Бөлімдер

Құжаттарды қабылдау

Құжаттар

Құжаттарды қабылдау

 

I. Тілдік курстарға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі

1. Құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары

  • Диплом немесе аттестат – орыс немесе қазақ тіліне нотариалды куәландырылған аударманың 2 данасы;
  • Академиялық транскрипт – орыс немесе қазақ тіліне нотариалды куәландырылған аударманың 2 данасы;
  • Паспорт – орыс немесе қазақ тіліне нотариалды куәландырылған аударманың 2 данасы.

Маңызды: барлық құжаттар Қазақстан Республикасында аударылып, нотариалды куәландырылуы тиіс!

2. Паспорттық үлгідегі фотосуреттер (3×4)

Талапкер соңғы 6 ай ішінде түсірілген, ақ немесе ашық түсті фонда жасалған 2 түрлі-түсті фотосурет ұсынуы қажет.

3. Өтініш

4. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен жасалатын білім беру туралы шарт

5. Оқу ақысының 100%-ын төлеу

II. Шақыру хатын алу үшін қажетті құжаттар

  • Паспорттың көшірмесі;
  • Визалық сауалнама;
  • Визалық алымның төленгенін растайтын құжат (0,5 АЕК);
  • Білім беру туралы шарт;
  • Оқуға қабылдау туралы бұйрық.

Қазақстан Республикасына келген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Паспорт бөліміне келіп, келгендігі туралы хабарлау қажет.

Өзіңізбен бірге төмендегі құжаттарды алып келуіңіз керек:

  • паспорт көшірмесі;
  • виза көшірмесі;
  • мемлекеттік шекарадан өткені туралы мөрдің көшірмесі.

Біздің мекенжайымыз: «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы.

Байланыс телефондары:

Мамытбекова Ләйлә
+7 (707) 227-68-26

Нусретиллаева Ирада
+7 (707) 690-90-03