- Негізгі бет
- Университет туралы
- Тарих
- 1961-1970 жылдар аралығындағы университет тарихы
1961-1970 жылдар аралығындағы университет тарихы
Бұл кезеңдерде ғылым мен техникада даму байқалды. Қазақстан жерінде Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет Ю.А.Гагарин ғарышқа ұшқан болатын.
Енді университет оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ЖОО-ның әлеуметтік инфрақұрылымын жаңа заманға сай жабдықтауды және халықаралық білім жүйесімен байланысты нығайту міндеттерін орындай бастады. Жаңа ғимараттар мен жатақханалар салына бастады. Механика-математика факультетінде Республика бойынша алғашқы есептеу орталығы ашылды.
Ғылым мен білімнің қайнар көзі, жастардың тұлғалық дамуының ордасы, асқақтық пен ұлылық белгісі, мемлекетімізде кадрларды дайындаудағы негізгі көшбасшысы, білім капиталының сарқылмас кені ҚазМУ университеті - студенттерге барлық мүмкіндіктерді қатамасыз ететін арнай кешенге айналды.