- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
25.08.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
24.08.2011 / 12:05
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамының тамыз кеңесі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жаңа оқу жылын жаңа үлгіде бастаймыз. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының тамыз кеңесінде айтты.
«Биыл Елбасы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында әлеуметтік жаңғыруды қоғам алдындағы үлкен мақсат ретінде қойды. Осы бағытта университеттердің рөлі ерекше. Өйткені біз қаншалықты білімді, толыққанды бәсекеге қабілетті мамандар дайындаймыз, соған байланысты қоғамымыз дамиды. Қазір Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде толық жаңғырту үдерісі жүріп жатыр. Бүгінгі таңда әлемдік деңгейге лайық зерттеу университетінің үлгісін жасап болдық деп айтуға болады», - дейді Ғалымқайыр Мұтанұлы.
25.08.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
24 тамыз, 2011
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ұлттық зерттеу университетіне көшуге дайындық үстінде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат мәжілісінде кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындау байқауының нәтижесі жарияланды.
Байқаудың өтетіндігі туралы университеттің «Қазақ университеті» газетінде және «Казахстанская правда» басылымында жарияланған болатын. Байқауға қатысуға өтініш білдіргендердің арасында барлық қойылған талаптарға сай келген 120-дан астам үміткер қатысқан. Нәтижесінде бұрынғы 99 кафедраның орнына ірілендірілген 63 кафедра жасақталды. Орташа жас мөлшері 51 жасқа сай келеді екен.
Ректорат мәжілісінде байқау нәтижесі жарияланып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры мен кафедра меңгерушілері жұмыс келісімшартына қол қойған.
Өз кезегінде ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов жаңа оқу жылында жаңа қызметке тағайындалған кафедра меңгерушілерін құттықтап, қызметінен босатылған бұрынғы кафедра меңгерушілерінің табысты атқарған еңбектеріне алғыс білдіріп «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
25.08.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
23.08.2011 / 19:00
Ата заңымыз еліміздің тұтастығы мен амандығын және ұлтаралық татулығын сақтауымен құнды - С.Әлімбекова
АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қай мемлекетте болсын Конституция басты құжат болып табылады. Оның беделі, мазмұны, атқаратын міндеті де ерекше. Бұл жайында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті баспасөз қызметінің жетекші маманы Саягүл Әлімбекова ҚазАқпарат агенттігінің тілшісімен тілдесу барысында айтты.
«Өз тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел атанған Қазақстан 1995 жылы 30 тамызда өз Ата заңын қабылдап, сол заңның аясында елдігін нығайтып келеді. Ата заңда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Биыл 16 жылдығы тойланғалы отырған Ата заңымыз - мемлекетіміз бен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген сенім мен халқымыздың ауқатты тұрмысының, лайықты өмірінің кепілі. «Мемлекеттің құрылымын негіздеу, негізгі ережелерін анықтау» осы ұғымның бәрі ықшамдалып, басты құжат ретінде Конституцияда көрініс тапқан. Мемлекеттің құрылымы мен бірге адам және оның құқы туралы толықтай қамтылған бөлімдер Ата заңның құндылығын арттырып тұрғандай. Конституцияны бүкіл заңдардың төресі деп атаудың себебі де осында жатса керек. Ата Заңымыздың құндылығы да осы», -дейді ол.
23.08.2011 «Известия» газеті
Поспорили на славу
23 Август 2011
Представители десяти молодежных организаций Алматы обсудили насущные проблемы студенческой жизни на минувшей неделе в Казахском национальном университете имени аль-Фараби. Дебатный турнир на Кубок «Конгресса молодежи Казахстана» организаторы посвятили празднованию 20-летия независимости Казахстана.
В этом году ставшее уже традиционной мероприятие состоялось в непринужденной атмосфере – спикеры разместились прямо на лужайке, подкрепляя силы перед выступлением овощами и фруктами.
23.08.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
23.08.2011 / 14:33
ҚазҰУ-да бірінші рет ашық түрде кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындау байқауы өтті
АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат мәжілісінде кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындау байқауының нәтижесі жарияланды, деп мәлімдеді университеттің баспасөз орталығы.
Байқаудың өтетіндігі туралы университеттің «Қазақ университеті» газетінде және «Казахстанская правда» басылымында жарияланған болатын. Байқауға өтініш білдіргендердің арасында барлық қойылған талаптарға сай келген 120-дан астам үміткер қатысқан. Нәтижесінде университеттегі кафедра меңгерушілерінің саны 63-ті құраған. Орташа жас мөлшері 51 жасқа сай келеді екен.
Ректорат мәжілісінде байқау нәтижесі жарияланып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры мен кафедра меңгерушілері жұмыс келісімшартына қол қойған.
23.08.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
22.08.2011 / 11:26
Ұлттық зерттеу университетінде дәріс ағылшын тілінде оқылады - профессор М.Бүркітбаев
АЛМАТЫ. 22 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шет тілін үйретудің мобильдік оқытуын енгізуге байланысты халықаралық семинар өз жұмысын бастады.
Университеттің Экономика және бизнес жоғары мектебінде өтіп жатқан семинар жұмысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шет тілдері пәнінің оқытушылары және қазақстандық басқа да жоғары оқу орындарының мамандары, халықаралық сарапшылар мен лекторлар қатысуда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаевтың айтуынша, бүгінгі күні ағылшын тілін терең меңгеру қажет екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. «Бұл әсіресе, біздің университет үшін аса қажет. Себебі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында. Бұл ретте ағылшын тілі оқу үдерісінде жоғары маңызға ие болуы тиіс», - дейді ол.
22.08.2011 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Еліміздің жастары қоғамдық істерде белсенділік танытуда - студент
АЛМАТЫ. 20 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «ҚазҰУ қалашығында» «Қазақстан жастар конгресінің» кубогы үшін пікірсайыс турнирі өтуде.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға «Жас Отан» жастар қанаты, студенттік альянс секілді қаладағы көптеген жастар ұйымдары қатысып, студент жастардың құқығы, саяси көзқарасы, олардың әлеуметтік жағдайы сынды өзекті мәселелрді талқылауда.
Ұйымдастырушылар пікірсайысты жаңа бағытта, casual стилінде өрбітуде. Яғни пікірсайыс университет алаңындағы көгалда өтуде. Бұл жастардың өз ойларын ешкімнен жасқанбай, ашық алаңда өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, оған басқа да жастардың назарын аударуға септігін тигізбек.
«Қазақстан жастар конгресінің» Алматыдағы көшбасшысы Данияр Сүндетов посткеңестік елдердегі жастарға қарағанда біздің елдің студенттері қоғамдық істерге белсенді атсалысып жатқандығын айтады. «Мәселен Кеңес үкіметі тұсында жастар қатып қалған қағидалар бойынша жүрсе, қазіргі жастар ондай шеңберлерден шығып, өздерінің пайымдарын, түрлі интеллектуалды идеяларын жеткізіп, үн қатып жатады», - дейді Д.Сүндетов.
20.08.2011 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
ҚазҰУ-де «Қазақстан жастар конгресінің» кубогы үшін пікірсайыс турнирі өтеді
АЛМАТЫ. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ертең ҚазҰУ қалашығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан жастар конгресінің» кубогы үшін пікірсайыс турнирі өтеді.
Турнирдің ұйымдастырушысы «Қазақстан жастар конгресі», шараны қолдаушы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жастар ұйымының комитеті.
Ұйымдастырушылар пікірсайысты жаңа бағытта, casual стилінде өрбітпек. Қаланың үздік спикерлері еліміздің түйіткілді мәселелерімен қатар ел егемендігін алғалы бері жеткен жетістіктері мен бағындырған асуларды да тілге тиік етпек.
20.08.2011 "Қазақапрат" Ұлттық ақпарат агенттігі
ҚазҰУ-де шет тілін мобильдік оқытуды енгізуге байланысты халықаралық семинар өтеді
АЛМАТЫ. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылғы 22 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шет тілін үйретудің мобильдік оқытуын енгізуге байланысты халықаралық семинар өтеді,
деп мәлімдейді университеттің баспасөз орталығы.
Семинарды Қазақстандағы «Nokia» компаниясының қаржылай қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, электронды оқытуды дамыту қоғамдық білім қоры ұйымдастырып отыр.
19.08.2011 «Жас қазақ» Ұлттық апталық
№32 (344) 19 тамыз 2011 жыл
4 мыңдай грант иелендік
Мемлекеттік білім гранты негізінде оқуға түскісі келген талапкерлердің алаңдауы артта қалды. Біреудің бағы жанып, біреудің бабы озған кезеңде өз қалаған оқуына түсе алмаған түлектер үшін алда: қайдан білім алу, төлем ақысына саны мен сапасы да сай келетін білім ордасын таңдау сияқты сын сәті тұр. Студенттік жылдарының құр кетпей, таңдаған оқу ордасынан кәдеге жарар білім алу басты талап. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдаған жастар үшін қандай жағдайлар жасалынған? Бұл жайында жоғары оқу орнының оқу жұмысы жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Гүлнәр Балақаевамен әңгімелескен едік.
- Гүлнәр Тұлтайқызы, жасалған мониторинг нәтижесі бойынша ҚазҰУ Қазақстан жоғары оқу орындары арасында білім гранты бойынша көшбасшылық танытты. Өткен жылмен салыстырғанда қандай өзгерістер бар? Талапкерлерді қандай мамандықтар қызықтырды?
- Университет биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 4 мың грант иеленді, оның ішінде 2925 грант бакалавр сатысы бойынша мамандарды дайындауға арналса, 933 грант магистратураға, ал 143 PhD докторантураға бөлінді. ҚР Білім және ғылым министрлігі өткен жылмен салыстырғанда биыл магистратура мен PhD докторантураға грант санын екі еседей ұлғайтты. ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясына барлығы 8 мыңнан астам талапкер өтініш білдірді.