Бөлімдер

Ашық есік күндері

Құжаттар

Ашық есік күндері

Әр оқу жылының бірінші семестрінің соңында Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру даярлығы кафедрасында дәстүрлі түрде Ашық есік күні өткізіледі. Бұл шара барысында шетелдік студенттер өздерінің өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, орыс және қазақ тілдерін жарты жыл бойы меңгеру нәтижелерін таныстырады.

Биыл кафедрада Қытай, Корея, Иран, Түркия, Америка Құрама Штаттары және Жапониядан келген тыңдаушылар білім алуда. Оқу барысында олар өзара жақын араласып, тату достарға айналды.

Куратор-эдвайзерлердің жетекшілігімен ұйымдастырылған жарқын концерттік бағдарламаға кафедрада білім алып жатқан барлық студенттер белсенді қатысты.