БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


11.06.2011 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

10.06.2011 / 18:32

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойды

АЛМАТЫ. 10 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротовты қабылдады.


10.06.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

09.06.2011 / 18:01

«Жоғары мектеп менеджменті» курсы ҚР жоғары оқу орындарын басқарудың мәнін айқындауға мүмкіндік берді - Ә.Іңкәрбекұлы

АЛМАТЫ. 9 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - ҚазҰУ-да өткен «Жоғары мектеп менеджменті» курсы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарын басқарудың мәні мен бүгінгі мәселелерін айқындауға мүмкіндік берді.

Бұл жайында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ Ғылыми бағдарламалар орталығының бастығы Әзберген Іңкәрбекұлы «Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында айтты.

Бұл курсқа 30 мамырдан бүгінге дейін еліміздің әр өңірінен келген 27 тыңдаушы қатысқан болатын.


10.06.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

09.06.2011 / 17:55

Мектеп менеджментін жақсартудың бір жолы - қағазбастылықты азайту - О.Дәрменов

АЛМАТЫ. 9 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ -Университеттер рейтингісін арттырып, әлемдік топ-университеттер тізіміне ену үшін жоғары мектеп менеджменті оңтайлы жүргізіліп, заманауи тәжірибелерді қолдану қажет.

Бұл жайында бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында айтылды.



09.06.2011 ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

09.06.2011 / 13:16

Алматыда ғылыми конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 9 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде VIII халықаралық «Материалтану және наноматериалдарға арналған перспективалық технологиялар, жабдықтар және аналитикалық жүйелер» атты ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

Конференция ҚР Білім және ғылым миннистрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Мәскеу Болат пен қоспа институты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен жапондық «Interactive Corporation» компаниясының ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Алқалы жиынның ашылуында академик, ректор Ғалым Мұтанов Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов атынан келген құттықтау хатын оқып, конференцияға қатысушылардың барлығына сәттілік тіледі.


09.06.2011 "Заң" республикалық күнделікті газет

Жастар тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөлген елдің болашағы қай кезде де жарқын болары анық. «Нұр-Отан» партиясының XIII съезінде Елбасы: «Болашақ қазақстандықты тәрбие­леу – мемлекеттің жастар саясатындағы басты мақсаты», – деп көр­сетті.
Жақында Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сара­йында Білім және ғылым министрлігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп өткізген «Қазіргі заман жас­тарына рухани-адамгерші­лік және патриоттық тәрбие беру: тәжірибе, мазмұн, даму болашағы» атты респуб­ликалық ғылы­ми-тәжірибелік конференция жұмысы да нәтижелі болды.


09.06.2011 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

Дарынды студенттерге шәкіртақы төлейді

09.06.11.
БТА Банкі «БТА-дан шәкіртақы» қайырымдылық жобасының аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойды.

Құжатқа Банк тарапынан басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов, ЖОО та­ра­пынан ректор Ғалымқайыр Мұт­анов қол қойды. Жобаның негізгі мақ­саты - Қазақстанның жоғары оқу орындарының дарынды студенттеріне ай сайын шәкіртақы төлеу, сондай-ақ БТА Банкінің «Әмбебап факультеті» білім беруге арналған кредиттеу бағдарламасы бойынша жеңілдіктер ұсыну болып отыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен жасасқан ынтымақтастық келісімшарты «БТА-дан шәкіртақы» жобасы аясында үшінші рет жүзеге асты. Осы секілді келісім Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен және 31 мамырда Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технология және инжиниринг университетімен жасалды. Аталмыш жобаға еліміздің әрбір ай­мағынан 29 қазақстандық ЖОО-ы қа­тысады деп жоспарланып отыр.


08.06.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистредің IV республикалық байқауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, Қазақстан Журналистер одағы, Бейбіт Құсанбек атындағы қоғамдық қор Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистердің IV республикалық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: журналист Бейбіт Құсанбектің шығармашылығын өнеге ете отырып, жас тележурналистердің шеберлігін шыңдау; Ұлттық тележурналистиканың дамуына ықпал ету; жас талаптардың жаңашылдығына жол ашу.


07.06.2011 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

Профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы» атанды

АЛМАТЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы (IGIP)» атанды,


07.06.2011 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

ҚазҰУ-дың 2-курс студенті Динара Қонарова «БТА Банк» шәкіртақсының иегері атанды

АЛМАТЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетінің 2-курс студенті Динара Қонарова «БТА Банк» шәкіртақсының иегері атанды.


07.06.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

7 маусым, 2011 жыл

Дизайнерлерді дайындайды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің Баспа ісі және БАҚ дизайныкафедрасынан сүйінші хабар жетті. Оқу орны алдағы оқу жылынан бастап, дизайнер мамандығы бойынша да маман дайындайтын болыпты. Білім және ғылым министрлігінен арнайы лицензия алып қойған факультет бұған дейін жалпы журналистика, баспа ісі, қоғаммен байланыс мамандарын даярлап келсе, ендігі жерде студенттер дизайнер маманы болып та шығады.

Сүйінші хабарды жеткізген аталмыш кафедра меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлының айтуынша, бүгінде мамандық бойынша оқу бағдарламалары әхірленіп, оқу сағаттары есептеліп, университет қызметкерлері қызу дайындыққа кіріскен.