстанның әрбір жас азаматы үшін еліміздің Конституциясында бекітілген барлық мүмкіндіктерді жүзеге асырудың кепілі болып отырсыз. Сіздің тәуелсіз еліміздің білікті жастарына артып отырған сеніміңізді аса жауапкершілікпен сезінетін жасампаз жас әрқашан жаңа бастамалар жанынан табылуға тырысады.


27.08.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

27.08.2011 / 19:00

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Корё университетінде 2015 жылы медициналық орталық ашылады

АЛМАТЫ. 27 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің базасында 2015 жылы көлемі 56 мың шаршы метрді құрайтын медициналық орталық салынады. Бұл кеше ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың Корея делегаттарымен болған кездесу барысында жан-жақты талқыланды.


27.08.2011 «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет

27 тамыз 2011 жыл

98 бап өз міндетін толық атқаруда

Қай мемлекетке болсын конституция басты құжат болып табылады. Оның беделі де, мазмұны да, қасиеті де ерекше. Қазақ елінің тарихында Қасым ханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысы... сияқты құжаттар ел бірлігінің мығым, болашағының жарқын болуына себеп болған. Ал тұңғыш рет 1924, одан кейін 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары Қазақстанда ата заң жазбаша түрде қабылданды. Өз тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел атанған Қазақстан 1995 жылы 30 тамызда өз Ата заңын қабылдап, сол заңның аясында елдігін нығайтып келеді. Шетелдік тәжірибеге тоқталсақ, Конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құқық­тар жөніндегі билль деген атпен қабылданған. Жаз­баша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген. Ал, Ұлыбританияда ешқандай конституция жоқ. Бірақ оның орнына төрт мыңға жуық заң бар. Өмірдің әртүрлі саласын реттейтін осы заңдардың топтамасын олар Конституция ретінде қарастырады. Сондай-ақ Араб, мұсылман елдері Конституцияның орнына шариғат заңдарына бағынады. Шариғат әр елдің жағдайына қарай бейімделеді.


27.08.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

26.08.2011 / 15:49

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық

АЛМАТЫ. 26 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстан халқы еліміздің Конституциясына сәйкес конституциялық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде қандай жағдайда болмасын әрекет ете алады. Бұл жөнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Асқат Даркенбаев ҚазАқпарат тілшісімен тілдесу барысында айтты.

А.Даркенбаев Қазақстан халқының конституциялық құқықтың субъектісі ретіндегі көрінісі 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 1 тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық» деп негізделгендігін алға тартады. "Елімізде Қазақстан халқының билікке араласуының негізі де осы норма болып табылады. Қазақстан халқының қандай негіздерде және қандай-әдіс-тәсілдер арқылы билік ісіне араласатындығы осы нормадан өрбіп одан әрі дамиды", -дейді ол.