
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов X Pujiang халықаралық инновациялық форумына қатысты. Аталған форумға әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар мен сарапшылар, саясаткерлер мен кәсіпкерлер қатысты.
Еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орнының ректоры «Бір белдеу – бір жол. Бірлескен ғылыми-білім беру жобалары – бастамаларды дамытудың негізі» атты тақырыпта сөз сөйледі. Қатысушылардың тарапынан үлкен қызығушылық байқалды. Сонымен бірге ҚазҰУ-дың IT технопаркі базасында Жаңа Жібек жолы университеттерінің Альянсын құру туралы да айта кетті. Оның басты өзегі грант бойынша алынатын суперкомпьютер болмақ.