- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі
Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі
|
||
|
Құрметті достар, Экономика және бизнес жоғары мектебіне қош келдіңіздер! Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі – бұл: 1949 жылы ашылып, 1963 жылы Алма-ата халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орын;жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен түлеп ұшатын 500-дан астам бакалавр, магистр және Ph.D. докторлары; 20 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты мен 10 Ph.D. докторын қоса алғанда кәсіби біліктілігі өте жоғары профессорлық-оқытушылық құрам; университеттің дәстүрлі болмысы мен оқытудың заманауи әдістерінің үйлесім табуы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы Экономика институтымен тығыз байланыста жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми мектептердің сабақтастығына студенттерді белсенді қатыстыру; еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген отандық ғалымдар, беделді мемлекеттік қызметкерлер, табысты кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ректорлары, атақты спортшылардың қара шаңырағы; қызықты іс-шараларға толы, мәнді әрі мағыналы студенттік өмір мен қолайлы кампус; тұрақты түрде жүзеге асырылатын халықаралық жобалар мен шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігі.
|