Бөлімдер

Ашық есік күндері

Құжаттар

Ашық есік күні

Әр оқу жылының бірінші семестрінің соңында Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру даярлығы кафедрасында дәстүрлі түрде Ашық есік күні өткізіледі. Бұл шарада шетелдік студенттер өздерінің өнерлерін көрсетіп, орыс және қазақ тілдерін жарты жыл бойы меңгеру нәтижелерін көпшілікке таныстырады.

Биыл кафедрада Қытай, Корея, Иран, Түркия, Америка және Жапониядан келген тыңдаушылар білім алуда. Олар бір-бірімен жақын араласып, тату достарға айналды.

Куратор-эдвайзерлердің жетекшілігімен дайындалған жарқын концерттік бағдарламаға кафедрада білім алып жатқан барлық студенттер қатысты.