Әдістемелік бөлім
Әдістемелік бөлім бастығы к.х.н. доцентКумаргалиева Салтанат Шораевна
Тел: 377-33-52 немесе 377-33-30 (ішкі 1150) e-mail:Saltanat.Kumargalieva@kaznu.kz
|
Әдістемелік бөлім академиялық мәселелер жөніндегі Департамент құрамына кіретін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Әдістемелік бөлімнің міндеттері:
- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, ҚР БжҒМ нормативтік нұсқаулық құжаттарына, университет басшылығының бұйрық-жарлықтарына сәйкес білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне ат салысу;
- университеттің құрылымдық бөлімшелерінің (факультеттер, кафедралар) әдістемелік жұмыстарын кредиттік оқыту технологиясына сәйкес ұйымдастыру және үйлестіру;
- кредиттік оқыту технологиясының және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын, пәндердің оқу әдістемелік кешендерін, элективті пәндер каталогын әзірлеуде факультеттер мен кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыру;
- ұйымдастыру, бақылау жүйесін және студенттердің өзіндік жұмысын жетілдіру;
- оқу-әдістемелік сұрақтар бойынша университеттің оқытушы-профессорлар құрамына кеңес беру;
- факультеттер мен кафедраларда сапаны басқару жүйесінің талаптарын және ҚР МЖМБС (бағыттар және мамандықтар бойынша) талаптары мен нормаларын сақтауға бақылау жүргізу;
- бакалавриат мамандықтарын оқу әдебиеттермен қамтамасыз ету мониторингі (оқу -әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілмеген, ғылымның қазіргі талаптарына және білім беру технологиясына жауап беретін пәндерді анықтау);
- ҚР БжҒМ грифін иемдену үшін ҒӘК пен РБК арқылы шығаруда оқулықтардың/оқу құралдарының қолжазбаларын рәсімдеу бойынша әдістемелік кеңес беру;
- Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының Классификаторын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін зерттеу, жинақтау және енгізу, оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білімнің мәселелері бойынша конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.